С. Мұқанов «Батылдық» Әдебиеттік оқу 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Әдебиеттік оқу Күні: 24.04.2014 Сынып : 2г

Тақырыбы: Батылдық. Сәбит Мұқанов

Мақсаты: С.Мұқановтың Батылдық атты әңгімесін оқып, түсіндіру,

Міндеттері: 1.Оқушыларға қазақ балуаны Балуан Шолақ туралы түсінік

беру,оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі

нақты әңгімелей білуге үйрету.

2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту.

3. Батылдыққа , өз ісіне жауапты бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: С..Мұқанов Балуан Шолақ суреттері.

әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

түрі: Дәстүрлі сабақ

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  • Алып бала

  • Сұрақ жауап арқылы сұралады.

ІІІ. Білімдерін тексеру сұрақтары.

  • Мәтінде кім туралы әңгімеленген?

  • Ол қандай ерлік көрсетті?

  • Әңгіме неліктен « Алып бала » деп аталған? Сен қалай айтар едің?

  • Мәтінді екіге бөліп талдау 1) Өгіздің өлімі. 2)Ауыл адамдарының

  • таңғалуы,

Әр бөліктің жігін тауып көр. Берілген суретке зер сал.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Батылдық

- Ребусты шешу.

1.Ер жүрек адамды кім деп атайды?

2.Өткен мәтіндегі басты кейіпкер кім?

3.Жеңіс күні мамырдың қай күні?

4Мұқан қандай бала ?

5.Батыр қыз кім?

6.Мәншүк өлеңінің авторын ата.

7. Ер несінде қыл арқан шірімес?

8.Батыр-елінде, не ?... көлінде. (мақалды аяқта )

- Батылдық сөзі шығады

- Осы батылдық сөзінен бірнеше сөздер құрастырайық.

Батыл,ат,қыл,бақ,дақ,дақыл,ақыл,ақ,лақ, дабыл, бал, тал, ал,бақыт,

Ү. Жаңа сабақ

Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.

  • Батырлық білекте емес,жүректе.

  • Айлалы батыр алдырмас.

Осы мақалдардың мәнін ашатындай Балуан шолақ туралы әңгіме оқиық.Әңгіменің авторы - Сәбит Мұқанов.

а/ Автор туралы түсінік

Солтүстік Қазақстан облысында 1900 туып, - 1973 жылдар

Аралығында өмір сүрген. Ол көрнекті жазушы. «Балуан Шолақ » романын жазған.

ә/ Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.

- мәтінмен жұмыс

- тізбектей оқу

- Мәтінді талдау.

. Түсінгендерін тексеру

- Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды?

- Ол неліктен батыл бала,балуан бала атанған?

- Бала қандай тәуекелге барды?

- Ол қасқырды немен түртті?

- Қасқыр қандай әрекет жасады?

- Қасқыр неге қалжырады?

- Айқас немен аяқталды?

- Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу.

Оқулықтан тыс Балуан Шолақ туралы жекелеме түсінік беру. Не себепті Балуан Шолақ екенін оқушыларға қарапайым түрде жеткізу.

Балуан Шолақ (шынаты - Нұрмағамбет) Көкшетау облысы, Еңбекші ауданында 1864 жылы дүниеге келген.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты - Нұрмағанбет..

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып - анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.

14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әртүрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын

айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңқалдырған.

Дәптермен жұмыс

б/ Сөздік жұмыс жүргізу

Құрық - басында ілмек арқаны бар, асауды ұстайтын ұзын сырық ағаш.

Жәукемдеп - жайратып,құрту.

Сергіту сәті

Суретпен жұмыс

  • Суреттен нені көріп тұрсың?

  • Мәтінге сүйеніп, «алып баланың» күштілігін неден байқағаныңды әңгімеле.

Жоғарыда оқыған нақыл сөздер кімге қатысты айтылған деп ойлайсың?

ҮІІ Бекіту.Рефлексиялық бағалау кезеңі

Білдім?

Білгім келеді.









  • Әңгіме кім туралы екен?

  • Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

219-222 беттерді әңгімелеу.

Шығармашылық тапсырма: Батырлық туралы шығарма жазу.



« Келісемін » Бекітемін :

Мекеп директорының Мектеп директоры

оқу тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары ------------А.М.Елемесова

------------А.А.Құрмашева « » сәуір 2014ж

« » сәуір 2014ж


Ашық сабақ.



Тақырыбы:

С. Мұқанов «Батылдық »

2 «г» сыныбы

Кабиева А.А.

Өтетін орны: 20кабинет

Күні: 24 .04 2014 жыл.

Уақыты: 08.50 - 09.35









Семей қаласы

2013- 2014 оқу жылы


Білдім.

Білгім келеді.












Білдім.

Білгім келеді.












Білдім.

Білгім келеді.












Білдім.

Білгім келеді.












Білдім.

Білгім келеді.













© 2010-2022