Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамытудың тиімді әдістері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін

дамытудың тиімді әдістері.

"Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға"-деп Абай атамыз айтқандай біздің болашағымыз жас буынды саналы,білімді,үлгілі азамат етіп тәрбиелеуде жалықпай жан-жақты еңбек ету керек.

Бастауыш мектеп- баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеуге,оның тұлға ретінде жағдай жасайтын негізгі саты.Оқушылардың ой-өрісін дамытуда ойын түрлерін пайдалану қажет.Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімдердің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап,берік меңгеруіне көмектеседі.Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі және бала өмірі ойынға байланысты.Олар ойынсыз өсіп өркендей алмайды.Бұл өмірдің заңдылығы.Сондықтан оқушылар сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап,ой-өрісін кеңейте алады.Ал ойынның өз мақсаты,жоспары,тәрбиелік мәні,қажетті көрнекіліктері болады.Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады,психологиялық ерекшеліклерін қалыптастырады.Баланың жас ерекшелігіне,зейініне сай әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын дүниетанымын кеңейтеді,мінез-құлқын ерік жігерін қалыптастырады,ой-өрісін дамытады.Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай,ойын оятатындай,іскерлігін дамытатындай болу керек.Оқушылардың белсенділігін, саналы ойлана білуін,ой-өрісінің дамуын,қиындықты жеңу,төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.

Өз тәжірибемдегі сабақта ойын түрлерін пайдалану әдістерін айтып өтсем,сабақты түсіндіріп болған соң,әр пәнде өткен материялға байланысты 5-10минуттық ойын ұйымдастырып жіберемін.Мысалы:әліппе пәні бойынша айтатын болсам "кім көп әріп таниды?", "Жоғалған әріп", "Ойлан,тап", "Сөз құра", математика пәні бойынша "Лото", "Домино", "Хан талапай", "Допты қағып ал", "Кім жылдам?", "Кім білгіш?", қазақ тілі пәні бойынша "Тақия тастау", "Топтай біл", "Кім жүйрік?", "Хан талапай", "Гүлдер" ойындарын жүргіземін.

"Кім көп әріп таниды?"


Әліппе кезеңінде әр оқушы алдында өтілген әріптерден кеспе әріптер жатады.Ол әріптердің ішінен оқушы аталған әріпті тауып көрсетуі тиіс.Содан соң айтылған сөзді кеспе әріптерден құрастырып жазады.Осы ойын әдістері оқушының есте сақтау және жазып үйрену қабілетін арттырады.

"Жоғалған әріп"


Жоғалған әріп- ойынын жүргізгенде аты жанына жазылған суретті көрсетеміз.Әріпті жасырып қоятындай етіп қиямыз.Жасырылған әріп өтетін тақырыпқа

Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамытудың тиімді әдістері.

А

ЛБастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамытудың тиімді әдістері.

Абайланысты болғаны дұрыс. Бекіту сабағында ойынды қолдансам оқушылардың әлі де есте сақтауы қиындау әріпті жасырамын.Оқушылар сөзді дыбыстап айту арқылы жоғалған әріпті табады.Айтылған әріптің дұрыстығын тексеру үшін әріпті қайырып орнына келтіріп, дұрыстығына оқушылардың көзін жеткіземіз.

Осы ойынды ойнау кезінде қабылдауы төмен оқушы да жақсы оқушыға ілесе отырып белсенділік танытады.

"Сөз ойла, көп ойла"


"Сөз ойла, көп ойла" ойынында мысалы: "Ұ" әрпінен басталатын сөз ойлау тапсырылады: ұя, ұзын, ұршық, құс, бұлт. "Ұ" дыбысы- дауысты дыбыс, сөздің басында, ортасында айтылады.

Суретті үлестірмелі қима қағаздар арқылы сөйлем құрау ойынын қолданамын.

"Бұл қалай өзгерген?"

"Бұл қалай өзгерген?" ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуы ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі.Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына,бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударып отырамын.

Май-шай терек-зерек

Сан-сән тал-мал-қал

Тар-төр көл-шөл

Қазақ тілі сабағында сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйемен айту үшін мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, түрлі жұмбақтарды жиі пайдаланамын.

"Кім көп біледі?"


"Кім көп біледі" көркем жазу кезінде сол күні жазылған әріптен басталатын қандай мақал-мәтел білесіңдер?-деп барлық оқушыға мақал айтқызамын. Айтылған мақалдардың ішінен оқушының сана-сезіміне сай тәрбиелік мәні бар мақалды тақтаға көркем етіп жаздырамын.Мақал-мәтел айтқан оқушылар мадақталады.Мақалды жазу барысында есінде сақтап, әрі қатесіз, әдемі жазуға үйренеді.

