Ой толғау есебінің жинағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жалтыр негізгі мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:Гүлнара Төлебайқызы Оспанованың ой толғау есебі Міне,заман талабына сай ұйымдастырылып отырған осы үш айлық курсқа үйренсем,білсем екен деген оймен мен де келдім. Осы курсқа келместен бұрын мен не білдім? Күнделікті дәстүрлі сабаққа дайындалып, дәптер тексеріп, күнделік тексеріп, тағы басқа жұмыстарды атқардым. Үш деңгейлікке барып, сертификаттарын алған әріптестерінің сабақтарынан өзіме ұнатқан қажетті ғана әдістерін алып қолдандым. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дегенмен дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірі басым болушы еді. Оқудың бірінші күні тізім бойынша түгендеуден, құжаттар жинап,топпен танысудан «Танысу»тренингінен басталды.Танысудан кейін топқа бөлініп «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не жайында пікір туындап,сол жайында ой бөлістік. Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? Онда ынтымақтастық және өзара әрекеттестік негіздейтіні,ал топты қалай ұйымдастыруға болады? дегенге топты ұйымдастыру ережесін құру,саны,жұмыс нәтижесін бақылау,жас ерекшеліктерін ескеру екенін талқыладық. Жалпы,топтардағы бірлескен жұмыс мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады екен.Олар әлеуметтік,танымдық және эмоционалдық . Әлеуметтік -тәжірибемен және идеялармен алмасу,мәселелерді бірлесіп шешудің амалын табу,барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу. Танымдылық-жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу,дағдылармен түсініктер ді қалыптастыру. Эмоционалдық-топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену,күрделі тапсырмаларды орындау үшін жағдай жасау екені жайлы білдік. Одан екінші күнінде тарихи құндылықтары жайында,Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы яғни биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер((негізгіөмірлік қажеттіліктер:ауа,тамақ,су,баспана) қауіпсіздік деген қажеттілік,сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік,өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік,өзін-өзі таныта білу -басқа Сатыларға қатысты мақсаттардың да басымдыққа ие болуы мүмкін,бұған жұмысты аяқтау және импульстарды бақылау сезімдерін жатқызуға болады. Карл Роджерс 1983 жылы «мен»тұжырымдамасын және жеке тұлғамен ,оның тәжірибесімен қарым-қатынас жасау маңыздылығын дамытты.Одан әрі әр адам өз тәжірибесіне ре флексивті түрде талдау жасап,сыни тұрғыдан ойлауға үйрену,мінсіз мұғалім,мінсіз оқушы жайында ой бөлістік.Бандура 2001ж.өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторды ерекшеледі,олар физиологиялық және эмоциалық,әлеуметтік сенім,жанама тәжірибе,қол жеткізген нәтижелер,Көзге көрінетін оқу.Профессор Джон Хэтти инновация әдістерін қамтитын 180000 жұмысты зерттеу әсер мөлшері 1999-2009 барлық Окленд Университеті Жаңа Зеландия.Метаанализ-әсер мөлшері.1976 жылы Джене Гласс метаанализ ұғымын енгізген.Төртінші күні салт -дәстүр,ұлттық құндылықтар жайында болды. Шульман 2007ж.Бас-тәжірибені түсіну,дамыту,жетілдіру.Қол-оқытуды бағалау,қолдана білу,жүрек-сезіне білу,рефлексия,құндылықтарды тұжырымдау екенін біліп,ой бөлістік. Бесінші күні -кедергілерді анықтау,кешірім сұрай білу,кешіре білу жайында ой бөлістік..Пиаже теориясы 1960 жылдары ол «эпистемиялық субъектіні» зерттеген,ассимиляция және бейімдеу деп аталатын екі ұғымды болжаған. Міне, бүгін екінші аптаның бірінші күн үш топ бойынша бір жұма бойы не үйреніп не білгенімізді ортаға салу мақсатында әр топ өнерлерін ортаға салды. Содан соң күнделікті әдетіміз бойынша сабағымызды жалғастырдық.

