О дыбысы мен әрпі тақырыбындағы ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі


Мақсаты:

1. білімділік: о дыбысы мен әрпін таныту. О дыбысына буындық, дыбыстық талдау жасату. Сөз ішінен тапқызу.

2. дамытушылық: тілін,шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа,таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: аңдар суреті, интерактивті тақта,үлестірмелі кеспе,бағалау жапырақшалары.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ -жауап, іздену әдісі, түсіндіру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

1. (слайд арқылы)

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Қазір қай сабақ, балалар? (сауат ашу)

- Сиқырлы тақтаның көмегімен сабағымызды бастайық.

2. Слайд(түлкінің суреті)

Балалар мынау суреттен не көріп тұрсыңдар?(түлкі)

Түлкі қандай аң?(қу)

Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.

Мұғалім түсіндірмесі: Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен,үйіне барайын десе, жолына тұрып алыпты.

Балалар, түлкіге көмектесейік.

Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындайық.

3. Слайд. Аң патшасы арыстанның тапсырмасы:

«Жоғалған әріпті тап» ойыны

а

н

а

а

р

а

н

т

а

Ал, балалар, қай әріпті жоғалтыппыз?

Өткен сабақта қай дыбыспен танысып едік?

Й дыбысы қандай дыбыс?

Жаңа сабақ.

4. Слайд (ойнап жатқан қояндар)

Қояндар не істеп жатыр?

Ойна деген сөзде бізге таныс емес дыбыс бар ма?

О - дауысты дыбыс « касса»

О дыбысын хормен айту.

Жазылуымен таныстыру (баспа, жазба түрі)

5. Слайд ( аю) «Кім тапқыр» ойыны

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің түсіндірмесі

Суретпен жұмыс

Сөздерді оқу, түсіндіру

ОТАН - сөзіне түсіндірме беру.

Біздің Отанымыз - кең байтақ Қазақстан. Міне, балалар, Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына жиырма жыл.

6. Слайд. Қасқырдың тапсырмасы:

-Бағандағы сөздерді оқу

-Кезекпен оқу

-Тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

7. Слайд «Жолбарыстың тапсырмасы»

Дәптермен жұмыс

Ауада жазу

Сілеусіннің тапсырмасы «Буынды жалғастыр» ойыны

Сызу «о-ру», «ой-на», т.б.

8. Пілдің тапсырмасы «Сөзде неше әріп бар?»

«той», «ойна», «от»

Қорыту:

Аңдардың барлығынан құтқарып алып едік, енді аңшы келіп тұр екен, содан құтқарайықшы.

Сұрақ- жауап:

«Адасқан буындар» ойыны

Бағалау: оқушыларды мадақтау

Рахмет, балалар, аңдар сендердің жауаптарына риза болып түлкіні үйіне жіберді.





О дыбысы мен әрпі тақырыбындағы ашық сабақ


© 2010-2022