Математика Сандарды салыстыр (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО
Семей қаласы «№25 ЖОББМ»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Калембекова Толқын СейілқызыМатематика Сандарды салыстыр (1 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сандарды салыстыруға үйрету артық,кем «< » «>» таңбаларымен жұмыстарын нығайту ; артық және кем таңбаларымен «< » «>» жұмыс істеуге баулу екі жиынтықты теңестіре білу .

Міндеттері:

  • Таңбаларды,терминдерді орынды пайдалану және бір таңбалы сандарды оқу,жазу,салыстыру біліктерін қалыптастыру.

  • Салыстыра отыра дұрыс сөйлеу мәдениетін сақтау

  • Ұзындықтарды өлшеп,салыстыру

  • Заттарды әр түрлі белгілеріне қарап салыстыра білу

  • Салыстыру нәтижелерін білдіретін терминдерді орынды қолдана білу

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:

Сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар,есеп шығару

Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор,оқулық,дәптер,поезд

Пәнаралық байланыс: Логика , тіл дамыту.

Сабақтың барысы: 4-слайд Қуан шаттан, Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң,қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін! (балаларға сәттілік тілеу)

-Рахмет балалар отырыңдар! Сонымен, балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бүгін сабағымыз ашық сабақ, яни есігіміз қонақтарға ашық деген сөз. Бүгін сабақта біз сендермен «Силықтар еліне» саяхатқа поезбен жүргелі отырмыз. Жолдағы әр аялдамаларда тапсырмалар әзірленген. Дұрыс шығарсақ әрі қарай жылжып силықтар еліне келеміз, онда бізді әрине сыйлықтыр тосып тұр. Сабақта есеп орындай отырып,оларды салыстыруға үйренеміз. Сабақтың тақырыбы «Сандарды салыстыру».Артық және кем таңбалары. Поезға міну үшін билет керек. Ендеше өтенді қайталау арқылы өзімізге билет сатып аламыз. Билет үш түсте беріледі.Үш вагонға үш түсті билет арқылы орындарын табады.

5-сдайд Ауызша есептеу арқылы балалар өздеріне билет сатып алады. Билет үш түсте сатылады. Билеттердің түстеріне сәйкес орналасу.

6-слайд Сатылып алынған билеттер арқылы вагондарға жайғасу. Сәт сапар тілеу

7-слайд

Алғашқы аялдамамыз «Білім» Бұл аялдамада сандарды салыстыру ұғымымен танысу.Салыстыру таңбаларын еске түсіру

-Өте жақсы сонымен балалар әрі қарай жылжиық.

8-слайд

Келіп жеткен аялдамамыз «Шапшаңдық» шапшандықтарына таң қалып отыр.Осы аялдаманың тапсырмаларды әрі қарай шапшаң орындап жылжи берейік алдыда әрі талай қызықтар толып жатыр.

-Тапсырманы тиянақты оқып, орындайық.

-Дұрыс тапсырмалар жақсы орындалды.

Поезд әрі қарай өзінің кестесі бойынша жылжыды.

12-слайд

Балалар біз «Демалыс» аялдамасына келіп жеттік .Серігіп алайық

Оқулықпен жұмыс .Поездің тұратын уақыты 10 минут .Олай болса оқулықпен жұмыс істеп үлгеру.

14-слайд

Тағы біз келесі аялдамаға «Дүкен» бұл аялдамада Әсемге киім -кешек сатып алу. Әсемнің есептерді шығару арқылы дүкеннен киім-кешектер алу.Әсемді киіндіру.

14-слайд Келесі аялдама «Жазу» бұл аялдамада дәптермен жұмыс қолмызды жаттықтырып «.>» « <» «=» таңбаларын жазамыз.

15-слайд Соңғы аялдама «Сыйлықтар» аялдамасына да келіп жеттік.Міне балақайлар біз өзіміздің аялдамаға айналып жеттік. Бұл аялдамада сендерге айдаһардың суреті сыйға тартылады. Келе жатқан айдаһар жылы тек жақсылық әкелсін.

Сабақта саяхаттау ұнады ма?

-Бұл сабақта біз нені біліп үйрендік?

Келесі сабақтарда тағы да осындай қызықты, шапшаң, білімдерін жарқырап тұрсын деген тілекпен қоштасу.


© 2010-2022