200 сөзден құрастырылған рефлексивті есебімізді оқып,сұрақтарға жауап бердік,содан соң сабақ берудегі әлеуметтік өзара әрекеттестәктә нығайту мақсатында Кейс Стади математикалық пікірталас сапасын арттыру ,оқушылардың қашықтықтан кеңес беруші ұйымдастыру мәтіндік аудиовизуалдық,мультимедиалық оқу әдістемелікматериалддарды жинау, және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеру үшін негізделгені екені жайлы білдік.Содан соң оқытудың интерактивті және инклюзивті әдістері жайында ой бөлістік,интерактивті оқыту-әрекет көмегімен және әрекет арқылы ,диалог арқылы үйрену ал инклюзивті оқыту-оқушының барлық мүмкіндігін,қабілеттерін ескере отыра оқыту екені жайлы мәліметтер білдік.

Оспанова Гүлнараның ой толғау есебі

Қалай оқу керектігін үйрену-модулінің «өзін-өзі реттеу»не?

Қалай оқу керектігін үйрену-модульінің «өзін-өзі реттеу»бұл үдерісте оқушылар үшін метатану арқылы бақылау оқу тәжірибеге қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады екен.М-лы:1-сыныпқа келген оқушының жас ерекшелігіне қарамастан өздерінің оқуына оқушы түрде қарап,тапсырмаларды шешу үшін өзіндік іс -әрекеттер жасайды екен.

Өзін-өзі реттеумен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту саналы оқушы болудың кілті деген екен Флейвел (1976ж)

Зерттеулерге сүйенсек Флейвел ерте жастағы балалардың есте сақтауына тапсырмалар берілген екен сол кезде ересектеулері бір нәрсені есте сақтау үшін күш салу,қайталау,реті бойынша есте сақтау керегін түсінді ал кіші топтар болса бұл тәсілдерді пайдаланбаудан есте сақтай алмаған.Міне,1сыныпқа келген оқушылардың есте сақтау, зейінін тұрақтандыруға арналған жаттығулар,ойындарды көбірек қолдануым керек деп шештім.Сонымен Флейвелдің тағы бір айтқаны ол дамыту ойындарын ойнату кезінде қабілеті жете тұра жақсы нәтиже көрсетпесе ол «өнімділік тапшылығы» деген екен,мұқият тыңдамау,зейін қоймау әсерінен болғандықтан содықтан оқушылардың назарын аудару,қызығушылықтарын арттыруым керек деп ойлаймын.Білім алуда метатанудың үш сипатын жүйелі түрде қолдана білу,Цимерман( 1994ж)баланың өз білімін бағалауда мониторинг жүйесіне көп назар аударған, оқушылардың білімдерінің жүйелілігін қорытындылауда мониторинг жүйесін өз-іс тәжірибемде ретінше,тиімді де жүйелі түрде қолданамын деп ойлаймын.



Оспанова Гүлнара Төлебайқызының

ой толғау есебі

«Өзін-өзі реттеу»дегеніміз не?

«Қалай оқу керегін үйрену» моделі «өзін-өзі реттеу»үдерісіне жатады. «Өзін-өзі реттеу»метатану арқылы яғни,түсіну,бақылау жауапкершілікпен қарауларының әсерінен жүзеге асады.Бүгінгі видеокөріністен түсінгенім Марта Бронсонның (2000ж) 4 саласын анықтап көрсеткен. «Өзін-өзі реттеу»моделін эмоциялық,танымдық,әлеуметтік,ынталандырушылық деп бөлген екен.Міне,видеокөріністерден «өзін-өзі тану»моделінің қай түрі екенін анықтау болатын.Ол көріністерден «Балмұздақ», «Өрт сөндірушілер»,

«Дәрігер», «Құрылысшы»кейпіндегі балалар ойынын көріп,бақыладық.

Ойын барысын бақылай отыра «Балмұздақ» ойыны-әлеуметтік, «Өрт сөндірушілер»эмоциялық, «Дәрігер» ойыны ынталандыру, «Құрылысшы» ойыны танымдық саласына жататынын анықтап білдік.Осы видеокөріністер ден көп мағлұматтар алдым деп ойлаймын және келешекте осы көріністерден өз ойыма түйгендерімді келешекте өз іс-тәжірибеме пайдасы тиер деп ойлаймын. Сонымен қатар өз бетінше оқуды дамытуды бақылау парағы бойынша жұмыс жүргіздік.Осы парақ бойынша жұмыс жүргізу мен үшін өте қызықты да тартымды болды.Өз сыныбымның бір оқушысын сұрақтарға жауап бере отыра эмоциялық,танымдық,әлеуметтік,ынталандырушылық салалары бойынша бөліп,зерделедім. Оқушының жеке өз бетінше дамытуды бақылау парағы әр баланың дамуының ерекшелігін білуім өзім үшін де маңызы зор деп білемін.

