Әдебиеттік оқу ашық сабақ Туған жер (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аты-жөні: Жакупова Ажар Ерболатовна.

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі.

Жұмыс өтілі: 12

Санаты: І

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Туған жер»

Сынып: 2 «В»

Сабақтың тақырыбы: «Туған жер»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік-біліктік: оқушыны Жүсіпбек аймауытов «Туған жер» атты әңгімені түсініп оқып, әңгімені өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау;

Ұштастыра дамытушылық: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын сүйюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеушілік, кубизм стратегиясы, топтық, ұжымдық жұмыс, СТО.

Формасы: топпен

Көрнекілігі: слайдтар, интербелсенді тақта, суреттер, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану, музыка.

Оқыту нәтижесі: оқыған шығарманың мазмұнын толық меңгеруі.

Оқу үрдісінің тәртібі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

- сынып әзірлігін қадағалау.

1. Қызығушылығын ояту кезеңі:

- «Саржайлау» әнін тыңдау.

ІІ. Тапсырма «Сандық»

  1. Берілген сөздердің ішінен осы әннің әуенін сипаттайтындарын айт: мақтаныш, көңілді, қатты, биік.

  2. Топқа бөлу. Төрт түс арқылы топқа бөлу.

«Отан», «Атамекен», «Туған жерім», «Туған елім».

  1. Спикер сайлау.

  2. Топтың ұраны.

  3. І-топ. «Менің Отаным - Қазақстан»

ІІ-топ. «Менің туған жерім -Қазақстан»

ІІІ-топ. «Менің атамекенім - Қазақстан»

IV-топ. «Менің туған елім - Қазақстан»

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Туған жер» мәтінін оқу, танысу, зерттеу, мазмұнын ашу.

  2. Ж.Аймауытов жайлы мәлімет жинастыру.

  3. Туған жер туралы басқа ақын, суретшілердің шығармаларын жинастырып келу.

IV. Жаңа сабақ. «Туған жер» Жүсіпбек аймауытов.

  1. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын анықтау.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл Ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы , бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген.

  1. Мәтінмен жұмыс.

- іштей оқу.

- дауыстап оқу.

- жұппен жұмыс.

- топпен жұмыс.

3. Сөздікпен жұмыс:

Көрісу - құшақтап жылау.

Тұңғышбай - Қартқожа жоқта қайтыс болған ағасы.

Мауқы басылмады - сағынышы басылмады.

Топай - үлкен малдың асығы.

4.Мақал-мәтелмен жұмыс.

а) Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

ә) Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

б) Жекен жерінде көгерер,

Ер елінде көгерер.

V. Сергіту сәті.

Роза Рымбаеваның орындауында «Атамекен» әнін тыңдау.

VІ. Дәптермен жұмыс.

  1. Сағыныш деген не? Өз ойыңды дәптерге жаз.

VII. Рефлексия. «Кубизм» стратегиясы.

І топ. Әңгімедегі бала қайдан келе жатыр?

II топ. Оның көңіл-күйі неліктен бұзылды?

III топ. Мәтіндегі адамдардың сағыныш сезімдері қалай сипатталған?

IV топ. Қартқожа кімді, нені сағынды?

- Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

VIII. Үйге тапсырма:

А) Мұзафар Әлімбаевтың «Атамекен аяулы» өлеңін оқып, талдап, зерттеп келу.

Б) Өлеңге сүйеніп 5 жолды өлең жазып келу.

IX. Бағалау.

Бағалау парағы.

© 2010-2022