Тәжірибе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы. Тәжірибе.

Сабақтың мақсаты: заттардың негізгі қасиеттерін анықтау үшін тәжірибе жұмыстарын оқушылар өздерін зерттеуші ретінде сезінетіндей етіп ұйымдастыру; тәжірибе жасағанда кандай реттілікті сақтау, неге назар аудару қажеттігін көрсету; салыстыра білу, өз бетінше қорытынды жасауға үйрету.

Сабаққа қажетті құралдар: тұқым, тостаған, дәптер, су құйылған стақан.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық дайындық.

Өзіндік бақылауға арналған тәжірибе жұмысы: «Жүрек соғысын тыңдаймыз, тыныс алғанда кеуденің қалай көтеріліп, басылатынын байқаймыз».

Балалар өздерінің нені түсінгенін, сезінгенін айтып береді.

II. «Өсімдіктердің дамып-жетілуіне қажетті шарттар» тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмыс.

1) Бұл тәжірибені қандай мақсатпен жасаймыз?

2) «Ойланып көрелік, ... қалай болар еді» деген болжамды жалғастырайық.

3) Өсімдіктің қандай жағдайларда жақсы өсетінін болжап көрелік.

4) Барлық болжамдарды жазып алып, бақылауға арналған кестені толтырамыз:


Жұмыс түрі

Себілген күні

Жер бетіне шыққан күн

Үшінші,

төртінші

жапырағы

шыңқан күн

Гүлі бүршік жарған күн

Құрғақ тұқымды себу

Дымқыл тұқымды себу

Қоректік заттар ерітіндісімен дымқылданған тұқымды себу


Эксперимент аяқталған соң оқушылар қай болжамның дүұрыс болғанын талқылайды. Оның себебін көрсетіп, дәлелдер келтіреді.

III . Оқулық бөлімдері бойынша жұмыс.

- Тәжірибе деген не?

- Тәжірибені қалай жүргіземіз?

- Мәтінде берілген тәжірибе жұмыстарын жаса.

- Нәтижелерін дәптерге жаз (Тәжірибелерді бірнеше топқа бөлініп жасауға да болады).

Негештің сұрағы:

- Саған тәжірибе жұмыстарының қайсысы ұнады? Неге?
Сөздік жұмыс.

Эксперимент, аквариум.

IV. Сабақты қорыту.

«Тәжірибе мен бақылау - табиғатты танудың маңызды әдістері» деген қорытынды жасаймыз.

V. Үй жұмысы. Өз бетіңше тәжірибе жұмысын жүргізіп көр. Қорытындыны дәптерге жаз. Өзіңді қызықтырған табиғат нысанын таңда.


© 2010-2022