Әдебиеттік оқу Менің атым-Қожа. Жер ана

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мұғалімнің аты - жөні

Шабенова Жанат №18 орта мектебі №112 кабинет

1 «Б» сынып Оқушы саны:25

Күні

10.03.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.

Менің атым - Қожа. Жер - ана.

Сілтеме

Ана тілі пәніне арналған әдістемелік нұсқау

Жалпы мақсаты

Мәтінді түсініп оқу арқылы Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.Сөздердің бас әріптен басталуын түсіндіру.

Міндеттері

1.Тақырыпты өмірмен байланыстыратын мысалдармен ашу арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2.Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.

3.Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сто процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4.Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Күтілетін нәтиже

Кісі аттары, жер - су аттары бас әріптен басталып жазылатынын біледі.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың ережені түсініп оқуын меңгерту.

2.Мұғалімнің тапсырмаға бағыттап отыруы.

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының біліміне, білетініне сүйену.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

3.СТО арқылы сұрақтарды толық шешуге итермелеу.

Тапсырмалар

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

4 мин

Астана,Алматы,Ақтау болып топтарға бөлу.

Тренинг. «Менің атымның құпиясы»

Оқушылар қала атауларымен топқа бөлінеді.

Әр оқушы өз есімдерінің мағынасын айтып өтеді.

Ой қозғау

8 мин

1.Көмірдің пайдасы туралы не білесіңдер?

2.Мәтіннен адам мен қаланың аттарын теріп жазыңдар.

3.Кім? Кімдер? сұрақтарына жауап беретін 10 сөз жазу.

4.Не? Нелер? сұрақтарына

жауап беретін 10 сөз жазу.

Әр топ сұрақтарға жауап береді.

Ережені жатқа айтады

Жаңа материалды түсіндіру

8 мин

Ережені оқу,түсінік беру

Кісі аттарына, жер - су аттарына мысалдар келтіреді

«Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді көрсету.

Мәтіннің авторы туралы түсінік беру

Оқушылар фильмінің кейіпкерлері туралы білетіндерін айтады.

Қожаның бейнесін сипаттау.

Мәтінді мәнерлеп оқиды.

Мәтіннен бас әріптен басталған сөздерді табады

Мағынаны тану

8 мин

1 - топ.Қожаның шын аты кім? Ол өзіне неге көңілі толмады?

2 - топ. Қария Бейбітке не айтты?

Бейбіт неге таң қалды?

3 - топ. Бейбіттің ана -сының аты кім? Анасы оған не айтты?

4 - топ. Жер - анамыз дейтін себебіміз неліктен?

Туып өскен жерлеріңді атаңдар?

Жер - ана мәтінін түсініп оқиды

Әр топ сұрақтарға топпен,жұппен немесе жеке жауап береді.

Сергіту сәті

3 мин

«Кім тапқыр» ойыны

Оқушылар өлеңдегі балалардың атын атайды.

Шығармашылық жұмыс

5 мин

1 - топ. Менің достарым.

2 - топ. Маған ұнайтын қала.

3 - топ. Менің туысқандарым.

4 - топ. Менің ұстаздарым.

Әр бір оқушы дәптерлеріне өз ойларын 2-3 сөйлем арқылы жазады.

Жұптық бағалау.

Бағалау

3 мин

Бақылау,бағалау.

Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша, өздерін және өзара бірін - бір бағалайды.

Оқушының аты - жөні

Топта сөйлеп, өз ойын айтқандығын бағала

Белсен ділігін бағала

Мұғалімнің бағалауы

1

2

Үйге тапсырма

2 мин

100 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бас әріппен жазылған сөздердің астын сызады.

Күнделікке жазады.

Мәтінді мәнерлеп,түсініп оқиды.

Кері байланыс

4 мин

Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?

Қожаны сыныбындағылар қалай атады?

Оқушылар сұрақтарға ойланып жауап береді.

+ Не білемін (қызыл гүл)

  • Не білдім (ашық қызыл гүл)

? Білгім келеді (сары гүл)







© 2010-2022