Қазақ тілі пәнінен интеллектуалдық ойынСөз мерген

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сөз мерген
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тіл сайысы «Сөз мергенге» қош келдіңіздер Бүгінгі «Сөз мерген» сайысына қатысушы оқушыларды қошаметпен қарсы алайық. 1. Әділханова Дидар 2. Әмірбаева Айкүн 3. Төреханова Балғын 1-кезең. «Мықты болсаң тауып көр» Шарты: Бұл кезең тоғыз сұрақтан тұрады. Фразеология сөзі беріледі, етістікпен жалғайсыңдар. Сұрақтар: 1. Жан Таныс салмайды Оқушы Із Жан салмайды-еңбек еткенде алдына ан салмайды. 2. Леп Үн Дауыс созады Айқай Дауыс созады-өлең айтады. 3. Арқа Самай Бел қақты Білек Арқа қақты-бәрекелді, мадақтау. 4. Мағына Сән Жан бөлек Амал Жан бөлек-ерекше, айрықша адам. 5. Табыс Пайда Ауыр соқты Зардап Ауыр соқты-қиын болды. 6. Қала Ауыл Қыз алты ауызы Ой Ауылдың алты ауызы-халық әншілері.

7. Көкжиек Ғимарат Аспан басына көтерді Үй Үйді басына көтерді-қуану, ренжу, шулау. 8. Айқай Шер Ұрыс тарқатты Сөз Шер тарқатты-қайғымен бөлісті. 9. Сөз Әңгіме Сыр биік Өре Өресі биік-шешен, ақыл-ойы өте жоғары адам. Әділ қазыларға сөз беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. 2-кезең. «Жүйрік болсаң шауып көр» Шарты: Бұл кезең жалпы жеті тапсырмадан тұрады. Мақал немесе мәтел құрастыру. 1. Ер Ел Қорқақ қыл арқан Батыр Ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейді. 2. Әдепті Өнерлі Арлы өріс Иманды Өнерлінің өрісі кең. 3. Қыз Шал Жігіт жеті Бозбала Жігітке жеті өнер де аз. 4. Найзағай Бұршақ Қар батыр Жаңбыр Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы. 5. Сараң Жомарт Тәкәппар қалтырауық Көрсеқызар Сараңның қолы қалтырауық.
6. Шырын Кәмпит Бал тәтті Ас Ас иесімен тәтті. 7. Жиналыс Демалыс Той қызық Отырыс Тойдың боларынан, боладысы қызық. Ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады. III кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» Осы кезеңге жолдама алған, ойлы оқушымызға қол соғып, қошаметтеп қояйық. Шарты: Үш тапсырмадан тұрады. Қарсыластарыңыз жоқ болғандықтан асықпай , ойланып жауап беріңіз. 1. Отан Темір торқы Мата Қағаз Кендір жіптен тоқылған матаны «торқы» деп атайды. 2. Өсімдік Қару Пеш мор Тері Мор-ескі пештің түрі. 3. Құс Аң Жәндік шөңгел Мал Шөңгел- 12 жасар бүркіт құсы. Осымен «сөз мерген» бағдарламалық ойын аяқталды. « Сөз мерген» атағын жеңіп алған ойыншыны марапаттау.
© 2010-2022