Сынып сағаты Ару қыздар, Ана өмір гүлі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : " Ару қыздар " , " Ана өмір гүлі " .

Сабақтың мақсаты :

Аналарын , қыздарды , әжелерін мерекемен құттықтап , оларға ыстық ықылас көрсете білуге тәрбиелеу .

Қыздарды халқымыздың әдет - ғұрпын , салт - дәстүрін қадірлеу , ұлтжандылық , отансүйгіштік сезімдерге баулу , тәрбиелеу .

Сабақтың барысы :

- Адам баласы үшін ең аяулы , ең қастерлі , қадірлі сөз - АНА . Бала дүниеге келген күннен бастап , өзінің жұмсақ алақаны , жылы жүзі , ыстық құшағы ғ мейірім толы көзқарасы арқылы , барлық сүйіспеншілік , мейірімділік махаббатын бере білген аналар үшін , жер дүниені мекенденен адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген . Ол - 8 Наурыз мерекесі .

- Армысыздар , ардақты да , қадірлі , аяулы да сымбатты біздің аналар , ұстаздар , ару қыздар . Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер ! Мерекелеріңіз құтты болсын , ардақты аналар !

Бүгін біздің қыздарда дүбірлі той ,

Ден қойып тыңдаңыздар , кқңілді ғой .

Жырдан шашу шашылсын , күй күмбірлеп ,

Қош келдіңіздер , халайық , сергісін бой , - деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер !

Әділдікпен баға берер аруға ,

Әділдікпен қара қылды жаруға .

Әділқазы алқаларын сайлайық ,

Нақ аруды таңдап бүгін алуға .

- Айыстың шарттарымен танысыңыздар !

1. Ата- тегім ардақтым ( таныстыру ) .

2. Өнерлі өрге жүзер ( өнер сайысы ) .

3. Білгенге маржан ( білім сайысы ) .

4. Ас адамның арқауы ( үй тапсырмасы ) .

5. Сұлулық сыры ( киім сән үлгісі ) .

- Ару қыздарды қарсы алыңыздар !

1. Бөлім . " Ата - тегім ардақтым " .

Өнер қуып арулар өтер деймін ,

Бір басына өнері жетер деймін .

Бәске түскен алты ару кезектесіп ,

Таныстырып өздерін өтер дейміз .

Таныс болдық арулардың тегіменен ,

Туып - өскен мекені , еліменен .

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді ,

Таныстырып кетті ғой , төгіп өлең

Айқын

Халқымызға билік айтар даналар ,

Даналардың өзі анадан жаралған .

Жүрегінің бір бөлшегі - бала үшін ,

Сізден жақын адам бар ма , аналар ?!

Али

Балаға ең жақыны сіз ғой , ана ,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана .

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ ,

Теңесе алар бірақ нәрсе - Отан ғана .

2. Бөлім . " Өнерлі өрге жүзер " .

Қыз сұлу көрінеді мінезімен ,

Жаныңа наз қылықпен келгенімен .

Дарытқан бар асылды өз елінен ,

Қыздар сұлу көрінер өнерімен .

- Қыздардың өнерлерін тамашалайық !

Расул

Тіршілік шыққан күннен нәр алады ,

Ананың ақ сүтінен жаралады .

" Анама " деп салған әні ,

Аналар бір сіздерге арналады .

Бейсенғазы

Жанары жалын , жүзі гүл ,

Жүрегі толған мейірім нұр .

Еңбекте асып жүлде алған ,

Өнерден озып жыр жазған !

3. Бөлім . " Білгенге маржан " .

Қыз сұлу көрінеді қылығымен ,

Жарыса төгілген қос бұрымымен .

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы ,

Қыздар сұлу көрінер білімімен .

Ал , арулар , сайысқа қалайсыңдар ,

Сендер өтер әлі де , талай сын бар .

Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп ,

Жауап берсең сұраққа , жарасыңдар !

Сұрақтар :

1. Жеті қазынаны аты .

- Ер жігіт , сұлу әйел , жүйрік ат ,қыран бүркіт , ілім - білім , берен - мылтық , тазы ит .

2. Ою түрлерін ата .

- Қошқар мүйіз , арқар мүйіз , гүл , пішіндерге байланысты , т.б.

3. Үш биді ата .

- Әйтеке би , Қазыбек би , Төле би .

4. Ұлттық ойын түрлерін ата .

- Қыз қуу , алтыбақан , теңге алу , көкпар , бәйге , аударыспақ , ақсүйек , т.б.

5. Салт - дәстүрдің түрлерін ата .

- Шілдехана , бесік той , қыз ұзату , сұндет той , т.б.

6. Қазақ халқының мерекелерін ата .

- Наурыз , рамазан айы , құрбан айт .

Ильзат

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап ,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап .

Ана деген - бәйтерегі өмірдің ,

Ана деген - алтын қазық , алтын бақ .

Бауыржан

Ана деген - асыл жандар болаттай ,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай ,

О , адамдар , қадірлей біл ананы ,

Жат қылыққа ақыл ойды танытпай .

4. Бөлім . " Ас адамның арқауы " .

Көрсетті өнер әр салада сайысып ,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып .

Дастарқанға ас мәзірін жасапты .

Қыздарымыз пысық екен майысып .

- Алты ару үй тапсырмалары қазылар алқасының алдына ұсынылады .

Мадияр

Мен қазақ қыздарына қайран қалам ,

Жанары , жаны жаздай жайраңдаған

" Қыз өссе елдің көркі " - деген сөзді ,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам !

" Қыздар , қыздар " ән .

5. Бөлім . " Сұлулық сыры " .

Сымбатына сән киім жарасатын ,

Аспандағы айменен таласатын .

Өнеріне көркі сай келіп тұрған ,

Аруларға қызығып қарасасың .

- Алдарыңызда біздің сұлу қыздарымыз !

Берік

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар !

Құттықтаймыз мейраммен ,

Құрметті аналар !

Данияр

Аналарды сүйеміз ,

Сөзін оәға түйеміз .

Әжені де ардақтап ,

Әдеппен бас иеміз .

Инам

Ардақты ана , аяулы ана , қымбаттым ,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың .

Өміріме нәрін берді ақ сүтің ,

Кең шуағын аясындай гүл бақтың .

Ерсұлтан

Менің әжем , ақ әжем ,

Ұл мен қыздың бағы әжем .

Ертегі айтып бер десем .

Айтып берер тағы әжем .

Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші ,

Тобымыздың аруы деп жүрейікші .

Әділқазы алқасынан әділдікті ,

Аруларға сәттілік тілейікші !

Қобланды

Апамыз біздің мейірімді ,

Әлпештейді кқңілімді .

Әкем , шешем анасы ,

Әркез тілер өмірімді .

- Ана баласының ғана қамқоршысы емес , ол - адамзат атаулының амандығын тілеп , сол үшін күреске шығатын жан . Сондықтан дүние жүзінің ойшылдары :

8 Наурызды - халықаралықәйелдер күні деп белгіледі . Бұл күні жақсы тілектер айтылады , бірақ осындай тілектерді күн сайын айтсақ та , қуансақ та жарасар .

" Анашым " ән .

- Ардақты аналар , апа - қарындастар , ұстаздар !

Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін . Дендеріңізге саулық , бала - шағаларыңызға амандық тілейміз .

Жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры кетпесін !

© 2010-2022