А а. 1.Ат адамның қанаты, 2.Асыл таста,

Ас адамның қуаты. Өнер жаста.

Ә ә. 1.Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені

2.Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

Б б. 1.Басқа елде сұлтан болғанша

Өз еліңде ұлтан бол

Г г 1.Гүл өссе жердің көркі, 2. Гүлсіз жапырақ тұл,

Қыз өссе елдің көркі. Көксіз топырақ тұл.

Ғ ғ. 1.Ғалымның хаты өлмейді, 2.Ғылым-теңіз,

Жаксының аты өлмейді. Білім-қайық.

Д д 1.Денсаулық -зор байлық. 2.Досы жок адам,

Тұзы жоқ тағам.

Е е. 1.Ердің атын еңбек шығарады. 2.Еңбек адамның екінші анасы

Ж ж. 1.Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 2.Жаксыдан үйрен,жаманнан жирен

З з. 1.Заттың жаңасы жақсы, 2.Зер қадірін зергер білер.

Достың ескісі жақсы

И и. 1.Игі істер өлмейді, 2.Ит адамның құлағы

Ізгі ойлар өшпейді.

К к. 1.Кітап-алтын қазына. 2.Кітап-ғылым-тілсіз мұғалім.

Қ қ. 1.Қасықтап жинағаныңды шөміштеп төкпе.

2.Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Л л. 1.Лақтырса-

Сорлының басына,

Ақсақтың аяғына тиеді.

М м. 1.Мың жолдас жақсы, 2.Мақал-сөздің мәйегі

Мың жолдастан бір дос жақсы.

Н н. 1.Нар жолында жүк қалмас. 2.Не ексең соны орарсың

О о. 1.Отан үшін отқа түс күймейсің, 2.Отан-елдің анасы

Арың үшін алыссаң,өлмейсің. Ел-ердің анасы.

Ө ө.1.Өнерлі бала сүйкімді. 2.Өнер алды қызыл тіл.

П п.1.Пәлен жерде пайда бар,

Өз жеріңдей кайда бар.

Р р. 1.Руластан рухтас рухты. 2.Рулы ел ұялы терек.

С с.1.Сөз тапқанға қолқа жоқ. 2.Сөз анасы-құлақ,

Су анасы-бұлақ,

Жол анасы-тұяқ.

Т т.1.Туған жердей жер болмас, 2.Талаптыға нұр жауар.

Туған елдей ел болмас.

У у.1.Уайым елдің қорғаны. 2.У ішсең ұлтыңмен,

Жұтасаң жұртыңмен.

Ұ ұ.1.Ұрлық түбі -қорлық. 2.Ұстамен жақын болсаң,ісің бітеді

Ү ү.1.Үлкенге құрмет, 2.Үлкен бастар,кіші қостар

Кішіге міндет.

Х х.1.Халық сөзі қаһарлы. 2.Халықтың ортақ үйі отаны.

Һ һ.1.Қаһарлы сөз қамал бұзар.

Ш ш.1.Шындықтан зор балуан жоқ. 2.Шегірткеден қорыққан егін екпейді

Ы ы.1.Ынтымақ болмай,іс оңбас. 2.Ырыс алды -ынтымақ.

І і. 1.Ісі жоқтың асы жоқ. 2.Ініден ізет,үлкенге құрмет

Я я. 1.Аяз би,әліңді біл, 2.Саяз су сарқырап ағады

Құмырсқа,жолыңды біл.

Ой-өрісін оятудың тағы бір тәсілі сурет бойынша әңгіме жазу.Жаңбырлы күні емен ағашының артында жасырынып тұрған көжек бейнесі салынған сурет ілінеді.Суретке қарап кішкене әңгіме жазу ұсынылады. 3 минут уақыт беріледі.Оқушылар суреттен көргенін қағазға түсіреді.Жазып болған соң әр қатардан 3-4 оқушыдан оқытамын. Жақсы жазған оқушыларды мадақтап отырамын. Мадақтау арқылы да оқушылардың қызығушылығы арта түседі.

"Хан талапай"

"Хан талапай" ойыны асықты қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады.Нөмірге байланысты карточкалар дайындалады.Асық жерге шашылады, ал балалар талапай алады.Нөмірлері бойынша карточкалардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды.Кім тез, әрі дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді.Осы ойынды математика сабағында қолдануға болады.

