Урок (Интернет менің өмірімде) 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Информатика. «Интернет -менің өмірімде»

Сабақ сапасын арттырудағы басты мақсат - оқушылардың дүниетанымын кеңейту, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту, Сондай іскерлік сабақтың бірі « Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма? Сабақтың түрі: Пікір сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап , пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, жақтаушы, даттаушы деп жазылған қағаз.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңіҚұрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Интернет -менің өмірімде»сынып мағатына қош келдіңіздер!

Ал, қанекей, қаралық,
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Информатика елінде,
Информатика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысын,
Компьютермен ән салып,
Көңілді кеш жасайық

II.ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
III.АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Күйгенде көмек көрсету:
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан - ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
- Алысқа қадалып қараңдар.



IV.Интернет туралы ұғым Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

V Компьютерді «Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері. Әр топтан 3 оқушы өз пікірлерін ортаға салып, компьютердің пайдалы екенің немесе зиянды екенін қорғап шығуы керек.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме,

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.

.Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды.

Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз.Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді. Мысалы, арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып, өзіңіз жаңа күйлер мен саздар құрастырып, клиптер енгізіп, айта берсек, өз әуендеріңізді компьютерде орындай да алатын боласыз.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда,есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды. «Оқушыларға интернетпен байланыс жасауға белгілі бір уақыт беру керек, агент қажет емес»



2-тур. «Сұрақ-жауап». Екі топ бір-біріне 5 сұрақтан қояды.

I топ.
1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қай жылы алды? -1991 жылы, 16 желтоқсанда
2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? -Компьютер
3. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағы не деп атаймыз? -Санау жүйесі
4. Логика дегеніміз не? -

5. Алғашқы есептеу құрылғысы? -саусақ
II топ.
1. Қазақстан Республика күні? -25 қазан
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты не деп атаймыз? -Интерфейс


3. Түсіндіру, мәлімет, баяндау деген мағынаны білдіретін сөз? -Ақпарат
4. компьютердің «миы»? -процессор

4-тур. «Жұмбақ». Екі топ бір-біріне 2 жұмбақтан жасырады.Дұрыс жауабын тапқан топқа «5» ұпай беріледі.
1. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. /бос орын немесе пробел/

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. /кактус/

4. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /принтер/

5. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. /монитор/

6. Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? /сканер/

7. Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. /меңзер

«Агент және оқушы» көрінісіне кезек берейік.

Мұғалім:
Оқушы мына жастардың,
Келешегін ойланам.
Зеңді алғыр жастар аз
Білімге терең бойлаған.
Интернет пен агент тұр
Бар әлемді жайлаған
Алыстатып білімнен
Жастардың жолын байлаған
Оқып білім алмаған
Дей ме екен жастар «қой бағам»?
Тосқауыл қойып агентке
Ден қою керек білімге
Өмірге керек қорегің
Ойлаңдар жастар, білімде.
Көп оқыңдар кітапты
Өзіңнің ана тіліңде.
Агентке алданып
Тегіс жерде сүрінбе
Кітаптан алсаң білімді
Жарқырап сенің тұрады
Аспандағы күнің де!

Оқушы:
Керектіні өмірге
Агенттен аламыз
Мұхитың, өзен, теңізің
Ішінде барлық қаламыз
Іздегеннің барлығын
Агенттен табамыз
Оқыңдар дейді кітапты
Мұғалім, ата-анамыз
Кітапты оқи күндіз түн
Қатардан қалай қаламыз?
Агентке біздердің
Уланып қалған санамыз.

Ата-ана:
Интернет, агент бұл күнде
Жаулайды жастар санасын
Кітаптан емес керегін
Агенттен болды табатын
Қатаймайды қанатың
Ой санаңды аздырып
Жастарым қайда боласың
Ұстаздан білім алмасаң
Робот болып қаласың
Жасалу керек бір жағдай
Агентке жоқтау салатын.

5. Логикалық сұрақтармен дәмін келтіретін алма салаты

1 сұрақ. Бір торда үш қоян отыр еді. 3 оқушы бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі бір қоян қалып қойды. Ол қалай? /1 оқушы қоянды торымен алды/
2 сұрақ. Екі қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда қанша саусақ бар? /50 саусақ/
3 сұрақ. Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп алсақ қанша бұрыш қалады? /5/
4 сұрақ.
5 сұрақ. 3 майшам жанып тұр. 2-уін сөндірсе, нешеуі қалады? /3/



Компьютер - сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрін де -Ақпараттық заманың! -дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз..

Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздай тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған? Ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешілерімізге берейік.

Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейлі ғаламтор, яғни интернет пен агент техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемиелену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы, яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

«Интернет» - бір күндік Кітап - мәңгілік, - дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман интернет пен агенттің заманы.

Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамқат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүйе қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанына дер кезінде хабардар болып отырасыз. Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман-жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпағымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойламын.

ХХІ ғасыр - жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Енсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай. Келесі кездескенше сау болыңы


© 2010-2022