Еңбекке баулу. Тақырыбы: Аққала 1 сынып Сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы: Аппликация құрастыру. Аққала. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қалып үлгіні пайдалана отырып, аққала жасау жолын түсіндіру. Аппликация жайлы мағлұмат беру. 2. Оқушылардың шығармашылық, танымдылық қабілеттерін дамыту. Ой - өрісін кеңейту. 3. Қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемшілдікке баулу. Қолданылған әдіс - тәсіл : түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, АКТ қолдану. Жабдықтау: Қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім, қалып үлгі (шаблондар),мақта.

Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабаққа қажетті оқу құралдарын түгендеу. 2. Шаттық шеңбері ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Өткен сабақты қайталау:

  • балалар өткен сабақта біз қандай жұмыс атқардық?
  • қағаздан моншақтар жасадық
  • жасалған заттарымыз не үшін пайдалануға болады?
  • осы аталған мейрамдар қай кезде болады?
ІІІ. Жаңа сабақ: - Балалар сендер қысқы мейраммен, қысқы безендіру жайлы айттыңдар - одан басқа қыста біз не істейміз? - қысқы еңбек жайлы айта кетейікші? - қыс мезгілінің айларын атаңдар? - балалар біз ойындарды жақсы көреміз бе? - ойын түрлерін атаңдаршы? - ал қыста ойналатын ойын түрлері? -Тамаша балалар, ондеше біз бүгін сендер атаған аққала ойынына байланысты жұмысты қағаз жүзінде жасап көрейік? Сергіту сәті
  • қандайда бір қағазды, матаны немесе табиғи материалды қиып , қағазға жапсыруды аппликация дейді.
  • Осыған орай бейне таспаны қарап шығайық
  • Не жайлы айтылды?
  • Аппликация дегеніміз не болды?
  • Қандай заттарды қолдануға болады екен?


Практикалық жұмыс: - Балалар алдындағы құралдармен жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейікші? (оқушылар өз ойларын ортаға салады) а) Түсіндіру. - Қалып үлгіні пайдаланып ақ қағазға қойып ,сұлбасын сызамыз; - бөліктерді қиып аламыз; - Қиылып алынған бөліктерден аққала жасау үлгісін негізгі парақшамызға қойып, қарындашпен жапсыру орнын белгілейміз; - Бөліктерді қағазға желімдейміз; - мақтадан жасалған арнайы шеңберді алып, ортасынын ажыратамыз; - бір бөлігі бас киім болады; - екінші бөлігін төртке бөлеміз; -бұл жұмысымыздың соңғы бөлімі, дайын мақта шеңберінің бөліктерін аяқ , қол ретінде жапсырамыз; -мақта қиындысын алып, қосымша бөліктер ұлпа қарды жасаймыз; - Қарды тағы неден жасауға болады? ІV.Бекіту
  • Жасаған аққаланың қосалқы бөлшектерін түгендейміз;
  • Жұмысты аяқтаймыз;
  • Мына жасаған тамаша аққаламызға ат қояйық;
V Сабақты қорытындылау:
  • Біз нені үйрендік?
  • Аппликация деген не?
  • Қандай заттарды қолдандық?
  • Өз еңбектеріңе қандай ат қойдыңдар?
VІ. Бағалау
  • Сынып төрінде орналасқан көрмеге өз заттарыңды орналастырыңдар;
  • Өз сыныптастарыңның еңбегін бағалаңдар;
  • Несімен осы жұмыс саған ұнады?
Оқушылардың еңбегін бағалау, мадақтау, смайликтер жапсыру Балаларға, қонақтарға тілек




© 2010-2022