«Маужыраған қоңыр күз» тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Маужыраған қоңыр күз»

Автор: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгінгі біздің «Маужыраған қоңыр күз» атты мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.

Мәуе пісіп балбырап,

Маужыраған қоңыр күз.

Алма пісіп албырап,

Көзді тартқан көріңіз, - дегендей, күз мезгілі өте әсем де тамаша мезгіл. Ендеше бүгінгі біздің қоңыр күзге арналған ертегімізді қабыл алыңыздар.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл жүні қырғи екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Жыл мезгілдер патшалығында

Күз ханшайымы болған екен.

Ханшайым: Уәзірлер қайдасыңдар? Тез келулеріңді бұйырамын!

Меңдібек уәзір: О. Ұлы ханшайым, айтқан бұйрығыңды орындауға дайынбыз.

Ханшайым: мен естіп жатырмын мындай сыбысты: басқа патшалықтарда күз мезгілін көңілсіз, мұңды етіп санайды екен.

Уәзір М: кім айтты бұндайды?

Уәзір Е: жалған, олай емес!

Уәзір А: күз - ең тамаша мезгіл деп санаймын.

Ханшайым: Ендеше үлкен той жасап, күз мезгілінің қандай тамаша екенін көрсетейік баршаға. Ал кәнекей, уәзірлер, шақырыңдар баларымды.

Екі уәзір даңғыра ойнап тұрады.

Ермек уәзір: Хабарландыру! Жыл мезгілдері патшалығында өмір сүретін барша жұртты ханшайым сарайына «Күзгі балға» шақырамыз!

Қыркүйек: Армысың, анашым! мінекей сіздің хабарландыруыңызды естіп, өз ауылымның тұрғындарын ертіп келді. Қарсы алыңыздар!

Қазан: Сәлеметсіз бе, анашым! патша сарайында «Күзгі бал» мерекесі болатынын естіп, мен де өз ауылымның тұрғындарымен келдім.

Қараша: Сәлеметсіңбе, анашым және сүйікті бауырларым. Мінекей сендер өз тұрғындарыңмен келіпсіңдер. Ендеше менің де ауылымның тұрғындарын қарсы алыңдар!

Ханшайым: Бүгінгі біздің осы сарайда жиналуымыздың себебі - алтын күзді көңілді, мәз-мейрам, шаттық күлкімен тойлау. Ендеше бүгінгі мейрамымызды бастайық. Уәзірлер, сендерге осы мерекені ұйымдастыруды тапсырамын.

Асхат уәзір: Патшалығымыздың түкпір-түкпірінен әр түрлі ауылдардың өкілдері жиналып отыр. Олай болса, қай ауыл тұрғындары ең тапқыр, ең белсенді, ең көңілді және ең күшті екенін сайыстар арқылы көрейік. Дайынсыңдар ма? Ендеше сайысымызды бастайымыз!

Уәзір М: Бірінші сайысымыз - «Таныстыру». Осы сайыста әр ауыл өзін таныстырады. Барлық тұрғындар қатысады.

Уәзір Е:Екінші сайысымыз - «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Бұл сайыста мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылады.

Ең алдымен мақал-мәтелдердің жалғасын табу қажет. Бұған әр ауылдан үш адамнан қатысады.

Мақал-мәтелдер

1.Ексең егін, ............

(ішерсің тегін)

2.Еңбек түбі - береке, .......

(Көптің түбі - мереке)

3.Арпа, бидай, ас екен, ........

(Алтын, күміс тас екен)

4.Жердің сәні - егін, .......

(Ердің сәні - білім)

5.Егіндікті күз суар, ...........

(Күз суарсаң, жүз суар)

6.Екі қошқардың басы ...........

(Бір қазанға сыймас)

7.Егіннің жайын еккен білер, .....

(Арбаның жайын жеккен білер)

8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме, ...........

(егін екпесең, жерге өкпелеме)

9.Қыс азығын .....

(жаз жина)

Жұмбақтардың шешуін табу үшін әр ауылдан үш адам қатысады.

Жұмбақтар

1.Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын

Қыраттарға шөлдеген.

(бұлт)

2.Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді

Бусанып жон-алап

Терледі, керілді.

(жаңбыр)

3.Аспанда от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады.

(найзағай)

4.Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(егін)

5.Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс.

(жүгері)

6.Көктемде ақ гұлге оранады,

Күзде қолға доп боп оралады.

(алма)

7.Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі.

(жеміс)

8.Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп семеді.

(жапырақтар)

9.Ағаштарды шайқайды

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді

(жел)

10.Адамның сәні,

Онсыз жоқ мәні.

(киім)

11.Күндіз аяғымды қаптаймын,

Түнде босағаға тастаймын.

(аяқ киім)

12.Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды.

(жапырақ)

13.Білім менен тәлім

Парақты ашқанда,

Беттерінен мәлім.

(күнделік)

14.Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қолбасшысы.

(мұғалім)

15.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.

(қоңырау)

16.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(мектеп)

Уәзір М: Келесі сайысымыз «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық есептер сайысы. Әр ауылдан бес оқушыдан қатысады. Кезегімен бірінші оқушы барып, шарды жарып, соның ішіндегі тапсырманы орындайды. Шарды жарған үшін бір ұпай қоылады. Есепті дұрыс орындаған үшін бес ұпай қосылады.

Уәзір М: келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Әр ауылдардың тұрғындарын өз өнерлерін көрсетеді.

Уәзір Е: Келесі сайысымыз «Толағай» спорттық жарысы.

Бірінші «Әтештер» жарысы. Бір қыз, бір ұл қатысады

Екінші «Картоп ашу». Бір адам қатысады.

Үшінші «Суретшілер». Үш бала қатысады.

Уәзір М: келесі сайысымыз «Ас - адамның арқауы». Әр ауыл өз тағамдарын таныстырады.

Уәзір Е: келесі сайысымыз «Сән үлгісі». Әр ауыл сұлу жігіттері мен сұлу қызыдары өз сән үлгілерін көрсетеді.

Уәзір А: осымен сайыстармыз аяқталды. Марапаттау жүргізіледі.

Ханшайым: Тамсаңдым сендердің өнерлеріңе, көз қараса тоймайтындай сән үлгілеріңе, таң қалдым білімдеріңе және күш-біліктеріңе. Енді ешкім күз мезгілігін көңілді, шаттыққа толы жүрекпен қарсы алады деп ойлаймын. Ал енді барлық ауылдар ортақтасып, тойымызды жалғыстырайық.

Уәзір М: Қандай той бисіз, әнсіз болмақ. Ендеше бұлбұлдай дауыстарымен сұлу да сымбатты аруларымызды қол шапалақтай отырып қарсы алайық.

Уәзір Е: Ойларыңды мұң торласа, көңілдеріңді көтеріп, жүздеріңе күлкі сыйлайтын көңілді таптырларды қарсы алыңдар.

Уәзір А: Мың бұралып, би билейтін «Арман» бишілер тобын қарсы алыңдар.

Ханшайым: Ән де салдық, би биледік, көңілімізді көтердік. Осымен бүгінгі «Маужраған қоңыр күз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып қарағандарыңыз үшін рахмет. Енді барлықтарыңызды ақ дастарханымыздан дәм татуға шақырамыз.


© 2010-2022