Оспанова Гүлнараның ой толғау есебі

Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану-бұл да заман талабына сай бүгінгі білім жүйесіндегі елеулі өзгерістердің бірі.

АКТ -ның дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгеріп отыруды талап етеді.

Мектептегі технологияларды атап айтар болсақ олар мыналыр:теледидар бағдарламалары,сандық теледидар,интернет жүйесі,ұялы телефондар,ұтқыр қондырғылар,компьютер,ноутбуктар.АКТ қазіргі уақытта оқушылар үшін қиындық тудырмайтыны анық.Кез-келген үйде ақпарат қодырғылар бар.Ал ауыл мектептері үшін қиын болары ол интернет желісінің желіге қосылмуы.Егер интернет желісі қосулы болса әрине қажетті деректерді дер кезінде қарап,біліп отырса,республикалық,халықаралық олимпиадалық,интел.зиаткерлік ойындар тапсырмаларын орындау кезінде осы интернет желісінің болмауынан біршама қиындықтар туындайды.

АКТ-ны қолдануда оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидалары бар,олар не үшін қажет және тигізер пайдасы қандай?

  1. Оқушыға бүкіл өміріне жеткілікті білім береді.

  2. Білімді арттырады.

  3. Алдын ала зерттеу мен тәжірибегек негізделеді.

  4. Оқушының іскерлікпен белсенді қатысуына ықпал етеді.

  5. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалауды қолданады.

  6. Оқытуды қолдайды.

  7. Әлеуметтік және жеке процеске ықпал етеді.

  8. Мазмұндық оқытуды жүзеге асырады.

  9. 9.Кәсіби дайындық деңгейін жетілдіреді.

Міне осы АКТ жүйесін және оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаларын кез-елген сабақта тиімді ,сабақ мазмұнына сай,ретімен қолдана білудің өзі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты екені анық.

АКТ-ны сабақтарда тиімді пайдалана білу :Аудио және подкастинг

Подкаст деген не?Подкаст радиоқойылымға ұқсас(интернетте орналастырылған,цифрланған бағдарлама).Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейін кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп интернетке орналастырылған.

Сабаққа керекті сұрақтар

1 . Метатану бұл ...

1. ерте жастағы балаларға қалай оқу керектігін үйрету;

2. Білім алуды үйрету

3. когнитивтік үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып білу және ойлауды реттеу;

4. жеке тұлғаны қалыптастыруда жоспарлы әрекет етуге бағыттау;

2. Сыни тұрғыдан ойлау қалай сипатталған...

1. оқу туралы ойлау;

2. ойлау туралы ойлану;

3. баға туралы ойлану;

4. түсіндіру туралы ойлану.

3. Метасана дегеніміз не?

1. тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыруы;

2. оқуды және жазуды үйрену;

3. оқу сан алуан тәжірибелік қызметке қатысуды қамтиды;

4. оқу туралы ойлау.

4. Таксономия ұғымын қалай түсінесіз?

1. оқу, теория және білім

2. білім, оқу және заң;

3. еңбек, оқу және білім,

4. орналасу, қатар, тәртіп және заң.

5. Жан Пиаженің ойлауды дамыту теориясы қай жылы басымдылыққа ие болды

1. 1906ж 2. 1609ж.

3. 1860ж. 4. 1960ж.

6. Пәндік білімдер дегеніміз не ?

1. алдын ала зерттеу мен тәжірибеге негізделеді;

2. оқушыға бүкіл өміріне жеткілікті білім береді;

3. оқылатын пәннің өзекті білімдері;

4. білім берудің жалпы негіздері.

