БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ


Отбасы - бұл кішігірім уақыт аралығында және кішігірім өмірлік кеңістікте бір-бірін ауыстырып отыратын көптеген оқиғаларға бейімделген бірден-бір әлеуметтік топ. Қазіргі ата-аналардың алдында үндескен тілдік қарым-қатынас компоненті ретінде байланыстыра сөйлеуді толық қалыптастыруға жағдай жасау міндеті тұр. Мұнда мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуға ата-аналардың қатысуы маңызды шарттардың бірі болып табылады. Маңызды шамада мұның өзі кезеңнің - мектепке дейінгі балалық шақтың сензитивтілігімен байланысты. Отбасында байланыстыра сөйлеуді дамыту отбасылық педагогиканың негізгі қағидасы болып табылады. Зерттеушілердің анықтауынша, ересектердің басқаруынсыз байланыстыра сөйлеу өте баяу дамиды немесе мүлдем дамымайды. Әсіресе, бұл сөйлеу тілі бұзылған балаларға тән болып келеді. Байланыстыра сөйлеу негіздері баланың ересек адамдармен тікелей эмоцоналды өзара әрекеттесуі негізінде орнығады. Эмоционалды-тұлғалық өзара әрекеттесу барысында сезім және эмоциялармен алмасуы орын алады. Сөйлеу және есту органдарының дамуына, заттарды олардың сөзбен сипатталған белгілерімен салыстыру икемділіктерінің пайда болуына қарай, жақын айналасындағы заттарды түсінуі дамиды. Бұл баланың тілдік қарым-қатынасы дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Түсінуі, пассив сөздердің жиналуы негізінде белсенді тіл дамитын болады. Өмірінің екінші жылында сөздер грамматикалық тұрғыдан рәсімделеді және синтаксистік тұрғыдан жай сөйлемдерге біріктіріледі. Өмірінің үшінші жылында айналасындағы адамдардың сөзін түсіну қиындай түседі. Баланың сөздігі дамиды. Диалогты тіл айналадағы адамдармен байланыс орнатудың маңызды құралы болып табылады. Баланың тілі жағдайлық сипатта, баланың түрлі әрекеттерге тез ауысуынан тікелей сипаттап келеді. Одан әрі балалар сөйлеуді қажет ететін түрлі іс әрекет түрлеріне көшеді (көркем, конструктивті, ойын). Сөйлеу тілі - ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Тіл дамыту бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда оның практикалық қолданылуы жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу психикалық үдерістерді қайта құрудың негізіне, ойлау құралына айналады. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қойма, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие. Отбасы дамитын болса ғана, ол тұлғаның даму көзіне айналады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың отбасында ата-аналарымен қатынас жасауы алуан түрлі іс-әрекетке байланысты: шаруашылық-тұрмыстық, еңбек және т.б. Ата-аналар сәбиімен үнемі қарым-қатынас жасайды, олардың ойынын ұйымдастырады, кітап оқу кезінде көркем шығарма авторларымен таныстарады. Соған орай отбасында тілдік ортаның дамытушы әлеуеті ата-аналар тілінің сапасына байланысты болады. Үлкен отбасында аталар мен әжелердің болуы балалардың аға буын өкілдерімен күнделікті байланыс жасауы есебінен осы кемшіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді. Баланың жеке қабілеттерін, бейімділіктерін, сөйлеу қабілетін ашуға қамқорлық жасау отбасының маңызды мәселесі болуы тиіс. Әр балада табиғи сөйлеу қабілеті бар, оны байқау керек және балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда тірек ету қажет. Сөйлеу қабілеті әрекеттен көрініс табатыны белгілі. Сондықтан баланың іс әрекеттің едәуір кең түрін иеленуге мүмкіндік беру керек (құрастыру, тігу, сурет салу). Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың мазмұндық өмірге мұқтаж болып келеді. Бос уақыт олар үшін қызықты істермен толығуы тиіс. Отбасы баланың рухани өміріне қамқорлық жасауы, оның ой-өрісін кеңейтуі, толыққандылық, болмыс қуанышынын сезінуіне жағдай жасау керек. Ерте балалық шағынан бастап бала көрермен, тыңдарман, оқырман болу қуанышына ие болуы тиіс. Отбасында баланы оқуға баулу, кітапқа деген сүйімпеншіліккке тәрбиелеу қажет. Кинофильмдер, спектакльдер, телехабарлар көру сияқты біріккен жұмыстар соңынан оқығанын, көргенін талқылау арқылы толықтырылуы керек. Сондықтан өз тілін жетілдіруге қамқорлық жасау - әрбір ата-ананың адамгершілік және қоғамдық борышы. Ол өз бойында кейіннен балаларына беретін сөйлеу дағдыларын жетік меңгеруі тиіс.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамыту бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар

  1. Оқи білудің алғашқы шарты ретінде ең алдымен ауызша сөйлеуін дамытуға көңіл бөлу керек.