"Топтай біл"


"Топтай біл"-ойынын алатын болсақ, бұл ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге,олардың не үшін қажеттігін ажыратуға қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алмұрт, т.б. сөздер беріледі.Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады. Сәбіз, қияр, картоп - көкөністер. Бұл ойынды өткен материалға байланысты түрлендіріп отырамын. "Топтай біл" ойынын сын есім тақырыбында былай жүргізуге болады. Шырша, жидек, қалың, бұлақ, сай, мөлдір, терең, тәтті, жасыл, үлкен, машина, орман деген зат есіммен сын есім жазылған кеспе қағаздар тақтаға ілінеді.

  1. зат есім, сын есімге топта.

  2. сөз тіркесін құра: жасыл шырша, мөлдір бұлақ, терең сай, тәтті жидек т.б.

Етістіктің жіктелуі және септіктерді өткенде, септік, жіктеу жалғаулары туралы алған білімдерін орнықтыра, толықтыра түсу мақсатында "Тақия тастау" , "Гүлдер" ойынын ойнатуға болады.

"Гүлдер"

"Гүлдер" ойынын жүргізу үшін дөңгелек сызылады.Ол дөңгелектін ішінен жеті гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады.Оның астынан гүл бұтағы мен жапырағы бейнеленеді.Одан кейін гүл тостағаншаларына: кітап, кітаптың, кітапқа, кітапты, кітаптан, кітаппен деп жазылған карточкалар салынады.Жеті тостағанша жеті оқушыға беріледі.Бірінші қай септік ілінуге тиіс екендігі оқушылардан сұралып, Атау септігінде тұрған гүл тостағаншасындағы "кітап " сөзі кімде болса,сол бірінші тілікке орналастырады. Осы тәртіппен қалған септіктердегі сөздер өз орындарын табады.Сөйтіп, кестеде гүл шоғы пайда болады.

"Тақия тастау"

Аспаймын,саспаймын

Партаны айнала бастаймын

Біріңнің тұсына келгенде

Сездірмей тақия тастаймын -деп оқушы тақияны отырған оқушылардың бірінің басына кигізеді.Тақия тастаған оқушы ойлаған сөзін айтады.Тақияны киген оқушы зат есімді жеті септікке септеп шығады. Егер септей алса, ол оқушы ойынды әрі қарай жүргізеді.Ол өлеңді айта жүріп,тақияны келесі бір оқушыға тастап,ойлаған сөзін айтады. Ойын әрі қарай жалғасады.

Математика сабағында күнделікті жоспардағы сабақты өтіп болғаннан кейін оқушыларды сергіту мақсатында түрлі ойындар жүргізіп отырамын.Ойша есептеу қакбілетін арттыруда "Кім жүйрік?" ойынын жүргіземін. Онда карточкаларға есептер жазылады.Оқушылар ойша тез есептейді.

Есте сақтау қабілетін байқау үшін бірнеше сандар жазылған плакатты көрсетемін.Осы сандардың ішінен есінде қалған сандарды 1 минутта жазып шығады.7-10 сан жазған оқушы "5" деген бағамен бағаланып, мадақталады.Сонымен қатар оқушылардың есте сақтау қабілетін өзім де анықтап отырамын.

"Допты қағып ал" ойынын көбейту кестесін пысықтау үшін жүргіземін.Мұғалім 4х9 деп допты оқушыға лақтырады.Ал оқушы көбейтіндінің мәнін тез ойлап айтуы тиіс. Оқушы допты қайта мұғалімге лақтырады.Мұғалім 7х4 деп келесі оқушыға лақтырып, ойын әрі қарай жалғасады.

«Кім болам?»

"Кім болам" ойынында оқушы озінін ұнататын мамандыққа сәйкес суретті таңдап алады да,оның артындағы тапсырмаларды орындайды.Қалаған мамандыққа сәйкес тапсырманы орындаған оқушы сол мамандық иесі болып есептеледі.Бұл жерде оқушы мамандық туралы мол түсінік алып,белгілі іске, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол.Кім көп біледі сәйкес тапсырманы орындаған оқушы сол мамандық иесі болып есептеледі.

"Кім көп біледі?"

"Кім көп біледі?" ойынын математика және қазақ тілі сабағында жүргізіп отырамын.Ол үшін 1-сыныптан бастап өткен материалдар қамтылып, сұрақ карточкалары дайындалады.Өткенді пысықтау үшін карточкаларды суырып,сұраққа жауап береді.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді,оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды білікті орындап отырған жөн.

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдарды күн ілгері дайындау.

  2. Ойынның жүру тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілу қажет.

  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың ойлана білуіне, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды.Оқушы өзі қызықпайтын сабақтан тез жалығады, тезірек құтылуға асығады.Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші.Оқушылардың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады.
Сабақта ойын түрлерін пайдаланып өткізу барысында өзім жетекшілік ететін сыныпта жақсы нәтижелерге жеттім.



© 2010-2022