1 . Мектепте оқушы үніне көңіл бөлуді зерттеген 1 .Флаве . зерттеуші . 2 2. Выготский

2. Метасана терминін кім енгізді? 3.Cыныптағы талқылаудағы дәлелдің үш түрін . талқылаған кім? 3.Джин Раддок

4. Мерсер



Оспанова Гүлнараның Ой толғау есебі

Бағалау дегеніміз не,

Бағалау тек технологиялық тәсіл емес.Бағалауда күнделікті жазбаша да ауызша да бағалау жолдарымен бағалаймыз.Оның негізінде тек қана нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай ақбаланың дамуы,ынтасы сонымен қатар өзін-өзі бағалауы күш жігері,қабілеттілігі сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады деген екен Александер (2001ж)

Бағалау-одан әрі оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқыту нәтижелерінің жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылған термин.

Бағалау формативті және сумативті болып екіге бөлінеді.Оқытуды,әдістерді осы мүмкіндіктерді іске асыру жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған түрі яғни әр жұмысқа баға беру формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады,ал оқудың алға жылжуы,немесе тест кезіндегі жиынтық ол сумативті бағалау болып саналады.Сонымен бағалаудың мақсаты не?Олар:

1.Оқу қиындықтарын анықтау.сауаттылыққа,тестер,өзіндік түзетулер жатады.

2.Кері байланыс.

3.Ынталандыру,ұжыммен кері байланыс.

4.Болжау.сұрыптау.

5.Стандарттарды бақылау.

6.Оқыту бағдарламаның мазмұнын жіне оқыту стилін бақылау.

Негізі оқыту үшін бағалау ол оқушының әрі қарай дамып олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.Сонымен ойымды қорыта келе бағалау не үшін және жалпы бағалау керек пе деген ой келді?Яғни әр оқушының білімін,қабілетін,өзін-өзі бағалауын күш жігерін,ынтасын бағалау үшін қажет деп,Александердің сөзімен келісемін деген ой түйдім.

Мұғалімнің бағалаудағы рөлі.

«Бағалау»термині «жақын отыру» деген мағынада латын тілінен аударылуы кездейсоқ емес,себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам екінші адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес

ойлауы,түсінігімен тәртібін мұқият бақылауы болып табылады екен.Бағалаудың түрлері төменднгідей екен.

1.Бақылау.

2.Алынған мәліметтердің импретациясы.

3.Іс-әрекеттің анықтау үшін шешімдерді қорытындылау.

Бұл жерде импретация деген қызығушылық тудыратын,ерекше дағдылар ,көзқарастар қалыптасуы екен немесе санамен ойлаудың нәтижесі болып табылады,кейде логикалық қорытынды деп атайды.

Мұғалімнің бағалаудағы рөлі қандай.Мұғалім жетекшіретінде не істей аламын?Кері байланысты қамтамасыз етіп,әр оқушыға қолдау көрсетуім керек.Ал жетекші ретінде не істей аламын?Диагностикалық ақпарат жинастыру.Ал есепке алу маманы ретінде оқушылардың өсуі және жетістіктері туралы жазу,ал баяндамашы ретінде оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына ,оқушыларға,мектеп әкімшілігіне баяндау.неге бұлай деген сұрақ туындауы мүмкін,бүгінгі таңда ең басты рөлде оқушы ал мұғалім бақылаушы,бағыттаушы болуы тиіс.



Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында,

Жас ұрпақтың болашағы ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев.

Заман талабына сай өзгеріп жатқан заманда елбасымыздың өзі де жас ұрпақ тәрбиесіне жете көңіл бөліп,ұстаздарға мол сенім артып отыр.

Міне осы сенімді сезіне білген әр ұстаз білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуге жағдай жасап,тырыссақ та бар баланы бірдей деңгейде бағалау мүмкін емес,неге деген сұрақ туатыны анық.Бұның сыры барлық баланың ойлауы,түсінулері,қабылдаулары бірдей емес екен олардың арасында дарынды да,талантты балалардың болуында екен.

Енді дарынды және талантты балалар дегеніміз кімдер,оларды қалай анықтауға, оқытуға болады.

Дарынды,талантты балаларды анықтауда ойлауды,талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе туындайды.Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.Бұл кезеңде талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушы» ретінде көрсетуге тиіс.(Eyre and Lowe,2002)

Жалпы мұғалім баланың талантты ,дарынды екенін қалай анықтайды?

Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.балалар бір пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін.Мысалы:спорттық,әртістік,музыкалық таланттарымен танылуы мүмкін,сонымен қатар бір салада дарынды болса бір салада қиындыққа тап болуы мүмкін.Сондықтан ата-аналар,мұғалімдер бірлесіп осы баланың бойындағы дарындылықпен талантты айқындай біліп,дарындылықтарымен таланттарын көрсете білуге мүмкіндіктер туғызып,жағдай жасауға тиіс.Британдық оқыту мен оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту тәжірибесінде көптеген кейс-стади әзірлеген екен,мақсаты сыныптардағы талантты да дарынды балаларды анықтауда әртүрлі әдіс -тәсілдерді қолданып,жүргізген.

Осы салада көптеген ғалымдар Эйр,Выготский,Катцтың еңбектері теориямен зерттеулерде міндет қоя отырып жұмыс істеу нәтижеге апаратын жол деп,ал Выготский бойынша тым күрделі тапсырмалар беру балалардың ынтасын жояды деген, «Жақын арадағы даму аймағы»теориясы қабілеттерін,деңгейлерін бағалаудың тиімді жолы екенін баса айтқан.

Оспанова Гульнараның ой толғауы

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету -бақылаудың,тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға,талдауға бағытталған пәндік шешім.Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға,баламалы шешім қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылуға әрекеттерге сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Сыни тұрғыдан ойлаудың негізі кіші жастағы балалармен жұмыс барысында,қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.

Бұл кезеңде басты ең оңтайлы тәсіл -балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Осы сыни тұрғыдан ойлауға үйретуден бала нені үйренеді деген ой келді?

Яғни ұтқырлық-ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылуы,үзілді-кесілді жауаптанда дәлелдер іздеп сол дәлелдерге нақты жауап беруге ,эмоцияға емес себепке негізделу.

Пайымдау-дәлелдердің деңгейімен маңыздылығын мойындау.

Тәртіп-тиянақты,нақты және жан-жақты болу керек.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жайлы ойымды қорытар болсам сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушыларды белсенді,мінездерінің ашық болуы,жаңашыл,біілім деңгейінің жоғары болуымен тиімді деген ой түйдім өзіме.

Оспанова Гульнараның ой толғауы

Сыныптағы диалогтің маңызы

Ғылымыи зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ сабақта диалогтың маңызы өте зор екен.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар,олардың білім дәрежелеріне қосар үлесі де зор деп атап көрсеткен екен.Александер (2008ж)диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санаған.Сонымен қатар диалог түрінде оқыту жайында Бахтин (1981ж),Мерсер(2005ж),Велс(1999ж)және Вуд(1998ж) пікірлерін білдірген.Александеодің пайымдауынша,диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда «салауатты»келешек мүмкіндіктерін анықтап,оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен түсінбеушіліктерін жеңе білуге көмектеседі деген.

Ал Выготский ( ЖАДА) «Жақын арадағы даму аймағында»жұмыс істесе ерекше ойлау қабілеттерінің артатынын,қабілетті оқушылармен араласу мәдениет,қоршаған ортамен өзара қарым -қатынас жасау оқушыларды ересектерше сөйлеуге ,ойлау әдістеріне үйретеді деген екен.

Сондай Александер (2001ж,2008ж) тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтаған екен. Олар:механикалық есте сақтау(үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді,ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау)

Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендердіеске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отыра ,жауапты ойлауға жинақталған біліммен ұғымдарды толтыру екен.

Нұсқаулық (оқушыға не істеу керегін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу)

Талқылау ( мәселелерді шешу жөнінде ой бөліседі)

Диалог (қателіктерді азайта отыра,түсініктерді мен қағидаларды жеткізуге,тездетуге ықпал ету )Сонымен диалогтік оқытудың түпкі мәні өзара білім алуға жағдай тудыратын,қолдаушы болып табылады.

Осы оқу барысынан диалогты оқытуды өз іс -тәжірибеме біраз мағлұматтар алдым,олар «9 алмаз ойынындағы кері байланыс»,жұптық,топтық жұмыстарда және кейс-стади дебатты ойындарының маңызы зор деп ойлаймын.

© 2010-2022