  2. Бала өмірінің алғашқы күндерінен бастау керек. Сіз сәбиіңізді қолыңызға алып, онымен сөйлескенде, сіз оған жылулық пен қауіпсіздік сезімін бересіз (хбұл жаста ол мұндай сезімді бастан өткермейді деп ойласаңыз да).
  3. Тыңдауға дайын болып көрініңіз. Сәбидің сөйлеуге деген ең елеусіз әрі түсініксіз әрекеттерінің өзін қолдап отырыңыз. Егер Сіз шаршасаңыз немесе асығып тұрсаңыз, есіңізде болсын: мектепке дейінгі кезеңде көрсеткен сабырлылығыңыз Сіздің болашақтағы міндетіңізді маңызды түрде жеңілдете түседі.
  4. Балаға көп уақыт бөліңіз. Ерте балалық шағында отбасының тілдік дамуы, когнитивті дамуға әсері және баланы қоғам өміріне баулу шешуші міндет болып табылады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі кезеңде өзіне және отбасынан тыс табысты тілдік қатынасқа деген сенімділік негіздері орнығады. Баланың мектепте, құрдастарымен қарым-қатынаста одан әрі дамуы тілдік ерте даму дәрежесіне байланысты болады.
  5. Баланың оқуға деген ынтасының ең маңызды бәсекелесі - теледидар. Қалыптасқан жағдайға қарай теледидар да, видео да баланың дамуына серпін беруі немесе тежеуі мүмкін.
  6. Баланың теледидар көруіне ажыратылатын уақыт шектеулі болуы тиіс.
  7. Балаға көру үшін рұқсат беретін хабарларды мұқият іріктеп алыңыз.
  8. Бала өскенде, оған таңдау мүмкіндігін беріңіз: бір аптаға арналған бағдарламаны балаңызбен бірге қарап шығу кезінде, хабарларды да бірге таңдаңыз. Балаға өзі қалаған хабарды таңдауды ұсыныңыз. Үйде отбасылық хабарландыру тақтасын ұйымдастырыңыз; таңдалған хабарлар тізімін осытақтаға іліп қоюға болады.
  9. Теледидар баланың бөлмесінде тұрмауы керек. Теледидар мен видеоны балаңызбен бірге көріңіз. Оны не қызықтыратынын білуге тырысыңыз. Көргеніңізді онымен бірге талқылаңыз. Сіз, мысалы, мынадай сұрақтар қоя аласыз:
- Қалай ойлайсың, не болды екен? - Қазір оған не болар екен? - Сеніңше, ол неге бұлай істеді? - Қалай ойлайсың, ары қарай не болар екен?
  1. Ойын іс әрекетінің басқа да түрлерін көтермелеп отырыңыз - үйде, сонымен қатар таза ауада. Дұрыс қолданған жағдайда, теледидар да, видео да оқыту мен көңіл көтерудің тиімді құралына айнала алады.
  2. Әр баланың өз темпераменті, өз қажеттіліктері, қызығушылықтары, ұнататын және ұнатпайтын нәрселері бар. Оның қайталанбас қасиеттерін құрметтеңіз.
