Тема: Қайдан келдің, бауырсақ?

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қайдан келдің, бауырсақ? Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Мақсаты: 1. Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.

2. Адамгершілік, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, дүкен, наубайхана, диірмен, егіс алқабы, бидай масағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық әзірлік (күннің нұрынан жылу алу)



  1. Үй тапсырмасын тексеру

  • Кәне, балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • Шәміл Мұхамеджановтың «Шуақ» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

  • Ендеше мәнерлеп оқуды бастайық.

  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояйық.

  1. Қуып шықты. Не істеді?

  2. Түсірді. Қайтті?

  3. Жүгіртті. Қайтті?

  4. Бояды. Қайтті?

  5. Ұнатты. Қайтті?

  6. Лақтырды. Не істеді?

  • Бұл сөздер нені білдіреді?

  • Бұл сөздер заттың қимылын білдіреді.

III. Білімдерін тексеру

Жұпар иісі еседі, Қалың киімді ұнатады,

Бақта жайнап өседі. Шешіндірсең жылатады.

(гүл) (пияз)

  • Енді осы жұмбақтардың шешуіндегі заттардың қимылын білдіретін сөздерді табайық.

  • Еседі, өседі, ұнатады, жылатады.


  1. Мақсат қою кезеңі

  • Біз бүгін заттың қимылын білдіретін сөздермен танысуды әрі қарай жалғастырамыз.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі

  1. Кіріспе әңгіме

Өтебай Тұрманжановтың портретін пайдалану, қысқаша өмірбаянын айтып кету

  1. Оқулықпен жұмыс

А) «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып береді.

Ә) Өлеңді оқушылардың іштей оқуы.

Б) Оқушылардың тізбектеп, мәнерлеп оқуы.

В) Өлең мазмұны бойынша сұрақ.

  • Өлең не туралы?

  • Нан дастарханға қалай келеді?

Д) Дәптермен жұмыс.

Е) Көркем жазу

Г) 244 - жаттығу

Плакатқа бұлбұл, бүркіт, аю, қарғаның суреті алдын - ала салынады, қимылын білдіретін сөздермен сызба арқылы қосылады.

Сергіту сәті. «Қайдан келдің, бауырсақ?»


  1. Материалды түсінгенін тексеру

Оқушыларға топтама, толықтыру тесті таратылады.

245 - жаттығу. Есте сақта! Notebooke арқылы слаид көрсету.

Топтамамен, толықтыру тестімен жұмыс.

Сергіту сәті «Ұшты - ұшты»


  1. Бекіту кезеңі

Көрініс (өлеңді көрініс етіп шығару)

Пысықтау сұрақтары. Ой қорыту.

  1. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып келу.


  1. Бағалау . Қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта заттың қимылын білдіретін сөздермен жұмыс жасадық.

Білім білік: өлеңді мәнерлеп оқу, заттың қимылын білдіретін сөздермен таныстыруды жалғастырдық.

Дағдылары: көркем жазуға, мәнерлеп оқуға, рөлдерде ойнауға дағдылана бастадық.





© 2010-2022