Бала Тұрар әдебиеттік оқу сабақ жоспары 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Уақыты:

Пәні: дүниетану Сыныбы: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрар

Сабақтың типі:білімді тексеру

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: иллюстративті түсіндіру, қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, ой туғызу, көшбасшылық

Талантты және дарынды балалар: Еламан, Диана, Айдария, Аружан

Сыни тұрғыдан бағалау үшін зерттеуге алынған: Ерсұлтан, Айнамкөз, Жанэль

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика

Негізгі түсініктер:

Өткен сабақпен байланысы:

Бағалау:

Көрнекіліктер:

Халқымыздың жазушылары батырлары,адам портреті арқылы фотосуреттерін суреттейді


Ахат Имантайұлы Жақсыбаевтың "Батырдың ұрпағы" атты әңгімесі арқылы өткен тарихымыздағы батырлар мен тарихи оқиғаларды танып білуі.



  • Бақылау

  • Жұмысты бағалау (формативті бағалау)

  • Сапалы білімді бағалау

Сюжетті суреттер, смайлик, слайд - шоу, үлестірмелер, интерактивті тақта, ребус, жапсырма үлестірмелер

Өлшемдік ойлау қабілеті: 3 «Б»

Сабақтың мақсаты: Тұрар Рысқұлов пен Шерхан Мұртаза жайлы түсінік беру, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиетінің көркемсөз зергері Ш. Мұртаза өмірінің, шығармаларынан алған мәліметтерін кеңейту. «Бала Тұрар» әңгімесінің мазмұнын бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау дағдысын дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, ауызекі сөйлеу стилін, тіл мәдениетін, ой -өрісін дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, бір-бірін тыңдауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Формативті бағалау нормасы:

Бала Тұрар әдебиеттік оқу сабақ жоспары 3 сыныптапсырманы толық нақты орындаса (өте жақсы)

Бала Тұрар әдебиеттік оқу сабақ жоспары 3 сыныптапсырманы жақсы орындаса (жақсы)

Бала Тұрар әдебиеттік оқу сабақ жоспары 3 сыныптапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)

Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, смайлик, слайд - шоу, үлестірмелер, интерактивті тақта, ребус, жапсырма үлестірмелер

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

І кезең

Ұйымдастыру

  • оқушылармен амандасу;

  • сыныпты топқа бөлу (қобдишадағы үлестірме қағаздары арқылы топқа бөлемін)

  • Топ басшысын сайлау, «Алтын ережеле» құру.

Мұғалім сабақты бастайды.

Топ басшысын және топтың алтын ережесін құрдыру.

Оқушылар тыңдайды, топ басшысын сайлайды, ереже құрады, тілектерін айтады, жаңа сабаққа дайындалады.

ІІ кезең

Үй тапсырмасын сұрау

7 мин




Бүкіл сыныптың жұмысы:

Үй тапсырмасын сұрау

  • "Батырдың ұрпағы"
    Ахат Имантайұлы Жақсыбаев Үй тапсырмасын 3 топқа

үлестірме тарату арқылы сұраймын.

І топ: Әлкей, Олжабай батыр және «Қалмақ қырылған» оқиғасы

ІІ топ: «Шүршіт» оқиғасы

ІІІ топ: «Жасыбай батыр» туралы аңыз

Әр топқа үй тапсырмасын қорыту мақсатында сұрақтар қоямын:

  • Олжабай барыт туралы не білесіңдер?

  • Әлкей туралы не айтар едің?

  • Осы әңгімеде сені үлкендердің қандай әңгімесі қызықтырды?

  • Топтарының аттарына назар аударту (3 топ бірлесе отырып тақырып мазмұныны ашайық)

1 - топ «Ұлы даналар» тобы

2 - топ «Батырлар» тобы

3 - топ «Шешендер» тобы

Оқушылардың іс-әрекетін бақылаймын, керек кезде бағыт бағдар беремін.

