Ашық тәрбие сағаты Қош келдің Наурыз!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың Ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Халықтың салт-дәстүрі , әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың мейрамы екенін ашып көрсету.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарын насихаттау, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Көрнекілігі: ?Нақыл сөздер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар т.б.
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балдырған бүлдіршіндер, оқушылар!Сіздерді Қазақ халқына келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз келсе, Құт келгені халайық. Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық! (Шашу шашылады) -Уа, жараңдар, жараңдар! Бәрің бері қараңдар, Наурыз думан басталды, Бері жақын тұрыңдар! Жауқазындай Наурыздың, Жақсы ән мен жыры бар,
-Қадірменді халайық! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді!
Наурыздың 22-сі барша мұсылман халқымыздың Жаңа Жылы.Бұл мейрам - дін мейрамы емес, ұлт мейрамы.Ызғарлы қыс кетіп, көктем келетінін үмітпен күткен халық, Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып дасархан жайып, қазан қазан көже пісіріп, ауылдан ауылға, үйден үйге жүгіріп, кәрі-жас бәрі де мәз болып, қуанып, бірін-бірі құшақтап, көрісіп құттықтайды.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын! - дей келе, бүгінгі оқушылардың дайындаған ертеңгілігін тамашалайық.
Би: «Қаражорға» Бексұлтан, Ақберен, Саян, Ғайнижамал, Фариза, Гүлсанат

Темірлан: Ау, жараңдар, келіңдер!

Той қызығын көріңдер!

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер!

Ғайнижамал: Ата- бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызыққа еш тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.

Азамат: Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты әніміз.

Ән салып, жас-кәріміз,

Би билейміз біріміз.

Артур: Би билейік ән салып,

Келді наурыз жар салып.

Жылда келсін Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.

Асхат: Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

Еркеназ: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбенен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің,

Береке- ырыс сыйлашы.

Ислам : Сәнді көктем- нұрымыз,

Наурыз тойы- жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Тіршілік жаңа оянсын.

Фариза: Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі! Бақытыма шалқыдым, Ашылады нұрымыз. Осынау байтақ елімде, Айтылады жырымыз. Ән: «Сағындым әже» орындайтындар: Еркеназ, Аяулым, Гульдана, Інжу.


Дулыға: Бүршік жарып жапырақ, Жаяды көктеп тал біткен. Айран, сүтін көбейтіп, Көктемде төлдер мал біткен.
Беркут: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің, Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың, Ұлыстың ұлы күні пащ етейік, Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Карима : Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлап еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.
Мадина: Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді - жылбасы. Шуақ төкті жарық күн, Мейрамында халықтың.
Өміржан : Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз.
Мирас : Наурыз тойын әдемі, Әжем еске түсірді. Біздерге арнап әдейі, Наурыз көже пісірді,
Інжу : Кел, балалар, ойнайық , Нарыз тойын тойлайық. Баянды боп береке, Қыр гүліндей жайнайық.
Ақберен : Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Деніміз сау, іргеміз мықты болсын! Еліміздің несібесі ортаймасын, Ұрпағымыз көбейіп, тоқ болсын!
Гүлдана: Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін, Көңілің үлкен- кіші көкке өрлетсін. Еңсесі көтеріліп ер- азамат, Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін.
Би «Көктем» Еркеназ, Гулдана, Аяулым, Мадина. Ұлағат: Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы - салтымыз, «Көгерсін» деп халқымыз, Көшеге тал егеміз.
Бексұлтан:Жарқырап тұр күніміз, Жайқалсын жас гүліміз. Бақта бұлбұл сайрасын, Сәнді көктем нұрымен, Наурыз -тойы жырымен, Көңіл гүлдей жайнасын! Саян : Кеңінен елге таралған, Негізі ерте қаланған. Еңбек , шаттық жыл басы, Наурыздан басталған. Аяулым: Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы - жыр аңыз. Қызып дулы мереке, Қызық думан құрамыз. Гүлсанат: Ұлыс күні кәрі - жас , Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып көріскен.
Жүргізуші: Шаңырақ еш уақытта шайқалмасын, Берекеміз осылайша ортаймасын. Босағаға Наурыз құр боп кіріп, Аналардың жүздері қартаймасын!

  • Наурыз тойында ұлттық ойындардың да ерекше мәні бар.
Мысалы: қыз қуу, аударыспақ, күш сынасу, арқан тартыс, асық ату т.б. Олай болса осы ойындарды тамашалайық.
  1. Арқан тартыс.
  2. Күш сынасу
  3. Асық ату (бұл ойында ата - аналарға сұрақтар беріледі)
1 асық: сүйінші қай уақытта сұралады? 2 - Базарлық деген не? 3 - сүндет той туралы түсінік беріңіз? 4 - Ұлттық тағамдарды атаңыз? 5 - Киіз үйдің құрлысын , бөліктерін атаңыз. Ұлыстың ұлы күнінде жасы үлкен аталардан бата алған. Жасы кішілер қолдарын жайып атадан бата алған. Бізге де ақ батасын бергелі отыр.

Ұлағат: Ұлыстың ұлы күні оң болсын! Ақ мол болсын, Қайда барсақ жол болсын! Дастарханның кең болсын! Уайым , қайғың жоқ болсын! Ұлыс бақты болсын! Әр күніміз жақсы болсын! Достығымыз берік болсын! Білім - өнер серік болсын! Әумин! Әумин! Әумин!

Жүргізуші:
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып, Қыс барады қиылып, жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып. Наурыз қайтып оралды ата да аңыз, Сұраймыз алғыс та, ақы да біз. Үй дастархан, даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам- Наурызға шақырамыз!


© 2010-2022