Әдептілік әлеміне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әдептілік әлеміне саяхат.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға әдептілік ұғымын тереңірек ұғындыру;

Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу; өзін-өзі тәрбиелеуге жол ашу.

Дамытушылық: Дүниетанымын, тілдік қорын кеңейту.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, тірек-сызба.

Жүрісі: ( Әуен ойнап тұрады.)

Әдептілік әліппесі. Әбдірахман Асылбеков

Атам маған әмәнда

Әдепті жан бол дейтін.

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізеті мен кісінің

Сәлемдесіп қол берем.

Атам маған әмәнда

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

- Бұл өлеңде адам бойында кездесетін қандай қасиет туралы айтылған? (Оқушы жауабы тыңдалады)

- Яғни бүгінгі тәрбие сағатымызда «Әдептілік әлеміне саяхат» жасай отырып, әдепті болу үшін қандай жақсы қасиеттерді үйренуіміз керек, бойымызға сіңіре беруіміз керек екенін үйренетін боламыз.


  1. Ой- толғаныс.

Әдепті бала - арлы бала

Әдептілік әлеміне саяхат.Әдепсіз бала - сорлы бала.

I топ.

II топ.


III топ.

Әдептілік әлеміне саяхат.

Сурет бойынша әдепті баланың тұсына -

Әдептілік әлеміне саяхат.

әдепсіз баланың тұсына - белгісін қою керек және дәлелдеу керек.

2. Шығармашылық жұмыс. 2 жол өлеңді жатқа айту.

I топ. Ашуланбай, долданып

Жауап бергін ойланып.

II топ. Іштарлыққа жол берме

Бақталастық білдірме.

III топ. Мақсат қоймай алдыңа

Қыдырып құр қаңғыма!

3. Берілген суретті пайдалана отырып өлең жолдарын айту.

I топ. Асықпай іш тамақты

Жалама ..... Әдептілік әлеміне саяхат.........(ыдыс-аяқты)

II топ. ...Әдептілік әлеміне саяхат...........(пышақты) ұста оң қолмен

.....Әдептілік әлеміне саяхат........ (шанышқыны) ұста сол қолмен.

III топ. Салма аузыңа ....Әдептілік әлеміне саяхат....(инені)

Үзбе жұлқып .........Әдептілік әлеміне саяхат.............(түймені)

4. Ұйқасын тап

I топ. Саусағыңды сормағын,

Салдыр - салақ ................. (болмағын)

II топ. Құр бекерге .........................(қылтима)

Болмашыға ..........................(бұлтима)

III топ. Қарсы ал ерте күн көзін

Төсегіңді .............................(жи өзің)

3. Сергіту сәті Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар әлемді құрметтеп

Бас иеміз біз.

4. «Сен не істер едің....?» Ситуациялық тапсырма.

І топ:Көршің саған танысына апар деп хат беріп жіберді. Хаттың аузы ашық, жабылмаған. Сенде қызығушылық пайда болды. Сен не істер едің?

ІІ топ:Анаң жұмысқа кетерде саған «есікті ешкімге ашпа» деп қатаң тапсырды. Бір кезде есік қағылды. Келіп тұрған қаладағы нағашы апаң екен. Сен не істңр едің?

ІІІ топ:Бейтаныс біреу қателесіп, Сіздің үйдің нөмеріне телефон шалып, ашулы дауыспен сөйледі. Сен не істер едің?

5. Жинақтау.

- Сонымен, балалар, әдепті бала болу үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіре білуіміз керек екен?

адамгешілік

Әдептілік әлеміне саяхат.

сыпайылық

ізетті

Әдептілік әлеміне саяхат.Әдептілік әлеміне саяхат.Әдептілік әлеміне саяхат.

Әдептілік әлеміне саяхат.Әдептілік әлеміне саяхат.

кішіпейілділік

Кішіге қамқор

болуӘдептілік әлеміне саяхат.

Үлкенді

құрметтеу

6. Әдептілік әлеміне саяхат.
Әдептілік әлеміне саяхат.










Әдептілік әлеміне саяхат.

7. Қорытынды. Балалардың бір - біріне жақсы тілектер айту.













«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі





Әдептілік әлеміне саяхат. Әдептілік әлеміне саяхат.







Өткізген Т.Нұрекешова


2009 жыл

© 2010-2022