Қабілетті оқушылар

ІІІ кезең

  1. Мин











ІV кезең



V кезең

Cөздікпен, түсініксіз сөздермен жұмыс. Жаңа термин сөзбен таныстыру



Талдау

3 мин



Бағалау

2 мин

Қорытынды

1 мин

Рефлекция

1 мин



Ой шақыр «РЕБУС» шешу (Жаңа тақырыпты ашу мақсатында тірек болатын сөздерді табу)

«РЕБУСты» қатесіз шешу арқылы сынып оқушыларына сұрақтар қойылады. Дұрыс әрі толық жауаптар фишкалармен бағаланып отырады.

  • №1 шешуі - «Тұрар Рысқұлов»



  • №2 шешуі - «Шерхан Мұртаза»



  • №3 шешуі - «Портрет»

Балалар жауап беруге қиналып жатса, мұғалім көмектеседі.

Тақырыпқа кіріспе. "Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді"»,- деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі - «Қызыл жебе» романының басты кейіпкері Тұрар Рысқұлов. Ендеше осы романның «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша Тұрар бейнесін ашу мақсатында білімімізді ортаға салайық.

  • Бала Тұрар әдебиеттік оқу сабақ жоспары 3 сыныпШерхан Мұртаза (1932 жылы 28 қыркүйекте, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында туған) - жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

Топтарының аттарына назар аударту (3 топ бірлесе отырып тақырып мазмұныны ашайық)

Оқулық бойынша жұмыс.

Балалар «Бала Тұрар» мәтінін топқа бөліп оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын белгілейді және сызба құрылады.

Сұрақ - жауап кезеңі:

1. Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?

2. Ол қандай сөздер жазды және оларды қалай түсіндірді?

3. Иван Владимирович Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты?

Сөздікпен жұмыс

Бала Тұрар әдебиеттік оқу сабақ жоспары 3 сынып

Портрет

  • Әдебиетте адамдардың кескін - келбетін, жүріс тұрысын суреттеуді айтамыз. Сол арқылы мәтіндегі кейіпкерді көз алдымызға елестетеміз.

Тапсырма:

1 топ

  • Тақта алдында тұрған Тұрардың портретін жазушы қалай суреттеген?

  • Мақалды жалғастыр:

«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы»

«Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен».

2 топ

  • Тұрарға күлген Айбаровқа мінездеме бер?

  • Мақалды жалғастыр:

«Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алар»

3 топ

  • Сыныптағы бір оқушыны суреттеп бер (портретін айт)

  • Мақалды жалғастыр:

«Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала»

Алған білім-білік дағдыны оқушылар талдайды

Әр топ басшылары өз топ мүшелерін фишкалар арқылы бағалайды

Сабақ бойынша алған білімдерін сұрақтар қойып қорытындылау

Үйге тапсырма

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай болды? деген сұраққа жауап алу. Тақтада ілулі тұрған көңіл-күй белгісіне жабыстырып көрсету

Бүгінгі сабақ оқушыларға түсінікті және қызықты өтті, фишкалармен бағалау жоғары баға алуға мүмкіндік берілді, пәнгеге деген қызығушылық, өз-өзіне деген сенім пайда болды.



Мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділіктеріне баса назар аударады.



Мұғалім сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады, оқушыларға тапсырма беріп,

кестеден адам мүшелерін көрсетеді.











Пысықтау тапсырмаларын беремін

Мұғалім тыңдайды



Жиынтық баға қойылады

Оқушылардың іс-әрекеттерін қорытамын, жеңген топты марапаттаймын

Осы сабақ арқылы балалар Т.Рысқұлов, Ш.Мұртаза өмірімен және портрет сөзімен танысады.









Тапсырманы орындап болған дарынды оқушылар, нашар оқушыларға көмек көрсетеді.



Жаңа терминмен танысады

Оқушылар өзін-өзі реттейді



Топ басшысын тыңдайды, өзін-өзі бағалауды, бір-бірін бағалайды

Оқушылардың бойында өзіне деген сенімдері пайда болады.

Оқушылардың алған әсері



© 2010-2022