Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Қазақ тілі пәнінен Сөйлем және сөзтақырыбына арналған сабақ жоспары+ перзентация (2-сынып)Амиртаева Мейрамкуль Нурмухановна

№16 жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:сөйлем және сөз тақырыбы бойынша 1- сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құраcтыра б3лу дағдыларын арттырып ,байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық:сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелілік:білімге құштарлық сезімдерін ,еңбекшілдікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, «Әріптер әлемі» ертегісіне арналып салынған сурет,тірек сызба,тыныс белгілері, слайд-суреттер.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,еркін жазу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Психологиялық дайындық.

Оқушылар орнынан тұрады.

Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?

Балалар: - Бір жақсылықты көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?

Балалар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?

Балалар: -Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: -Екі аяқ не үшін керек?

Балалар: -Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін.

ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем және сөз туралы білімімізді жетілдіреміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) - Үйге қандай тапсырма берілді? (5 - жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)

-Сөйлем нелерден құралады?

- Сөйлемнен не құрастырамыз?

- Олай болса мынадай бір мәтінді тыңдап көрейік.


ІІІ. Жаңа сабақ.

"Әріптер жемісі» ертегісін баяндау арқылы проблемалық сұрақ қойып,сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті.Олар барлығы бір түсті болыпты.Тату - тәтті өмір сүріпті.Бір күні қатты дауыл соғады.Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан - жаққа шашырап ұшыпты.

А,ә,е,и,о,ө,ү,ұ,ы.і.э,ю,я - дыбыстары күнге қонып күйіп қып - қызыл болыпты.

Б,в,г,ғ,д,ж,з, -дыбыстары ағашқа қонып(ұяң) болып қалыпты.

К,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ - дыбыстары ағаштың діңіне қонып( қатаң) болыпты.

Л,м,н,ң,р,й,(у) - дыбыстары бұлтқа қонып( үнді) болыпты.

Олар күні бойы қайғырып - жылап,» Не істейміз?» дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті.Ортақ шешімге келеді екен.

Бұларды біз бітірейік-деп, келіседі.Одан кейін олар әріптерден буын,буыннан сөз құрапты.

-Ал сөзден кейін не құрайды? - Әрине, сөйлем.

III.Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.

Қарашаның жиырма екісі.

Сынып жұмысы.

Сөйлем және сөз.

1 - жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді оқу.

Сөздер: кітап,дала,суытты, көркем, жаңбыр, күшті, ағаш, дос, оқыды.

Сөйлемдер: Кітапты күтіп ұста. Далада суық жаңбыр жауып тұр. Көк бие құлындады.

әріптерден құралады

дыбыстан құралады буыннан құралады

СӨЗ

санның атауы нәрселердің атауы

қимылдың атауы

3-жаттығу. Қайрат сабақтан келгенде ,үйден жазылған қағаз тауып алды.Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады.Айжанның не жазғанын оқып көріңдер.

МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН

Дұрыс сөйлем: Мен досымның үйіне кеттім.Бір сағаттан кейін келемін.

-Айжанның жазуын оқу неге қиын болды?

- Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

-Әр сөйлемде неше сөз бар?

сөздерден құралады соңына тыныс белгісі қойылады

СӨЙЛЕМ

бірінші сөзі бас әріптен сөздер бөлек жазылады

бастап жазылады

белгілі бір ойды білдіреді

IV.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

V.Оқулықпен жұмыс. 4-жаттығу.

-Өлеңді дауыс ырғағын келтіріп оқу.

-Жақсы көретін пәндері туралы сұралады.

-Қай сөйлем сұрау мағынасында айтылып тұр?

- Қай сөйлем көңіл -күйді білдіреді?

-Қай сөйлем хабарлауды білдіреді?

Ереже: Сөйлемнің соңына не нүкте (.) , не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

VI.Ойын. " Артық сөзді тап" Неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.

а) Шәй,сүт,нан,айран,кітап,сыр,кәмпит,балық,май.

ә) сөйледі,жазды,отырды,Асқар,оқыды.

б) қызыл,жасыл,сары, қағаз,қара, көк, күлгін.

в) алты,он, жиырма, тақта, тоғыз,сегіз, тоқсан.

VII.Шығармашылық диктант. Сөздерден бір сөйлем құрастырып жазыңдар.

түс

жапырақ

ағаш

боя

күз

сары

-Сөздерді мағынасы бойынша қалай байланыстыратындарыңды айтыңдар.

VIII.Жаңа сабақты қорытындылау.

1.Сөз неден құралады?

2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Cөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
IX.Бағалау кезеңі:

X.Үйге тапсырма: 5 - жаттығуды орындау, 78-бет.





© 2010-2022