Сан есімнен алған білімді пысықтау тақырыбындағы сабақ жоспары (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сан есімнен алған білімдерін пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: сан есім тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау.

2. Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлауын дамыту.

3. Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу, топ намысын қорғауға жұмылдыру.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, күннің, бұлттың суреттері, жүрекшелер.

Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау, оқулықпен жұмыс, СТО, АКТ элементтері

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Амандасу. Оқушылар хормен: Амансың ба алтын күн, Амансың ба көк аспан. Амансың ба достарым, Амансыз ба ұстазым! Қонақтарға бұрылып: Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Оқушылар екі топқа бөлініп отырады: «Барыс» және «Болашақ» топтары

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 35-жаттығу, 210- бет.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Интерактивті тақтадағы ағаштың суретіне назар аударту.«Ағашқа көмектесейік» атты танымдық ойын арқылы білімдерін бекітемін.Сұрақтарға жауап бере отырып ағашқа көмектеседі.

Сұрақтар:

1.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

2. Зат есім деген не?

3.Сын есім деген не?

4.Сан есім деген не?

5.Сан есімнің қанадай түрлері бар?

6.Есептік сан есім деген не?

7.Реттік сан есім деген не?

ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Сабақтың мақсаттарымен таныстырамын.

Ү.Көркем жазу минуты. Дәптерге бүгінгі күнді жазу. С с әріптерін жазып шығу.

Мағынаны тану

Бүгінгі сабағымыздың жоспарымен танысып алайық.

1 .1-тур Жаттығулармен жұмыс

2 2 - тур. «Ойлан, тап! / мақал - мәтел жарысы/.

3. 3 - тур. «Ойлы болсаң, озып көр» /ребустар шешу/

4. 4- тур. Шешсең жұмбақ - көңілің тынбақ.

1-тур. Жаттығулармен жұмыс: 36-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазу. 37-жаттығу.Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: Сан есімдердің қайсысы заттың санын, қайсысы ретін білдіріп тұрғанын сұрақтар қою арқылы дәлелдеу. Тақтаға 3 оқушы шығады: 1-оқушы. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау. 2-оқушы. Дара сан есімдерді теріп жазып,талдау. 3-оқушы. Күрделі сан есімдерді теріп жазу

2 - тур. «Ойлан, тап! / мақал - мәтел жарысы/.

1.Сызықшаның орнына тиісті сан есімді қойып, мақал құрастыру.

  1. Өнерлі баланың __10____ саусағы тең, Өнерсіз баланың ___1___ саусағы кем.

  2. 2. Білгенің бір __9____, Білмегенің ___99___.

  3. 3. __7____ жұрттың тілін біл, __7____ түрлі ілім біл.

  4. 4. Ер жігіттің ___2___ сөйлегені - өлгені. 5. ___6___ күн атан болғанша, ___1___ күн бура бол. 6.-------атасын білмеген, жетімдіктің белгісі.

3 - тур.«Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа ребус сызылған парақ беріледі. Ребусты дұрыс шешкен топ, туған жерге, ана - табиғатқа байланысты нақыл сөзді таба алады.

4 - тур. «Шешсең жұмбақ - көңілің тынбақ.»сайысы. Интерактивті тақтада есеп жұмбақ

мәтіні шығады:

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу, кім білді?

( шешімі - 28 аң)

Бекіту кезеңі:

Оқушылардың сан есім бойынша алған білімдерін бекіту.

«Гүлдерге көбелек қондырайық» ойыны арқылы бекіту.

Сұрақтар:

  1. Бір, алты, он, бір, жиырма деген сөздер сан есімнің қандай түріне жатады?

  2. Мына реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдыр: екінші, тоғызыншы, бесінші, жиырма жетінші, алпыс төртінші.

  3. Мына сан есімдердің ішінен күрделі сан есімдерді ата: төрт, жиырма сегіз, алты, бір мың екі жүз бес, жүз, екі жүз бір.

  4. Сандарды сөзбен жаз: 12, 986, 255.

  5. Дара сан есімдерге мысал келтір

  6. Қазақ халқы «қасиетті сан» деп қай санды айтқан?

ХІ.Қорытынды.

-Ал, қанеки балалар!

Мақал-мәтел айттық, жұмбақты да шештік

Дәптерге жазу түсірдік

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Көңіл-күйің қалай?

Соныменен балалар бүгінгі сабақ ұнаса алдарыңдағы жұлдызшаларды күннің суретінің астындағы қалташаға, ұнамаса бұлттың суретінің астындағы қалташаға салыңдар.

ХІІ.Үйге тапсырма. 39-жаттығу, 213- бет.

ХІІІ. Бағалау. Жүрек жылуы жүрекшелерді санап, жеңімпаз топты анықтау.Әр оқушыны рейтинг бойынша бағалау.



© 2010-2022