Қыс М. Дулатов (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

03.12.15

Әдебиеттік оқу 2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

М. Дулатов Қыс.

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру,қыс туралы білімдерн пысықтау.

Оқу нәтижелері:

Жаңа сабақты түсініп, топтық және жеке жұмысты жасауды үйренді.

Әдістер:

АКТ, кері байланыс, дарынды балалармен жұмыс, топтық жұмыс, СТО стратегиялары.

Көрнекілігі:

Тарауға арналған тапсырмалар түрлері

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әреккеті

Кіріспе

10мин

Бүгінгі күнімізді бір - бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.
Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге!

Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!

Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!

Иіліп сәлем бердік, Достар бірге!

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Сыныпты топтарға бөлу.

Сыныпты төрт топқа бөлу.

1-топ суретші 2-топ жазушы

3-топ өлеңші

4-топ әңгімелеуші

Оқушылар топтасты.

Үй тапсырмасын тексеру


Үй тапсырмасын айтады.

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі. Қызығушылық ояту

Ой қозғау

5мин

Табиғатта неше жыл мезгілі бар және қандай?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір бізде қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.

- Қыс айларын кім атап береді?
- Қыс мезгілінің алғашқы айы?
- Желтоқсан айы.
- Желтоқсан айының алғашқы күні қандай мереке?
- Президенттің сайланған күні.

Желтоқсан айында тағы қандай мерекелер бар?

Оқушылардың жауабы: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл. Осы мерекелердің барлығы жылдың қай мезгілінде тойланады?

Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?
- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.
Бүгін біз сендермен үлкен бір тарауды бастап оқимыз.

Тарау « Қыста талай қызық бар» деп аталады.

Қыс мезгіліне ВИДЕО көрсету

- Ал, енді балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп аламыз.

Р

қ

А

Қыста ғана болады,

з

а

Я

Ұстасаң қолың тоңады.

ұ

м

З

Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

Отқа жанбас, суға батпас.

Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.

Мұ-ұз Қа-ар

Көз алдыңа не елестеді?

Жапалақтаған қар көз алдыңа нені елестеді?

Оқушылардың жауабы

Оқушылар жауап беріп отырады.






Қар

Аяз


мұз



Мұ-ұз, қа-ар

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Мағынаны таныту

15мин

Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. «Қыс» әңгімесінің авторы Міржақып Дулатов.
3-слайд Ақын туралы мәлімет.
Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс:

Ал енді балалар қазір «Қыс» мәтінін оқимыз.

Мәтінді мұғалімнің оқуы. Түсіндіру.

Мәтінді әр топтан бір бір оқушы оқиды.

4-слайд Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздерді талдау, түсіндіру

Бапсыз - жайсыз ( Қыста қар қалың жауады, Үй жануарларына да жайсыз

өйткені олар қорада тұрады. Иелері жылы қораға шөп салады, бағып қағады)

Бек қиын - өте қиын ( Жылқышыларға да бек қиын өйткені далада жайылады,

жылқышыларға да қиын . Олар бораннан бір қорқып, қасқырдан екі қорқады. Қыста

жылқыны адамдар қасқырдан күзетеді. )

Жалтаң аяз - үскірік, суық аяз ( Мал баққан малшылардың суық, үскірік аяз

беттерін қарып кетеді)

Қарыған - үсіткен ( Аяз жылқышылардың қолдарын, беттерін үсітеді)

Оқушыларға тақырыпты сатылай түсіндіру.

Ойларын айтады.

Мен сендерден сұрақ күтемін тәсілі

Бұл тәсіл бойынша балалар өзара ауызша сұрақ қою.

Сұрақтарға жауап алу.
1. Әңгімеде қандай мезгіл туралы айтылады?
2. Қыстың нешінші жұлдызы туралы айтылады?
3. Қар қалай жауған?
4. Қыс қандай болды?
5. Қыста күн қысқара ма?

Оқушылар сұрақ

дайындайды.

.

Сергіту сәті


Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді.

Ой толғаныс

Жеке жұмыс

Дәптермен жұмыс


Қыс туралы өлең құрастыру.

----------- даламыз,

------------- баламыз.

------------- шанамыз,

------------- қаламыз.

Топтастыру. «Қыс»

1топ: «Қар» Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың? Адамдар суықтан қалай қорғанады? Адамдар қыста қалай киінеді?

2-топ: «Аяз» Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз? Мәтінде үй жануарлары туралы неделінген?

3топ: « Мұз» Мәтінде жылқышының еңбегі туралы не айтылған?

4-топ қар,мұз,аяздың пайдасы бар ма?

1 топ. Суретшілер.Қыс бейнесінің суретін салу.

2 топ. Жазушылар. Қыс тақырыбына эссе жазу.

3 топ Өлеңшілер Қыс туралы өлең құрастыру.

4 топ Әңгімелеушілер. Қыс туралы әңгімелеу.

Әр топ өз жұмысына талдау жасайды..

9-слайд Сен білесің бе? Қыстың көркі қар демекші, жер дүниені аппақ мамыққа орап жатқан қардыңда өзіндік әсемдіктері және өзіне ғана тән ерекшеліктері жеткілікті.Қартүйіршіктерінің 5000-нан аса түрі болады екен, әр қар түйіршігі бір-біріне ұқсамайды.

Таза жаңбыр суы мен қар суында зиянды қоспалар мүлдем болмайды.Сондықтан біздің

ағзамыз жеңіл сіңіреді. Асқазанымыздың жұмысы жақсарып, қоректік заттардың ағза мүшелеріне тез жетуіне әсер етеді.Егер сендер қар жапалақтап жауғаннан кейін тыныс

алсаңыз тыныс сарайыңыздың кеңейіп денеңіздің сергігенін байқайсыз.

Мысалы: 50 г қар жауса 16 л ауаны тазартады.

Денсаулыққа қызмет етеді.

Жер бетін жуады.

Инфекция жұқпалы ауруларға қарсы.

Оқушылар өлең құрастырды.


Оқушылар топтық тапсырмаларды

орындайды.

Рефлекциялық бағалау кезеңі

5мин

«Миға шабуыл»

6. Қыста күн жылына ма?
7. Үй жануарларына қыс мезгілі жайлы ма?
8. Қыстыгүні жылқышыларға қиын ба?
9. Жылқышылар неге қыста далада жүреді?
10. Жылқышылар неден қорқады?
11. Жылқышыларды неге теңейді? ( байғұсқа)
12. «Шилі бет» деп кімдерді айтады?

13. «Жалтаң аяз» дегенді қалай түсінеміз?
14. Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
15. Қыс мезгілі неге көп адамдарға ұнамайды?
16. «Қыс» мәтінін сипаттаған автор кім?

Сабақты түсінгендерін бағдаршам әдісі арқылы анықтау.
Қызыл - ешнәрсе түсінбедім
Жасыл - жақсы түсіндім
Сары - орташа деңгейде түсіндім.

Фармативті бағалау, өзін - өзі смайликтерін санау арқылы бағалауҚыс М. Дулатов (2 класс)Қыс М. Дулатов (2 класс)Қыс М. Дулатов (2 класс)

Сұрақтарға жауап берді.

Бағалау

Бағалау.(Әр баланың жинаған аққалаларын санап ,ұпай санын анықтап, бағалап,мадақтау)


Үйге тапсырма

Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинау.
Қыс мәтінін мазмұндап келу.72-73 бет


Күнделіктеріне тапсырмаларын жазады.


© 2010-2022