Сыйласаң – сыйлы боласың

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзiмі: Сыныбы:1 Бекітемін:

№16 Тақырып:Сыйласаң - сыйлы боласың

Құндылық:Сүйіспеншілік Қасиеттері: бауырмалдық, сыйластық
Сабақ мақсаты: «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері: білімділік: дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара бауырмалдық туралы түсініктерін кеңейту; дамытушылық: дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру; тәрбиелік: достық, туыстық, сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

күнделік, дәптер, оқулық, пенал, бейджик Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Бес Т-ны еске түсіру Жағымды күйге келу «Су асты патшалығына саяхат» Ескертулер 2. Дәйексөз.

«Өзіңді сыйласаң - сыйымды боларсың» Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Қормен қайталату. Дәптерге түсіру. Қорытынды жасау

3.Сахналау

«Сыйлау» Ә. Табылдиев

Жаз. Жасыл жайлау. Асқар тау. Гүлмайсалы бел. Сұлутөрдің сұлу табиғаты. Алты қанат ақбоз үйдің алдында атам бізге өсиет айтып отыр.

  • Е, балаларым. Бұл өмірде бір-біріңді сыйлай біліңдер...

Кішкентай Дулат сұрақ қойды.

  • Ата сыйлау деген не?

  • Сен сыйлауды білмейсің бе?

  • Білсем, сұраймын ба?

Жұрт ду күлді. Дулаттың алма жүзі алмадай қызарып, тәмпіш мұрыны тершіп кетті. Атам оған күлімдеп жауап берді:

  • Сыйлау деген - үлкен кішіге құрмет көрсету. Әдеп сақтау.

  • Содан сіз маған құрмет көрсетесіз бе?

  • Біз тағы да ду күлдік. Бұл жолы Дулаттың өзі де күлді.

  • Дулаттың сауалы - дұрыс. Сыйлау ең әуелі кішіге қамқолық көрсетуден басталады. Ал үлкенге құрмет көрсету - әдеп.

  • Мен күнде Дулатқа қамқрошы болып, тайын ерттеп берем, - деп, Досжан Дулат інісіне мерейлене қарады.

  • Оның - дұрыс. Кішіні сыйлау осылай болады, - деді атам.

  • Ата, мен үлкен адамды қалай сұрайым керек? - деді Дулат.

  • Үлкенді сыйлау ең әуелі сәлем беруден басталады.

  • Дулат, сен атаңа күнде сәлем бер, - деді Досжан күлімдеп.

  • Менің Дулатым әдеппен сәлем беріп жүр, - деп атам мақтанды...

  • Сыйлау деген сөзді енді түсіндім, ата, - деп Дулат атамды құшақтады. Атам жаны жадырап, Дулаттың маңдайынан суйді. Мен «сыйлау деген осы екен ғой» деп ойладым.

  • Балалар, сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Үлкендерге құрмет көрсеткен кезде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал кішіге не үшін қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?

4. Ойын «Күн шуағы» атты ойын-жаттығу оқушылардың сыйластық қарым-қатынас жасай білу дағдыларын толықтандыра түседі.

Балаларға «Өз үйлеріңдегі жақын, туыс адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?» деген сұрақ қойылады. Мұғалім алдын ала күтілетін жауаптар жазылған «күн шуақтарын» балалардың берген жауаптарына сәйкес тақтада ілулі тұрған сары түсті дөңгелекті айналдыра іліп отырады.

5.Тапсырма

Оқушылардың бауырмалдық туралы ұғымын кеңейту мақсатында оқулықта берілген суреттерді қарап, қай сурет бауырмалдықты білдіретінін әңгімелеп айтады.

6.Дәптермен жұмыс

Үйге берілген тапсырма ребустың шешуін тауып, бос тор көздерді толтыру.

7.Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай» А. Меңжанова
8. Қорытындылау сәтi.





© 2010-2022