На тему тіл ашар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілашар Ертеңгілік мақсаты: - білімнің сара жолы мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; - Оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту, ой-өркін дамыту; - Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, плакатқа жазылған сөздер, үлестірме қағаздар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев суреттері, шарлар, гүлдер, жерге төселген ақ мата, қызыл лента. Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушылар екі-екіден қол ұстаса сыныпқа кіреді, балалардың білім сапарлары сәтті, жолы ашық болсын деген ниетпен арнайы ақ мата төселді. Әжелер тартқан қызыл лентаны қиып, бірден алақандарын жайып сыныптағы атадан ақ батасын алу. «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады. - Ардақты ата-аналар, бақытты балдырғандар, құрметті қонақтар «Тілашар» ертеңгімізге қош келдіңіздер! Сіздердің ботақаңдарыңызды менің 1 «А» сыныбымның оқушыларын қарсы алдыңыздар (ортаға шақырайық) және де ертеңгілігімізді бастайық! 1-оқушы: Кешегі сәби балаңыз, Жарады, міне қараңыз. Ғылым, білім жолына Енді қайық саламыз. 2-оқушы: Қош келдіңдер, балдырғандар, Қадамдарын құтты болсын! Мектеп мынау есік ашық, Тек әдебің мықты болсын! 3-оқушы: Шашу шашты әжелер! Сылдырлатып теңгелер, Тойымыздың шашуын, Сәт сапарға теңгерер. Ақ жаулықты аналар (әжелер) шашу шашады (5, 10, 20, 50 теңгелерді) 4-оқушы: Шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойдың, Бастыңғысын жасайық! 5-оқушы: Алтыға толдым биыл мен, Оқушы болып киінем. Арқама сөмке асына, Мектепке барам, Мектепке барам асыға. 6-оқушы: Ұқсатпа мені басқаға, Есейдім, жеті жастамын. Қош айтысып бақшаға, Мектепке жолды бастадым. 7-оқушы: Қолыма алып Әліппе, Үңілдім тұңғыш әріпке. Қоңырау үні сыңғырлап, Тұрғандай маған қол бұлғап. 8-оқушы: Барлық бала таң қалып, Әліппені ашады. Сөз құраған әр әріп, Білім нұрын шашады! - Балалар, біздер осы уақытқа дейін не үйрендік, соңы ортаға салайық? Алдымен ойымызды жинақтап алайық. - Сөз неден тұрады? Сөз дыбыстардан тұрады. - Сөйлем қалай жазылады? - Сөйлем бас әріптен басталып жазылады, соңына тыныс белгісі қойылады. Буынға бөлу: са-ғат, мы-сық, са-бақ, қа-лам, ар-па Ойын: «Буыннан сөз құрау» 10-оқушы: Асыл сөзін тілімнің, Бойға құйған Әліппе Нақ бастауы білімнің Қырық екі әріпте. Хор: «Әліппе» Елдің атын жазамын Жердің атын жазамын Туған тілге тазамын Батаңды бер,қазағым; Мен мектепке барамын. 11-оқушы: Еркесі еді атамның, Еркесі еді анамның, Толдым биыл жетіге Мен оқушы атандым 12-оқушы: Қуантуға елімді, Қуантуға жерімді, Қуантуға жүректі, Қуантуға түлекті Мен мектепке барамын. 13-оқушы: Қоңырау үні сыңғырлап, Естіледі жылы жаныма Күлкідей әсем сылдырлап Бөбекті жиды маңына. 14-оқушы: Білімнің гүлі ашылған, Терумен оқып жүр екен Бақытқа бізді шақырған, Қоңырау даусы - жыр екен. 15-оқушы: Қолға кітап аламын, Маржан сүзіп табамын. Жарқыратып кеудеме, Жұлдыз етіп тағамын. «Қоңырау үні» 16-оқушы: Мейірге толы мектебім, Айқара ашқан ұшағын Балапаның боп мен сенің Өзіңнен түлеп ұшамын. 17-оқушы: Мектеп деген жақсы екен Қызығы мол, думаны Жақсы көрем бәрінен Математика сабағын. 1) 0... 10 дейін ретімен санау және кері санау. 2) Математикалық есептер Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? (6) Бес алманың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолында қалады? (2) Бір қоянның екі құлағы бар, Екі қоянның неше құлағы бар? (4) 18-оқушы: Бала қамын ойлаймыз! Ата-ананы сыйлаймыз. Ата-анамыз әдетті Сүйеміз жат әдетті. 19-оқушы: Ата-ананнан кейінгі Екінші адам өмірде Бала бол зейінді Мейір құйған көңілге Тәрбиелі, білікті Ол - ұстазың сүйікті. 20-оқушы: Таңдана бүгін қараймын, Құдіретті ғажапқа Әр сөзі ұлы Абайдың Әліппе - күллі қазына. Оқушының Абайдың «Бес асыл ісі» өлеңін оқуы 21-оқушы: Асыл сөздің ұстазы, Ақын болар ұрпақпыз. Өнер-білім, еңбекке Жақын болар ұрпақпыз. Жұмбақтарды шешу: (О), (Т), (А), (Н) әріптері Оспан да өлең жаттады, Олжас та өлең жаттады. Қай әріптен басталған Екеуіннің аттары? (О) Қатар тұрған қос қазық Қол ұстасып достасып. (Н) Сауысқанды, сағызды Сарымсақты, сәбізді Бастап тұрған қай әріп Тау мен тастың алдында. (Т) Асқар, Асхат, Асанға, Атасы айтты Ақанға Амбарды аш, арпа шаш, Арпа шаш, аш құстарға Қайсы әріп көп айтылды, Тез айтып бер ұсталма?! (А) Ертегі: «Шалқан ертегісі» (көрініс) Би: «Өзбек биі» 22-оқушы: Осылайша жыл сайын Ақыл қосып ақылға Жігерімді жұмсайын Шәкірт атты батырға. 23-оқушы: Болса кімнің ақыл-санасы, Жақсылыққа жетер кәміл шамасы. Намысты ұл, тәрбиелі қыз бала, Ел ертеңі, Отан-Ана панасы. Хор «Отан» Құрметті, балалар! Әлі де жақсы оқыңдар, Әр кез сыпайы болыңдар. Ұстазыңды құрметтей Жат қылыққа жоламай Биіктерден көрініп, Өсіп-өне беріңдер!



© 2010-2022