  3. Өзіңіз үшін және балаңыз үшін шынайы мақсаттар қойыңыз. Оған үйретіңіз және бағыттап отырыңыз - бірақ итермелемеңіз.
  4. Балаңыз сүйіспеншіліктің жетіспеуін сезінбесін, алуан түрлі әсерлерге бөленсін.
  5. Оқи білу - алыстан көрінген тудың басы ғана, оқу баланың алдыңғы тәжірибесімен тығыз байланысты және баланың дене, ақыл-ой, эмоционалды және әлеуметтік даму нәтижесі болып табылады.
  6. Негізінде, бала үшін оқу дегеніміз - айналасындағы адамдардың тәнімен және көзімен саяхат жасау. Сәбимен әңгімелесе отырып, оның назарын күнделікті айналасындағы нағыз «ғажайыптар әлеміне» аудара отырып, адамдар оған адам тілінің сиқырын айқара ашады.
  7. Оқыған нәрсенің мағынасы есте сақтауға әсер етеді. Үш жасында-ақ балалар сөзбен жеткізе алмаса да, себеп пен салдар арасындағы байланысты қадағалауға қабілетті болып келеді. Үш жасар бала оқиғалардың байланысын түрлі ақылды заттар туралы пайымдауды бастағанға дейін қадағалай алады.
  8. Үй жағдайында оқи білу бала үшін жүре алу немесе сөйлей алу сияқты орын алуы мүмкін. Балаға келесі жағдайларды жасау арқылы оқиғаның табиғи орын алуына көмектесу керек:
- балаға тұрақты түрде барлық мынамаларды, фразалары жиі қайталанатын тақпақтарды, суреті бар кітаптарды, түрлі әңгімелерді оқып беру; - балаға қызықты әңгімелер оқып беру: жануарлар, ойыншықтар, динозаврлар және т.б. туралы; - әрбір қарым-қатынас мүмкіндігін пайдалану: сәбимен әңгімелесу, оның кітаптар және басқа нәрселер туралы сұрақтарына жауап беру; - балаға қағаз, қалам, қайшылырды еркін пайдалануына рұқсат беру; - балаға күнделікті қайталанатын сөздері бар карточка жасау; - баланың жатқа оқып жаздыратын оқиғаларын жазып алу керек; - қала көшелері немесе басқа да жерлер бойлап балаларға экскурция ұйымдастыруы және осы серуендерді оған дейін және одан кейін міндетті түрде талқылаулары тиіс; - үйдегі жағдай бірқалыпты болуы тиіс - ата-аналар сабырлы болуы керек; - үйде әрқашан баланың оқуға арналған материалдары жеткілікті болуы тиіс; - ата-аналардың өздері кітап, газет, журнал оқуы арқылы балаға үлгі көрсетуі тиіс; - ата-аналар кітаптарды парақтап алуы, олардың бірнешеуін таңдап, үйге әкетуі үшін, оқтын-оқтын балаларын кітапханаға алып баруы тиіс.
  1. Кітап оқуды білім еліне апаратын басты жол деп атауға болады. Кейіннен математиканы, биологияны, қоғамдық ғылымдарды оқу баланың жазылғанды түсуіне, тілді пайдалануына, жазба мәтіннің мағынасын ұғынуына негізделетін болады.
Егер бала сұхбат, тыңдау мен кітап оқу күнделікті өмір салтына арналған жағдайда өскен және дамыған болса, ол мектепте де мазмұнды және жан-жақты ақпаратқа қызығатын болады, бұл ақпаратты кітаптан алуға болады, сөйтіп ол бала білуге құмар және табиғи қалыптасқан оқырманға айналады. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің ата-аналармен бірге атқаратын жұмысында тәрбиеші өз міндеттері арқылы ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениетін арттыруы, ең бастысы -ол ата-аналардың өз баласына деген қызығушылығын тудыруы, балаға дұрыс көзқарасын қалыптастыруға көмектесуі, сөйлеу икемділіктерін орнықтыруы тиіс.



© 2010-2022