Дүниетану Тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау. 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

16.18.12..2014 жыл

Сабақтың тақырыбы

Жауын-шашын. Суды қорғау

Сілтемелер

Дүниетану оқулығы Атамұра-2014жыл, АКТ, суреттер, кестелер Авторлары: К. Жүнісқызы, Ә. Бірмағамбетов, Н. Жапанбаева

Жалпы мақсаты

Жауын-шашынның пайда болуы және тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік беру.

Міндеті

1)Жауын-шашынның бірнеше түрлерін салыстырып, оның қалай қалыптасатындығына жорамал жасау.

2)Жауын-шашынның ауа температурасын тәуелділігін анықтау.

3)Мәтіндегі жұмбақтармен өз білімдерінің сәйкестілігін тексеру.

4)Ауыз су ресурстарын және көздерін атап шығу.

5)Суды қорғаудың қажеттілігін анықтау.

6)Топ арасында суды қорғаудың эмблемасын жасайды.

Оқыту нәтижелері

Судың үш күйі және оның жер бетіне таралуы, жер беті, жер асты сулары жайында түсінік берілді.Өз ойын тақырып бойынша айта білуге үйренді.

Тапсырмалар


Сабақтың жүру барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

2минут

2минут

4минут

5минут

5минут


5минут



2минут


5минут

1минут

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу Сабаққа дайындық.Сынып оқушыларын төрт топқа бөлемін.

ІІ. Психологиялық дайындық: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

2.Бақылау күнделігімен жұмыс жасау.

3.Үй тапсырмасын тексеру. Сынппен әңгімелесу барысында оқушылардың өткен материалды қалай түсінгендігін анықтау.Өз күшімен судың булануын және тұман мен бұлттың қалыптасуын түсіндіре ала ма.Тәулік ішіндегі буланудың өзгеру себебі(оқушылардың ойын тыңдату).

4.Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.

«МИды ойландыру». Сендер білесіңдер ме, не үшін бір күні жаңбыр жауса, екінші күні қар жауады? Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? Бақылау, қорытынды жасау.

Жұмбақты шешіңдер.

Жалт-жұлт етеді, Ұстасаң еріп кетеді.(Қар)

Жерге тырс-тырс тамады, Сайға қарай ағады. Шешуін кім табады.(Жаңбыр)

Аспаннан әлек салып, Тарыдай шашылады. Күн шықса қорқып қалып, Жылғаға асығады.(Бұршақ)

5.Жаңа материалмен жұмыс жасау. Тақырыпты хабарлау және мақсатын түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

1)Сен қалай ойлайсың, жер бетіндегі ауыз су жеткілікті ме?

2)Суреттерге назар аудару. Суды ластайтын көздерді анықтау. Судың ластануы туралы әңгімелесу.

3)Суды қорғау белгілерімен танысу.Тісті тазалау туралы практикалық жұмыс.Тісті тазалағанның өзінде суды үнемдеуге болатындығына көңіл бөл. Суды үнемдеу жолдары туралы әңгімелесу.

1)Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау.

Оқу барысында кестені құрастыру.

Жауын-шашынның түрі

Құрамы

Мерзімі




2)Суретке қарап, өлеңмен сәйкестігін анықтау. Судың айналымға түсуін түсіндіру.

6.Ой-қиял.Топпен жұмыс.Тапсырма. Оқып шығып жұмбақты шешу.(Әр топқа 1жұмбақ)жауабының суретін сал.

3-4минут уақыт беріледі. Шешімін суретпен көрсету.Сурет салу, таныстыру.

7.Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. 1-сурет жауын-шашынның түрлері.

Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сынып оқушыларын төрт топқа бөлемін.

Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру.

.

оқушылар мәтіннің мазмұнын айтады.

әр топ оқушылар өздеріне берілген топтық тапсырмаларды орындап ортаға шығып қорғайды.


Сұрақтарға жауап беріп өз ойларын айтады.



Сауалнамалық жұмыс жүргізіледі.


Оқушылар берілген суреттерге қарап әңгіме құрап жазады.

Жазған әңгімелерін автор орындығына отырып оқиды.



© 2010-2022