Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сабағының жоспары: Ата - аналар жиналысы 21.12.2016ж.

Сабақтың тақырыбы:

Құқықты қорғау.

Жалпы мақсаты:

Ойын-жаттығу арқылы бақылау дағдысын қалыптастыру, көңіл - күйін көтеру, өзіне сенімділігін арттыру.

Сілтеме:

Сабақ жоспары, слайд

Түйінді идеялар:

Ата-аналардың оң көзқарасы мен оң күйі оқу үрдісінің сапасына белгілі бір жағдайда әсер етеді.

Оқу нәтижелері:

Оқу сапасын арттыру мақсатында ата-аналардың қарым - қатынасты анықтауы, реттеу әдістемесін және ата-аналардың көңіл- күйін игеруі

Сабақта қолданылатын материалдар:

А-3 парақтары, стикер, интербелсенді тақта, маркер, бейнероликтер үлестірмелі материал

Дерек көздері:

Бейне материалдар, слайдтар, суреттер

Оқуға арналған тапсырмалар: Ата-аналарға өз балаларына калай дәріс оқыту, дәрісті тиянақты меңгеруне және есте сақтау қабілеттерін дағдыландыруға, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында бірлескен жұптық ойын - сөз немесе суреттері бар бірнеше парақтарды өз уақытысында тобымен бірге бірлесе шешіп, өз деңгейлерін көрсетуге тырысады. Мақал - мәтелдер беріледі. жалғасын тауып мақал-мәтелдерді толықтырады. әр топқа арнайы тақырып беріледі, тақырып бойынша қоғамда болып жатқан мәселелерді байланыстыра отырып қорғайды. Әрбір ата-ана өз баласының ертеңі үшін, кез келген амалдарды орындап, баланы биіктерден көрсетуге, өмірге деген құштарлығын арттыруға бірден - бір себеп болу керек. Бүгінде ата - ана, ұстаздар қауымы, білім мекемелеріндегі психологтар мен әлеуметтік педагогтар үшін негізінде психологиялық - педагогикалық , психотерапевтік көмекті қажетсінетін жасөспірімдердің өзіне - өзі қол жұмсау күйзелісін дер кезінде анықтау қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселеде үлкен жауапкершілік пен арнайы білім қажет.

Сергіту сәті: 3 мин

"Ой сергітер бейнежазба немесе музыка тыңдату"

Ата-аналар шеңберге тұрып, бейнежазбаны көріп, қимыл - қозғалысты жасайды.

"Ата - аналарды топқа бөлу"

4 мин

Топқа бөлу. Кеспе қағаздары арқылы топтарға бөлу:

1- "Жолбарыс"

2- "Сиыр"

3-"Қоян"

4- "Тасбақа"

5- "Торғай"

Кеспе қағаздары арқылы топтарға бөлінеді.

І тапсырма 15 мин "Құқықты қорғау" тақырыбында баяндама оқылады. Баланың өз өмірімен қоштасуы, өз өзіне қол жұмсауына не түрткі болғаны туралы бейнежазба көрсетіледі. Әр топ өз ойын бірлесе отырып тұжырымдап баяндау.

Аутодеструктивті мінез-құлқына қатысты әрекеттер мен оның алдын алу үшін ең алдымен ата-ана баланың көңіл күйіне ерекше назар аударып отыруы керек. Жалпы, баланың күйзеліске душар болып жүргенін мына бір әрекеттерден де анық аңғаруға болады.

  • Баланың мінез-құлқы үйде өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостанып жүреді.

  • Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейтеді.

  • Мектепте болған ситуациялардан қашады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.

  • Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте мазасын алып жатқандарға тасиды.

  • Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.

  • Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.

  • Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:

  • ұйқысы бұзылады;

  • ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегісе беретін болады;

  • апатия, депрессия:

  • достарын жиі ауыстырады.

ІІ тапсырма

15 мин Ата-аналар өз жадыларын тиімді пайдаланып, мақал - мәтелдердің жалғасын табу мақсатында өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

1. Еңбек етсең ерінбей .................

2. Еңбегі бардың .............

3. Ел іші ..........

4. Білім алмай болдым деме,

Еңбек етпей ........

5. Бейнет, бейнет түбі - .....

6. Еңбекпен ел көгерер,

Жаңбырмен ......

7. Еңбекшіл болса ұл жақсы,

Ерінбейтін .....

8. Атаның көңілі балада,

Баланың .....

9. Балалы үй базар,

Баласыз....

10. Өз үйім......

ІІІ тапсырма Постермен жұмыс 25 мин 1."Тазалық- денсаулық кепілі" 2. "Ұстаз бен ата-ана және бала арасындағы қарым қатынас" 3. "Бұлақ көрсең көзін аш"

4. "Мінсіз мұғалімнің бейнесі" 5. "Жалпы адамдар арасындағы сыйластық" тақырыптары бойынша саралап, бес топ жұмыс жасап постер қорғау Білікті де білімді ата-аналардың ерекшеліктерін атап, саралап, талқылап бес топ жұмыс жасап постер қорғады.

1. "Зерек" тобы. Жалпы адамдар арасындағы сыйластық тақырыбы бойынша былай тұжырымдады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Барлық жерде сәлеміміз түзу болсын, келер ұрпаққа, болашақ жастарға үлгі өнеге болатындай дәреже жеткізуіміз керек дедіАдам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. . Және де мынадай өлең шумағымен аяқтады.

