Сабақ жоспары Экология туралы түсінік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Экология туралы түсінік»

Жанна Манатовна Жаксымбетова

Малайсары орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Малайсары ауылы, Май ауданы, Павлодар облысы

3 сынып

Мақсаты: 1.Білімділік: «Экология» туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорларын байыту,логикалық

ойлау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын ояту.

3. Тәрбиелік:оқушыларды табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:көрнекілік, әңгімелеу, сұрақ-жауып, түсіндіру

Технология:дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:психологиялық ахуал тудыру.

Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!

ІІ.Жаңа сабақ:

Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: (логика)

Сабақ жоспары Экология туралы түсінік

-экология дегенді қалай түсінесіндер?

Экология туралы ұғым. Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді. Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді. Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз. Ол гректің "oicos"-"үй, мекен, жай" деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін ағзаларды зерттейді, олардың басқа ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо. ІІІ.Тапсырмалар орындату:

1.Суреттерді кесте бойынша бөлу.

Сабақ жоспары Экология туралы түсінік

Пластик

Қағаз

Тамақ қалдықтары

Басқа қалдықтар

Бутылқа

брелок

соска

ілгіш

Кітап

парақ

Сүйек

Банан қабығы

Пружина

жапырақ

2.Әріптерді орнына қойып сөздер құрастыр. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыр.

ЭЛОКОИГЯ РТОА ШАНҚОРҒАН

ЖААРНУ ТАРҚҰС

БАТАРЛЫҚ УАА

ЕРЖ ПЫРАҚТО УС

ІҮ.Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық

Ү.Бекіту:

1.«Менің ауылымның экологиясы» тақырыбында эссе жазу.

2. «Бес жол өлең» құрастыру:Экология

Зат есім Экология

Сын есім Таза, пайдалы

Етістік Тазартады,қорғайды, сақтайды

Сөйлем Таза экология өмір мәні

Мәндес сөз Тазалық

ҮІ.Қорытынды:

Экология-қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үйретеді.

- сабақтың тақырыбы?

-тақырыпты қайталауға қандай тапсырмалар берілді?

-балалардан кім белсенді болды?көп қатысты?

ҮІІ.Рефлексия:

-не білдің?

-не үйрендің?

-нені үйренгің келеді?

ҮІІІ.Үй жұмысы: « Қоршаған ортаны бұзатын факторлар» постер құру



© 2010-2022