«Әліппе, саған мың алғыс!» тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Әліппе,саған мың алғыс!»

Мақсаты: оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Болашақта елу елдің қатарына қосылуға өз үлестерін қосатын білімді азамат дайындау.Отанын сүйуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі:Құрметті ұстаздар, ата-аналар,қонақтар,Егеменді ел болып керегеміз кеңейіп,елдік атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндеріңіз бүгінде бойларына жауапкершілік сезімі пайда болып,білім асуының белесінен аман-есен асып тағы бір жасқа есейіп отыр.Әліппе- бұл бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы.Бүгін сіздердің алдарыңызға шәкірттер Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп,өнерлерін ортаға салмақ.

Сахнаға Сиқыршы қыз келеді:

Ой,бүгінгі күн қандай тамаша!

Табиғат ан өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай.Қараңдаршы қандай әдемі,көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым маған бір ғажайып көрсетер ме екен? Қане, сиқырлы таяғым маған қандай қызық көрсетесің?

Жүргізушіге кездеседі.

Армысың,кішкентай сиқыршы?

Сәлеметсіз бе,апай? Мен сізді танымадым, мен өзі қайда келіп тұрмын?

Жүргізуші:Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «А»сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Келген екенсіз,онда мына жерге отырып,бірге тамашалаңыз.

Сиқыршы қыз:Рахмет сізге,менде көмектесіп тұрсам бола ма?

Жүргізуші:Әрине болады.Әзірше балалармен бірге болыңыз.

Біз бүгін барлық ғылымның атасы әліппені бітіріп қоштасқалы тұрмыз.Олай болса бәрімізге де қымбатты әліппені ортамызға шақырайық.

Хормен:Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе сөзі:

Армысыздар,жас достар,

Армысыздар ата-ана

Бүлдіршіндер балғындар.

Менің атым-Әліппе

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Анаң мене әкеңде.

1-оқушы: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы

2-оқушы:Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес,ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

3-оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.

4-оқушы: Алғаш хат танып сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

5-оқушы: Мен енді өзім оқып,өзім жазамын.

6-оқушы:Біз кітап оқуды,өлең жаттауды,сурет салуды,ән айтуды үйрендік.

Мұғалім:Балалар ,сиқыршы қыз сендерге жұмбақ жасырғысы келеді шешеміз бе?

Балалар:Шешеміз.

Сиқыршы қыз:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Сендер жұмбақты дұрыс тапсаңдар бір сөз шығуы керек.

Қане ,мұқият тыңдаңдар!

1)Әжеде бар,атада жоқ

Әтеште бар,көжекте жоқ. (Ә)

2)Мына доға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?(Л)

3)Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Оның атын біз жазған

Қайсы әріптен басталған.?(І)

4)Ата анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атауға зер салшы

Қайсы әріптен басталған?(П)

5)Пілде бар,шілде жоқ

Допта бар,шарда жоқ.(П)

6)Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бер, қасықта жоқ.(Е)

Сиқыршы қыз:Қандай сөз шықты? (Әліппе)

-Балалар ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?

(Ы.Алтынсарин)

-Балалар,сендер Әліппеден тағы не үйрендіңдер?

1-оқушы:Ережелерді айтып үйрендік.Мысалы Сөз дыбыстан құралады.

2-оқушы:Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.

3-оқушы: Дыбыстарды айтамыз,естиміз,әріпті көреміз.

4-оқушы:Кісінің аты-жөндері бас әріппен басталып жазылады.

5-оқушы:Жер су аттары бас әріптен басталып жазылады.

Мұғалім:Ал енді балалар, біз әріптер туралы тақпақтар білемізбе?

1-оқушы Алфавиттің

«А»тұрады басында,

2-оқушы: Әрқашанда

«Ә»тұрады қасында

3-оқушы: Байқадың ба?

«Б»тұрады үшінші

Ал осының сыры неде

Түсінші

1-оқушы :«А»деген ол аналар ғой ардақты,

2-оқушы: «Ә»деген ол әкелер ғой салмақты

3-оқушы: «Б»деген ол балалар ғой әдемі

Хормен: Біздің елде үшеуі де кәделі.

Мұғалім:Енді сендермен тапсырмалар орындайық.

1-тапсырма: «Буындардан сөз құрау»

2-тапсырма: «Сөздерден сөйлем құрау»

3-тапсырма: «Мақалды жалғастыр»

Туған жердей жер болмас

(Туған елдей ел болмас)

Оқу білім бұлағы

(Білім өмір шырағы)

Білекті бірді жығады

(Білімді мыңды жығады)

Оқусыз білім жоқ

(Білімсіз күнің жоқ)

Еңбек етсең ерінбей

(Тояды қарның тіленбей)

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар.

Енді оқушыларымыздың «Мұғалім ол біздің »әнін тыңдаңыздар.

Әліппе:Балалар сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар.Сонымен бірге қандай пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар:математика,дүниетану,ән сабағы,бейнелеу өнері,еңбекке баулу,ағылшын тілі.

Ендеше ,бүгін бізге «Математика»пәні қонаққа келіпті.

Математика: Ретіменен тізбелі,

Әрбір санды даралап.

Қайсың барсың бізге енді,

Айтып берер санамақ.

Әли: Бір дегенім-белдік,

Екі дегенім-ерлік

Үш дегенім-үзік

Төрт дегенім-түбіт

Бес дегенім-балта

Алты дегенім-алқа

Жеті дегенім-желкен

Сегіз дегенім -семсер

Тоғыз дегенім- тоқу

Он дегенім- оқу

4-тапсырма:«Ойнайық та, күлейік!»Логикалық тапсырма.

Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?(2)

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Жасырып ем бесеуін,

Қалды сонда нешеуі?(5)

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп бесеуін,

Тағы алдым бесеуін,

Алдым сонда нешеуін?(10)

Табақта үш алма,

Қолымда екі алма

Біреуін әжеме беремін,

Біреуін атама беремін,
Екеуін беремін,

Анам мен әкеме

Нешеуі қалады?(1)

Табақта бес өрік,
Қолымда бес өрік.

Қосқанда барлығы,

Болады неше өрік?(9)

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар,математика сен енді төрге барып жайғас.

Оқушыларымыздың биін тамашалаңыздар.

Әліппе:Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

«Ана тілі»атты әпкем бар,

Сендерді жетелеп әкетер.

Ортаға ана тілі шығады.

Сәлеметсіңдерме,балалар!

Бірге:Қош келдіңіз .Ана тілі.

Ана тілі:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің

Әліппе:Ал енді балалар мен қайтайын.Мені ұмытпаңдар.

Мұғалім: Міне балалар,осынша білім беріп,тақылдатып сөйлеткен, «Әліппемізбен» қоштасатын уақыт жетті.Енді білімімізді «Ана тілі»оқулығымен жалғастырамыз.Ал Әліппені құр жібермей,оған ән айтып берейік.

Ән «Әліппе»

Әліппе:Қош болыңдар.Сендерге көп рахмет.

Мұғалім:Қымбатты оқушылар,өз еңбектеріңмен алған білімдерің өздерің үшін де,еліміз үшін де,еліміз үшін де таусылмас қазына!Ата аналар,балаларыңыздың осындай дәрежеге жетуіне сіздердің де еңбектеріңіз көп.Сондықтан сіздерге рахметімді айта отырып,балаларыңыз жақсы азамат болып өссін деймін.

Қонақтарға сөз беріледі.



© 2010-2022