РАЗРАБОТКА ПО ГРАМОТУ Біз білеміз. .. (Қайталау сабағы) (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Волгодон орта мектебі

Өткізуші :

Бастауыш сынып мұғалімі Кенжеғұлова Қарлығаш Ертайқызы

Сыныбы: 1 «Б»;

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: «Біз білеміз ...» ( өтілген дыбыстар мен әріптерді қайталау сабағы)

Мақсаты:
Өтілген дыбыс пен әріптерді меңгеру деңгейлерін анықтау. Жазу қабілеттерінің барысын бағдарлау.
• Ақпараттық технология негіздерімен жұмыс істеу арқылы, өзіндік қабілетті ұштау, шығармашылыққа баулу.
• Коммуникативтік қабілеттілік пен рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер файлы, кеспе әріптер, дидактикалық материалдар
Қолданылған технологиялар: Ақпараттық, Ойын технологиялары.
Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі
- Қонақтарды қарсы алу.
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Құрал - жабдықтарын түгендеу.
Балалар, бүгін бізде мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Ол кісілер сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді байқамақшы. Сондықтан, оқушы ережесіне сай отырып, бар білгенімізді, үйренгенімізді ортаға салайық.
- Алдымен, «Шаттық шеңберін» құрып алайық, ортаға шығамыз.

Балалар , сіздер балапан телеарнасымен доссыздар ма? Қандай бағдарламаларын ұнатып қарайсыздар? (жауаптары тыңдалады)

Ендеше балалар сол Әли мен Ая да сіздермен бірге ән салуға келіпті. Бірге айтамыз ба? Кеттік ендеше...

Орындарыңызға жайғассаңыздар болады.
ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Мен сіздерге мынадай ойын ұсынғым кеп тұр. Ойын «Сөз ойла, тез ойла » деп аталады.

Сөз ойла тез , ойыны

Шарты: Балалар шеңбер жасайды. Жүргізуші баланың басына әріп кигізеді. Әріп киген бала жылдам сол әріптен басталатын сөйлем немесе сөз айтады.)
А - Ата сөзі алтын сөз.
Б - Бейбітшілік заман болсын!
Т - Туған елдің ұлы бол!
Н - Нан көп болсын!
О - Отанымыз аман болсын!
Ғ - Ғалым бол!
Р - Рақымды бол!
Ж - Жеміс жидек мол болсын!
Д - Дастарханың мол болсын!
М - Мейірімді бол!
Қ - Қамбаларың дәнге толсын!
С - Сүйкімді де, әдепті бол!
Ш - Шаршамай білім ал!
- Осындай көңіл - күймен ойынымызды ары жалғастырамыз:

«Кім біледі?» ойыны. Мен сіздерге сауалдар қоямын,сіздер сұраққа тез жауап бересіздер?
- Мұғалімнің сауалдары.

  1. Дыбыс деген не?
    2. Әріп деген не?
    3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
    4. Дауысты дыбыс деген не?
    5. Дауыссыз дыбыс деген не?

Жарайсыңдар балалар!.
- Балалар, қандай ертегілер білеміз?
- Ия, дұрыс айтасыңдар, «Алтын сақа», «Алтын балық », «Қу түлкі», «Бауырсақ» , «Жеті лақ» , «Ай мен Әтеш» «Мақта қыз бен мысық»т. б
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымызға ертегілер елінен қонақ келіпті. Ол кім екен? Экранға қарайықшы
- Кім екен?

  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл ертегіні бәріміз білеміз ғой! Солай ма?

Жақсы балалар. Ендеше біздің мақсатымыз мысыққа , оған берілген тапсырмаларды орындауға көмектесейік.

Сиырдың тапсырмасы:

• 3 оқушы тақтаға: сағат, терезе, қошақан сөздерін кеспе әріптен құрайды.
• Оларды буынға бөлу. - Дыбыстық талдау жасау

ІІІ. «Буындап оқып бер» (ағаштың тапсырмасы)
- сіздердің алдарыңызда шағын мәтіндер бар. Сол мәтіндерді кезекпен оқып бересіздер.
ІҮ. Дәптермен жұмыс (қыздардың тапсырмасы)
Көркем жазу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау

Ү. Сергіту сәті «көңілді күн » би: (дүкеншінің тапсырмасы)

ҮІ. Берілген сөз бойынша мақал айту. (тауықтың тапсырмасы)

Білім Жаңбыр

Ата -ана Батыр

Ұстаз Отан

ҮІІ. "Адасқан сөздер" ойыны

Шарты: шашыраған сөздерден сөйлем құрау.

1.адамның досы. ақылшы Кітап -

2.арқауы. адамның Ас -

3.көрді . Кәрім Қанатты

4.сырғанады . Кәрім таудан

5.лақтады . Ерланның ешкісі

6.жаста Есен он екі

- Сонымен балалар бүгін біз сендермен қандай ертегіде балдық?
- «Қайталау - білімнің анасы» - деген екен. Өткен сабақтарды қайталап жүру керек. Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Мадақтау.- Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. «Мен бүгін ...» айдарымен сабағымызыды аятаймыз

Кері қайту

© 2010-2022