Бағдаршам және көлік түрлері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала. Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру. Тақырыбы: Бағдаршам және көлік түрлері. Мақсаты: 1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. 2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. 3. Жолда жүру ережелерін меңгерту. Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы. Іс - әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті Ынталандыру. Сезімді ояту. Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу. Кел балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік Өлеңді бәрі бірге қайталайды. Ізденістер. Ұйымдастыру Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Ауыл педагогтері бағдаршамы бар үлкен даңғыл бейнеленген плакатты пайдаланады. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы - берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.
Ә.Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу. «Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны.
Жол түрлерімен (машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытқа бөлінетін жол, екікөшенің түйіскен жерімен) таныстырады, суреттен көрсетеді. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады. Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі. Дәптермен жұмыс: 1.Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату. 2.Суреттегі көлік түрлерін үш топқа (ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау. 3.»Суретте не артық?» дидактикалық ойын жүргізу. 4.Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстыру. Балалар тыңдайды.




Жауабын тыңдау.


Тапсырманы орындайды.

Суретке қарап, жолда жүру ережелерін құрастырады.


Жолда жүру ережелерін қайталайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды. Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта жауап алған білімдерін қорытындылайды: Сұрақтар: 1.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? 2.Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? 3.Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді? Сұрақтарға жауап береді, өздері қорытынды пікір жасайды. Мысалы: Жолда жүру ережесін сақтау керек. Сонда көлік қозғалысында да, көлік жүргізушіге де кедергі жасамайсың.



© 2010-2022