Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Су. Судың қасиеті 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні: дүниетану Мұғалімі:Шарденова Қ.Ш.

Сыныбы 2 « Г »
Сілтеме Дүниетану. К.Жүнісқызы. Н.Жапанбаева.

Сабақтың тақырыбы Су.Судың қасиеті

Сабақтың мақсаты

Су тіршілік көзі жайлы ұғым бере отырып, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттері жайлы түсінік беру.



Күтілетін нәтиже

Жаңа сабақты меңгереді,тәжірибе жасау арқылы судың

қасиетін анықтайды. Топпен жұмыс жасау арқылы өз ойларын айта алады.



7модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".




Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Мағынаны тану, ой қозғау СТО, жеке, топпен жұмыс, «Кубизм» ойыны.


Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, плакат,маркер,электронды оқулық. Тәжірибе жасау үшін ыдыстар, оқу құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті



Психологиялық дайындық

Топқа бөліну

Сергіту сәті

Оқушылар шаттық шеңберін құрып психологиялық дайындық жасайды. Тақтайшаға жазылған атаулар арқылы топқа бөлу

-Шөлдегенде не ішеміз?

-Тыныс алу үшін ше?

-Жаурағанда ше?

-Қараңғыда ше?

Жалпы тіршілік атаулыға не керек?дей отырып топқа бөлемін .

1-топ-Ауа 2-топ-Су

3-топ-Жарық 4-топ-Жылу

Бағалау парақшасы арқылы топ басшысы бағалайды.

(Табиғатты аялайық) Сергіту биі

.Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.




Білу

Постер қорғау

<Кубизм>ойыны

-Үйге не берілді?

-Ауаның ластануы

Ойын ойнату арқылы үй тапсырмасын сұрау

-Ауаның табиғаттағы пайдасы?

-Ауаның ластануы?

-Таза ауа денсаулық кепілі

-Ауаның негізгі қасиеті


Оқушылар үйге берілген тапсырмалар бойынша жауап береді.

Топқа берілген тапсырмаларды орындайды, топтап жазады.




Түсіну

«Ой қозғау» әдісі

Электронды оқулық

Жұмбақтар

1.Өзен, көлде өмір сүреді

Аспанда қалқып жүреді.

Іші пысқан кездерде

Жерге тамып жүреді.

2. Жылт-жылт етеді

Жылғалардан өтеді

Сылқ-сылқ етеді

Аяғы жоқ жүреді.

Интербелсенді тақта арқылы судың қасиеті туралы толық мағлұмат алады.


Оқушылардың мұндағы мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Оқушылар өздерінің су туралы білетіндерін айтады.



Қолдану

Топтық жұмыс

Су тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Ол сұйық зат. Өзен , көл, теңіз, мұхиттарды құрайды.Жер шарының 4/3бөлігі су.

Тәжірибе арқылы көз жеткізу.

1-тәжірибе.

1ыдысқа сүт, екінші ыдысқа су құй. Қайсысы анық көрінеді? Сүт-ақ, су-түссіз.

2-тәжірибе

Бір ыдысқа су, екінші ыдысқа шырын құй. Дәмін байқа.Су дәмсіз.

3-тәжірибе

Шырын мен суды иіскеп көр. Су иіссіз.

4-тәжірибе

Суды әртүрлі ыдысқа құй. Не байқадың?Суда нақты пішін жоқ.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды, көзбен көреді, дәлелдейді.


Дәптермен жұмыс


Су түссіз, мөлдір иіссіз,

Суда тұрақты пішін болмайды,

Су буға айналады

Қысқы су мұзға айналады.

.

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Естеріне сақтау арқылы жаттайды.


Талдау

Топпен жұмыс

Күн көзі жылуынан су буға айналады, бу ауаға араласады, қысқы суықта су қатып, мұзға айналады.

Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізеді.


Жинақтау


1-топ Су туралы мақал-мәтелдер

2-топ Су туралы тыйым сөздер

3-Судың пайдасы

4-топ Судың зияны


Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды жазып-оқиды, ортаға щығып қорғайды.


Бағалау


Топ басшысы өз топтарын бағалау парақшасы арқылы бағалап шығады.



Рефлексия


Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.


Үйге тапсырма

Су. Судың қасиеті. Оқып, түсінік айту.





© 2010-2022