Презентация классного часа: Аналар мерекесі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Аналар мерекесіне» арналған ертенгілік

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, тәрбиешілер және ару қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Ақ тәлекті ағытып тастайық ,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын ,

Өтсін солай әр бір күнің әр айың.

Қадірлі аналар көңілі ,

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толып өмірі -

Шаттыққа шаттық ұлассын!

Дария: Білесің бе Айсұлу?, Ана - деген керемет асыл жан.

Менің анам кішкентай кезімде

Не айтсам соны алып беріп,

Түн ортасында шөлдесем тұрып

Шырын су беретін.

Айсұлу: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, айтып ұйқыдан оянғанымда

Жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жүргізуші:Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолды талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан.

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып ,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Данияр: Жыл басы - Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Аналар тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Анита: Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?

Айша: Аялап алақан ,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген.

Ален: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

Айкүміс: Үн қатасын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен!

Рахман: Сырымды ұғатын,

Өзіңсің қуатым

Күнімсің шығатын,

Айымсың туатын.

Жүргізуші: Аналар енді жырдан шашу шашайық.

«Айналайын ақ мамам» әні.

Гүлрух: Таусылмайды өлеңі

Күндей айтып береді

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем менің өйткені,

Өте жақсы көреді.

Абылай: Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қылдырам бар елді.

Алуа: Менің әжем -ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағыда.

Гауһар: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Біржан: Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік үніңмен

Арнаймын сөзімді..

Жүргізуші: Енді сіздерге балалар би билейді.

Ойын: Аналармен және балалармен: «Өз балаңды тап» ойын ойнау.

Қ.Алуа: Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған.

Дилара: Әлдилеп ,аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілің көктемдей

Көзіңнен танимын.

Айсұлу: Өтеуге борышым,

Анашым , жан сырым,

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай күнін,

Қолыма түспеді.

Дария: Ете гөр қанағат,

Әзірге берерім -

Балалық махаббат,

Балалық жүрегім.

Бол риза, анашым,

Қолдағы осы бар

Өзіңе арнаған

Әнімді қосып ал.

Жүгізуші: Балалардың биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Қазір сіздерге біздің қыздар ән орындап береді.

Жүргізуші: Міне , құрметті ! Абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Дендеріңізге саулық ,езулеріңізден күлкі кетпесін!

Келесі кездескенше,

Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022