Разработка урока на тему Сын есімнің шырайлары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Райымбек ауданы

Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Кемелжанова Майра



Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайлары (қайталау сабағы).
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой өрісін, таным қабілетін, сөздік қорларын арттырып, сөз таптары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: тілді құрметтеуге, сүюге, белсенділік пен қызуғышылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіре жинақтау, көрнекілік арқылы ой түйіндеу.
Түрі: саяхат - сабақ.
Көрнекілігі: плакат, үлестірме қағаздар, карта, керуен.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылар жатқа айтады).
«Ақылы бар баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Намысты боп өссек біз,
Нағыз адам боламыз.
2. «Каллиграфия» бекеті (дәптердегі үлгіні орындаймыз).
А а Астана, Байтерек,Қазақстан.
3. Мәнерлеп оқу.
Көру диктанты.
Қазақ тілім - өз тілім,ана тілім,
Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым қазақ тілім.
-Балалар,біз бүгін қазақ тілі сабағында саяхатқа шығамыз. Саяхатта біз көп нәрсені көреміз.Түрлі кедергілерге тап боламыз. Солардың барлығын жеңіп,біз бүгін осы сабақта «Сөз таптары» еліне жетіп, саяхаттан көңілді ораламыз деп сенудемін.
1. «Зат есім» бекеті.
- Зат есім деп қай сөздерді айтамыз?
- Суреттерде не көріп тұрсыңдар? Осы сурет бойынша сөйлем құрап, зат есімдерді табыңдар.
2. «Сын есім» бекеті.
- Сын есім нені білдіреді?
-Қандай сұрақтарға жауап береді?
Тапсырма
а) алма (қызыл), жапырақ (жасыл), сия (көк).
-Сын есімдерге сұрақ қойып, нені білдіретінін айтып кетейік (түрін, түсін).
ә) үй (биік), ағаш (аласа),жіп (ұзын), (көлемін,салмағын).
б) Қарбыз (тәтті), пияз (ащы), (дәмін,иісін).
-Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. «Балалар әлемі» бекеті.
-Бұл жерде не сатылады екен?
-Киімдер,ойыншықтар,кітаптар, т.б.
Оқулықпен жұмыс. №397 - жаттығуды орындайық. (135-бет).
Семіз - арық
Жаңа - ескі
Қараңғы - жарық
Арзан - қымбат
Жуас - асау
Қою - сұйық
4. «Сөзжұмбақ» бекетіне де келдік.
Сөзжұмбақ арқылы тақырыбын табамыз.

С
Ы
Н
Е
С
І
М

1) Апта күні
2) Тамақ ішуге арналған бұйымдар
3) Туыстық атау
4) Орман жануары
5) Уақытты көрсететін зат
6) Сүттен жасалатын тағам
7) Білім беретін орын

-Біз демалып алдық. Енді №398 - жаттығуды орындайық. (135 - бет).
5. «Жұмбақтар әлемі»
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)

Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (сиыр)

Көкке шаншып құйрығын,
Келді шауып жүйрігім. (құлыншақ)

Енді осы төрт түлік атауларға қатысты сын есімдерді тауып жазайық.

Ала жүйрік
Сиыр сүтті Ат күрең
Мүйізді тұлпар

-Міне, балалар, біз «Сөз таптары» еліне саяхат жасадық.
-Саяхатымыз сәтті аяқталды. Біз барлық тапсырмаларды орындадық.
Елімізге аман есен оралдық.
Қорытынды:
-Сын есім деген не?
-Қандай сұрақтарға жауап береді?
-Сын есімнің қандай түрлері бар? (негізгі,туынды)

6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма беру: №339 - жаттығу.



© 2010-2022