Көркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Көркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күз

ҰОІӘ технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Қатынас.

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Балаларға таныс тақпақтарды,ертегілерді еске түсіріп,бекіту.Ертегілер арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,қойылған сұраққа толық сөйлемдермен жауап беруге баулу.Ертегі кейіпкерлерінің дауыс ырғағына келтіріп мәнерлеп айтуға дағдыландыру.Мейірімді,еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Билингвальдік компонент:ертегі- сказка,тақпақ-стих,әңгіме-рассказ.

Аймақтық компонент: торғай,түлкі,елік,үйрек,тышқан,бақа өз өлкемізде тіршілік ететінін айту.

Керекті құралдар: суреттер,ертегі кітап.

Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн!

Әсем күннің шуағы,

Қайырлы күн!

Жасыл әлем тіршіліктің қуаты!

Қайырлы күн!

Отан,елім,жеріме.

Қайырлы күн!

Саған,маған,сізге де.

Қайырлы күн достарым!

-Балалар қазір

-Қандай-қандай жыл мезгілі бар,атап беріңдерші.

-Жылдың күз мезгілінде қандай өзгерістер болды?

-Кәне,олай болса,балалар біз күз туралы

қандай тақпақ білеміз?

«Күз»А.Плещеев, «Алтын күз»М.Әлімбаев тақпағын мәнерлеп айтады. Тақпақ-стих.

-Жарайсыңдар,балалар,көп жасаңдар.

Осы кезде Дымбілмес келеді,амандасады,асығып-үсігіп:

- балалар, маған әжем ертегілер,әңгімелерді суреттерімен берген.Бірақ,өкінішке орай мен қоржынды жоғалтып, оларды оқи алмадым.Тек қана бүгін ғана тауып алдым. Енді не істеймін?

  • Балалар,мүмкін сендер бұл кітаптың мазмұнын білесіңдер? Көмектесесіңдер ме?

  • Суреттер де қиық болып шатасып қалыпты.

Тәрбиеші: - Балалар,көмектесейік пе?

І.-Мен сендерге суреттер,ертегі кітап,бірнеше суреттер-

дің қиындысын таратамын,ал сендер ол қандай әңгіме,ертегі екенін айтып беріңдер.Балалар 3 топқа бөлінген,сол бойынша жұмыс істейді.

1-топ: «Үш торай» ертегісі.Ертегі - сказка.Ағылшын халық ертегісі.

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

-Қай торай еңбекқор екен?

-Олар қасқырдан қалай құтылды?

2-топ: «Түлкі мен торғай» ертегісі. Болгар ертегісі.

- Түлкі мен торғай не істеді?

-Қайсысына аяушылық білдіруге болады?

-Ит қандай әрекет жасады?

-Нағыз дос деп айтуға бола ма?

3-топ: «Төрт дос» ертегісі.Қазақ халық ертегісі.

-Хан баласы қайда шықты?

- Ол нені олжа,- деп салып алды?

- Көмекке нелер келді?

-Олар адал,нағыз дос па?

1-топқа Өрмекшінің суретін беру.

2-топқа Құмырсқаның суретін беру.

3-топқа Қарлығаштың суретін беру.

-Бұл әңгіме-рассказ.

- Әңгімеде не туралы айтылған?

- Әңгіме «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» туралы.

1-топ.Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр?

- Көремiн, өрмек тоқып жүр.

2. Анау құмырсқаны көремiсiң?

- Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады.

3.Жоғары қара, аспанда не көрiнедi?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар.

Сендерге де жұмыс iстеуге әдеттену керек, - дедi.

Еңбекқор болу керек және өзімшіл болмау керек.

Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп, қонғайсың,
Шашқан нанды шоқысаң,
Сонда суықтан тоңбайсың.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қулығыңды асырсаңда,
Қасқырдан сен құтылмайсын.

ІІІ.-Балалар, сендер мына жұмбақты шешіңдерші:

Асты тас,үсті тас,

Ортасында піскен ас. (нан)

3 топ мақал - мәтел айтады:
1. "Ас атасы - нан".
2. "Нан бар жерде ән бар".
3."Нан - тіршілік көзі".
- Олай болса, біз нан туралы қандай ертегі оқыдық?

- Оның авторы кім? (Мәдіхат Төрежанов)

- «Нан қайдан шығады?» әңгімесін сахналап көрсетейік.

Өлең жатқа оқып беру.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

-Қаншама еңбекпен дастарқанға келген нанды: Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.

Дымбілмес қоштасады,алғысын айтады

-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді?

-Біз бүгін сабақта не істедік?

- Дымбілмес бізге не деді?

-Қандай ертегіні сахналадық.

-Сендерге сабақ ұнады ма?

Мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Не біледі: Өздеріне таныс ертегі,әңгіме,тақпақтардың атын, мазмұнын.Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлердің әрекетінің дұрыс не теріс екенін ажыратуды. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мәнерлеп айту және дауыс ырғағын сахналауды.






Көркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күз

Көркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күзКөркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күзКөркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күзКөркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күзКөркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күзКөркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күз



Көркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күз



Нан қайдан шығады? (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан сен қайдан шықтың? - деді сыбырлады.
- Сатушыдан сұра, - деді Нан
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.
Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап - қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? - деп сұрады.
- Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? - деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық - сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы.
- Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ нан таба беремін, - деп қутың - қутың етті Тышқан.
- Әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол - ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
- Ертегі не туралы айтылған?
- Тышқан нанның шыққан жерін неге іздемекші болды?
- Ол қайда барды?
- Тышқан кімнен қорықты?
- Неге қорықты?





© 2010-2022