Открытый урок на тему Сан есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:_______
15.04.2015ж.
Сыныбы: 2 «д»
Сынып жетекшісі: Байдешева Жаңыл
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:а) Заттың санын білдіретін сөздер туралы алған
білімдерін еске түсіру, толықтыру. Сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін білу
ә)Сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
б)Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: еске түсіру, сұрақ-жауап, жаттығу.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу
Көрнекілік: суреттер, оқулық
Қолданылатын технология: ойын технологиясы
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік
Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін арттыру.
а) Психологиялық дайындық: Оқушыларды топқа бөлу
Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде!
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын:Бүгін сабағымыз саяхат сабақ.Әр тоқтаған жеріміздің өз тапсырмасы бар. Ал апта күндеріне саяхатымызды бастайық.
І тапсырма:Дүйсенбі аптаның нешінші күн?Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
«Жұптық жұмыс»
464-жаттығу. Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.
Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші, сегіз, оныншы, елу, сегізінші.
Қызығушылығын ояту
ІІ тапсырма: Дүйсенбіден кейін қандай күн?
Сейсенбі аптаның нешінші күн? Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
Сұрақ жауап:
Сөз таптарын ата?
Зат есім дегеніміз не?
Көптік жалғауларын ата?
Сын есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Сан есім дегеніміз не?
Ереже:
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? Деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы.
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?мысал келтір.
Сан есімдер көбіне қандай сөз табымен байланысқа түседі? Мысал келтір.
ІІІ тапсырма: Сейсенбіден кейін қандай күн?
Сәрсенбі аптаның нешінші күн? Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
Топтық жұмыс:
І топ: 467-жаттығу .Жұмбақесепті оқып, шешуін тап, сан есімге сұрақ қойып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр , бес ешкі .
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң , бол күлкі.(Жиырма сегіз)
ІІ топ: жаңылтпашты оқып, шешуін тап, сан есімге сұрақ қойып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
ІІІ топ: мақал-мәтелді оқып, сан есімге сұрақ қойып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
Білетінім бір тоғыз,
Білмейтінім тоқсан тоғыз.
Бекіту:
ІҮ тапсырма: Сәрсенбіден кейін қандай күн?
Бейсенбі аптаның нешінші күн? Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
Ұжымдық жұмыс:
468-жаттығу . Жаңылтпашты жатқа жазу, байланысын сызбамен көрсет.
Қырық құлып,
Қырық құлық.
Құлып та - қырық,
Құрық та - қырық.
Құрық деген не?
Құрық дегеніміз түркі тілдерінен аударғанда «арқан, жіп»деген мағына береді.
Сергіту сәті.
Ү тапсырма: Бейсенбіден кейін қандай күн?
Жұма аптаның нешінші күн? Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
469-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу.
1.Қай көшеде тұрасың?
2.Үйіңнің номері нешінші?
3.Пәтеріңнің номері нешінші ?
4.Отбасыңда қанша адам бар ?
Қорытынды:
ҮІ тапсырмаы: Жұмадан кейін қандай күн?
Сенбі аптаның нешінші күн? Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
«Симантикалық карта»


Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Он тоғыз

Жүгірді

Жүзім

Әдемі


Берілген сөздің сан есім екенін дәлелде.
Бұл - сан есім, өйткені .............
Үйге тапсырма:
ҮІІ тапсырма: Сенбіден кейін қандай күн?
Жексенбі аптаның нешінші күн? Осы күннің бізге берген тапсырмасы бар?
471--жаттығу . «Туған жер» тақырыбына әңгіме құрау.
Бағалау.



© 2010-2022