Ойын сабақ: Құстар келді

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын сабақ

Тақырыбы: "Құстар келді"

Мақсаты: 1) Балаларды көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Құстар жайлы түсінік беру.

2) Құстардың түрі, тіршілігі, қоректенуі туралы білімдерін кеңейту. Ой-өрісін дамыту.

3) Құстарды күте білуге үйрету. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-ждауап, ойын, тақпақ, т.б.

көрнекілігі: буклет, жыл құстарының суреті, құстың ұясы, ағаш, жапырақтар.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, айналамен танысу, сауат ашу, музыка.

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті ата-аналар, бүгінгі мектепалды даярлық тобының "Құстар келді" атты ашық ойын-сабағына қош келдіңіздер! Балалар, әдептен озбай бәріміз бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері: Ал, қанекей, бәріміз

Барша жұртты құрметтеп

Құшақ жая қарсы алып,

Береміз сәлем иіліп.

Енді орнымызға жайғасып, ойын-сабағымызды "Тамаша" ойынымен бастайық.

Ойын: "Тамаша"

Мақсаты: Берілген сұраққа, жақсы көңіл-күймен "тамаша" деп жауап беру.

Көңіл күй көтеру:

-Балалар, көңіл-күйлерің қандай? "тамаша"

-Бүгінгі сынып іші қандай? "тамаша"

-Гүлдің иісі қандай? "тамаша"

-Ата-анамыз қандай? "тамаша"

Құстардың дауысы қандай? "тамаша"

Жарайсыңдар, өте тамаша көңіл-күйде отырсыңдар.

II. Жаңа ойын-сабақ

Ендеше балалар үнтаспадан құстардың үнін тыңдайық. (үнтаспа тыңдату)

Балалар, құстар қандай табиғатқа жатады?

-Қандай құстарды білеміз?

(балалардың жауабы)

Құстар үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді. Бүгін сендермен дала құстарымен, оның ішінде жыл құстарымен танысамыз. Балалар, жыл құстары қай мезгілде ұшып келеді?

Ойын: "Қай мезгіл?"

Барысы: Берілген мәтінге байланысты сипаттама беру, іс жүзінде көрсету.

Күн жылынды. Ағашта бүршік жарып, жапырақ өседі. Құстар ұшып келеді. Ағаш бұтағына қонады. Жер бетіне көк шөп өседі.

Ал енді мәтінді іс жүзінде көрсетейікші.

-Күн қандай?

-Күн жылы. (бір бала күнді тақтаға іледі)

-Ағашта нелер пайда болады?

-Ағашта жапырақтар болады. (2-3 бала жапырақ іледі)

-Нелер ұшып келеді?

-Құстар ұшып келеді. (2-3 бала құстар жабыстырады)

-Құстар қайда қонақтайды?

-Құстар ағашта қонақтайды. (2-3 бала ағашқа құстар іледі)

-Көк шөп қайда өседі?

-Көк шөп жерде өседі. (2-3 бала көк шөп жабыстырады)

Енді қарайықшы, бұл қай мезгіл?

-Көктем мезгілі

Міне көктем мезгілінде күн жылына бастағанда жыл құстары ұшып келеді. Бұл құстар далада өмір сүреді. Олар тамақтарын даладан тауып жейді.

Енді көктем мезгілін қарсы алып, сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті: Көктем келді

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар

Ән салуға құштар.

Көктемде балалар, ең алғаш қараторғай деген құс ұшып келеді. Балалар қараторғайды ағаштан ұя жасап, қарсы алады. Сондай-ақ көкек, аққу, тырна, қарлығаш, т.б. құстар келе бастайды.

(слайдтан құстарды көрсету.)

Қараторғай-өзі кішкентайқұс. Көктемде ең бірінші ұшып келеді.

Көкек-өз атын өзі шақыратын құс. Көкектің мүлде ұясы болмайды. Әр құстың ұясына жұмыртқасын тастап кетеді.

Қарлығаш-көктемнің соңғы айында келеді. Шыбын-шіркеймен қоректенеді. Ұясын үйдің маңдайшасына, қораның бел ағашына саз балшықтан салады. Бауыры ақ, құйрығы айыр құс.

Ән: "Көкек"

Енді осы жыл құстарын қалай қарсы аламыз?

Бала: Көктемді хабарлап,

Қараторғай, келдің бе?

Қойып ем даярлап,

Ұяны көрдің бе?

Қараторғай: Жақсы екен қонысым

Рахмет қамқоршым

Мың алғыс сол үшін

Мерейің зор болсын.

2-бала: Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

3-бала: Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең, мені күт.

4-бала: Қарлығашпын мен

Адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй ішін

Шыбын деген кеселден.

Ойын: "Құстарға көмектес"

Мақсаты: Құстар ұшып келуі үшін, берілген буындарды

дұрыс қойып, құстардың атын жазу.

Қа-ра-тор-ғай

Кө-кек

Қар-лы-ғаш

Қараторғайға арналған ұямыз бар. Серуенге шыққан кезде, ауладағы ағашқа бекітіп қоямыз.

III. Қорытнды

Балалар, біз қандай құстармен таныстық?

-Жыл құстарымен таныстық.

-Көктемде ең алғаш келетін қандай құс?

-Қай құста мүлде ұя болмайды?

-Шатыр маңдайшасына қандай құс ұя салады?

Балалар, бәрің де жақсы белсенділік таныттыңдар, рахмет айтып, седерге жасыл жапырақтарды сыйға тартамын.

Құстарға қамқор бола білейік. Сендер не дейсіңдер, балалар?

Құстарды біз қарсы алып

Қуанамыз, қорғаймыз

Ұя жасап ұқыптап

Біз оларды қолдаймыз.

Ән: "Көктем"

© 2010-2022