Абай оқуы Мәнерлеп оқудан байқау (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Абай оқуы» мәнерлеп оқудан байқау

Атырау облысы

Жылыой ауданы

№2 жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы: «Жүрегімнің түбіне терең бойла»

Байқау мақсаты:

Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді.

Көрнекіліктер: Абай суреттері, буклет, нақыл сөздер, Абай кітаптары, слайд, видеоролик

Жүру барысы:

Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі - Абай өлеңдерін сіздермен сыр шертпекпіз.

Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Абайдың сөзі - халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай - алты алаштың иісі, қазақтың пайғамбары.

Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің, әділеттің, адамгершіліктің адам ұлы бола білудің, халық үшін күресудің үлгісі.

Қош келдіңіз, талапты дос, дарынды

«Абай оқуы» дос - патша көрер бәріңді.

Жермен келіп, қайтасыңдар көкпенен

Бұл оқу байытады жаңынды.

Құрметті қауым! Дәстүрлі мектепішілік Абай оқуларын бастауға рұқсат етіңіздер. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Слайдпен (Абай туралы баяндау)

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келген. Абай жас кезінен зерек болған. Оның зеректігін әрі қарай дамытқан екі адамды - әжесі Зерені, анасы - Ұлжанды атауға болады. Абай жас кезінен тағылымды әңгімелеуді, өлең-жырларды тыңдап, олардағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсті.

Абай - артына мол мұра қалдырған адам. Оның шығармалары күні бүгінге дейін терең мағынасымен, асыл да құнарлы жұртқа жол көрсетіп тұр. Екінші бір Абайдың сөз өнерін сүюіне зор ықпал еткен нәрсе - сол заманның шешендерінің тамаша сөздері. Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-ұлық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады. Ол сонымен бірге шетел классиктерінің, орыс ақындарының еңбектерін қазақшаға аударып, қазақ оқырманының жүрегіне терең бойлата білді. Абайдың көркем шығармаларынан өмірдің қиын мәселелеріне жауап табуға болады.

Байқаудың шарттары:

  1. «Өлең - сөздің патшасы» номинациясы бойынша көркем сөз оқу шеберлігін айқындау

  2. «Ән - көңілдің ажары» - Әншілік қабілетін таныту

  3. «Сахналық қойылым»

1.«Өлең - сөздің патшасы» номинациясы бойынша көркем сөз оқу шеберлігін айқындау үшін оқушыларды ортаға шақырамыз.

3 «а» сынып оқушысы

Сарманова Баянсұлу, Нұрланқызы Гүлнұр, Мақсот Аружан

3 «б» сынып оқушысы: Нұрлан Раушан

3 «г» сынып оқушысы: Манасова Инабат

3 «д» сынып оқушысы: Нұртас Рысбек

4 «б» сынып оқушысы: Болатов Жандос

4 «г» сынып оқушысы: Ақмадиқызы Динара

2. «Ән - көңілдің ажары»

Мен қазақпын, жырын айтам, тербеймін

Мен қазақпын, домбырамды тартамын

Қазағымды жырлап өтем мәңгілік

Мен қазақты қорлауға еш көнбеймін деп, «Көңілім әнді ұғады» номинациясын бастаймыз.

3 «а» сынып оқушысы

Орынбасар Жанарыс, Аманқос Мадина, Рзағали Исатай

3 «б» сынып оқушысы: Досанова Ақжайна

3 «г» сынып оқушысы: Жеңісқызы Гүлсәнім

3 «д» сынып оқушысы: Асқарова Бибінұр

4 «б» сынып оқушысы: Мұратова Ақмерей

4 «г» сынып оқушысы: Али Айда

3.«Сахналық көрініс»

3 «а» сынып оқушылары: «Қарға мен түлкі»

3 «б» сынып оқушылары: «Қарға мен түлкі»

3 «д» сынып оқушылары: «Шегіртке мен құмырсқа»

4 «б» сынып оқушылары: «Қарға мен түлкі»

4 «г» сынып оқушылары: «Есек пен бұлбұл»

Кеш қорытындысында мектептегі оқу ісінің меңгерушісіне сөз беріледі. Алға шыққан оқушылар мақтау қағазымен марапатталады.

Осымен Ұлы Абайдың құрметіне арналған шарамызды аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


© 2010-2022