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдепті қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс) Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

2. "Өркен" тобы. Бұлақ көрсең көзін аш деген тақырыпқа өз ойларын мынадай тұжырымдады. Түбірі қатты болса, жемісі тәтті болады. Талаптыға нұр жауар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» деген даналықты ескерер болсақ, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау, білім мен ғылымға, шығармашылық дамуға, қоғамдық бастамалардың жаршысы болуға деген талпынысын дер кезінде қолдау бүгiнде аса маңызды мәселе. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, жас ұрпақты қолдар азаматтар қазақ елінде кем болған емес. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты - жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Жастар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше, жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

3. "Бәйтерек" тобы. Мінсіз мұғалімнің бейнесі тақырыбында өз ойларын айтты. Білімді, еңбекқор, әрдайым ізденісте болу керек. Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы - ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға.Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз - білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

4. "Алға жас" тобы. "Ұстаз бен ата-ана және бала арасындағы қарым қатынас" туралы былай деді. Ұлағатты ұстаздардың әрқайсымыздың өмірімізде алатын орны ерекше. Олардың бізге жасаған жақсылығын қайтара алмайтынымыз анық. Назарларыңызға ұстаз бен шәкірт туралы қанатты сөздер ұсынамыз. Ал біздің ұстазымыз шәкірт алдында адал, өзіне де, өзгеге де әділ. Көңілге түйгенін жалған дипломатиясыз ағынан жарылып алғаусыз сөйлеп тұрғаны шәкірт алдында! Жеке басымызға қалай тиер ұстаз сөзі, оған қарап жатқан біз жоқ. Өйткені, ұстаз - бір кісі, шәкірт мың кісі. Бізге керегі - бірге жаққан сөз емес, мыңға жаққан сөз! Ұстаз - бірдің тілекшісі емес, мыңның тілекшісі! Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

5. "Тапқырлар" тобы. "Тазалық - денсаулық кепілі" туралы былай деп қорғады. Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі - салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық - денсаулық. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; -Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау - бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; - Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; - Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; - Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; - Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; - Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; - Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; - Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; - Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой; - Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын. - Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой. Тері тазалығы - адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

ІV тапсырма

20 мин "Менің бейнем" тренингі. Ата-аналардың өзіндік бейнелері туралы психолгиялық мінездеме беруді негізге алады. Таңдалған бейне бойынша оларға психологиялық мағлұмат беріледі. Бұл мағлұмат олардың өзіндік ерекшеліктерін, болшағына деген сенімділігін нығайтуды қамтамассыз етеді.

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

V Бағалау

3 мин

Смайликтер арқылы бағалау әдісін меңгерту

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

ІV Рефлексия

5 мин

Берілген сұрақтарға жауап беріп, рефлексия жазу

1. Саған не ұнады?

2. Саған не ұнамады?

3. Тапсырма кезінде қиналдыңыз ба?

4. Ата-аналарға не ақыл айтар едіңіз?

5. Жиналыс көңіліңізден шықты ма?

Жиналыстан алған әсерлерін рефлексия жазу арқылы білдіреді.

Іс шараның тақырыбы

Мақсаты

Сипаттамасы

Дәлелдеме

"Жалпы адамдар арасындағы сыйластық"

Ойын-жаттығу арқылы көңіл - күйін көтеру, бір- біріне деген сыйластық пен кішіпейілдікті өзіне деген сенімділігін арттыру.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Барлық жерде сәлеміміз түзу болсын, келер ұрпаққа, болашақ жастарға үлгі өнеге болатындай дәреже жеткізуіміз керек











Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Іс шараның тақырыбы

Мақсаты

Сипаттамасы

Дәлелдеме "Бұлақ көрсең көзін аш"

Ойын-жаттығу арқылы көңіл - күйін көтеру, бір- біріне деген сыйластық пен кішіпейілдікті өзіне деген сенімділігін арттыру.

Түбірі қатты болса, жемісі тәтті болады. Талаптыға нұр жауар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» деген даналықты ескерер болсақ, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау, білім мен ғылымға, шығармашылық дамуға, қоғамдық бастамалардың жаршысы болуға деген талпынысын дер кезінде қолдау бүгiнде аса маңызды мәселе.







Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Іс шараның тақырыбы

Мақсаты

Сипаттамасы

Дәлелдеме "Ұстаз бен ата-ана және бала арасындағы қарым қатынас"

Ойын-жаттығу арқылы көңіл - күйін көтеру, бір- біріне деген сыйластық пен кішіпейілдікті өзіне деген сенімділігін арттыру.

Ұлағатты ұстаздардың әрқайсымыздың өмірімізде алатын орны ерекше. Олардың бізге жасаған жақсылығын қайтара алмайтынымыз анық.











Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Іс шараның тақырыбы

Мақсаты

Сипаттамасы

Дәлелдеме "Мінсіз мұғалімнің бейнесі"

Ойын-жаттығу арқылы көңіл - күйін көтеру, бір- біріне деген сыйластық пен кішіпейілдікті өзіне деген сенімділігін арттыру.

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы - ұстаз.











Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Іс шараның тақырыбы

Мақсаты

Сипаттамасы

Дәлелдеме "Тазалық- денсаулық кепілі"

Ойын-жаттығу арқылы көңіл - күйін көтеру, бір- біріне деген сыйластық пен кішіпейілдікті өзіне деген сенімділігін арттыру.

Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық - денсаулық. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.








Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)

Құқықты қорғау (Ата-аналармен өткен жиналыс)



© 2010-2022