Сабақтың тақырыбы. 37+53 түріндегі қосу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АШЫҚ САБАҚ

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ

ТАҚЫРЫБЫ:»КӨЙЛЕКТІ МАҒАН КІМ БЕРДІ?»

ӨТКІЗГЕН:ЖАКИШЕВА Н.Б.

ҚОСШЫ ОРТА МЕКТЕБІ.

2011 жыл



Тақырыбы :Көйлекті маған кім берді?

Мақсаты :1)Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып,ондағы негізгі ойды анықтауға,рөлге бөліп оқуға үйрету.

2)Балалардың ойларын,қиялдарын,сөздік қорларын дамыту.

3)Ұқыптылыққа,әсемдікке ,адамдар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,5 жолды өлең,суретпен жұмыс,

жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту.

Көрнекілік :суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық:

-Балалар,біз мектепке жақсы көңілмен келеміз,өйткені достарымызбен

кездесеміз,білім аламыз.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Мұғалім бойындағы асыл қасиеттерді атайық.

Мейірімді ,ұлағатты,ғалым,ақылды,лебізді,ізетті,-мәртебелі маман.

-Мұғалімдер халыққа қандай пайда келтіреді?

-Неліктен мұғалімге алғыс айтады?

-«Мұғалім» өлеңін кезектесіп ,мәнерлеп оқиды.

3)Жаңылтпаш айту:Бұл мұғалім -

Елге мәлім мұғалім

Әрі ғалым мұғалім.

3.Жаңа сабақ:

1)Қызығушылығын ояту.

-Үстіміздегі киімдерімізді кім берді?(оқушыларды тыңдау)

2)Суретпен жұмыс.

-суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

-олар не істеп жүр?

-жерде нелер өсіп тұр?

-өсіп тұрған мақтаны көрдіңдер ме?(оқушыларды тыңдау)

Көйлек-дүкен-қойма-тігін фабрикасы-мата-мақта-мақташы.

4.Мәтінмен жұмыс.

-Мұғалім мәнерлеп оқиды,оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді.

5.Сөздік жұмыс. Қоза-мақта өсімдігінің сабағы.

Шит-мақтаның тұқымы,дәні.

Кесек-мақта дәнінің сыртындағы қабығы.

-Мәтін неліктен «Көйлекті маған кім берді?» деп аталған.?

(оқушылардың ойын тыңдау)

Сергіту сәті:жаттығулар жасау.

6.Сабақты қорытындылау.

Ой толғау.Мәтін не туралы?

-Бүгін біз қандай жаңа ақпарат алдық?

Жұмбақ :Қолы бар ,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ.( көйлек)

7.Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.

Шығармашылық тапсырма.

-Біздерге тамақ,киім,баспананы кім береді?

-фабрика ,зауыттар және олардың шығаратын өнімдері туралы әңгімеле.

-«Мақта -ақ алтын» тақырыбына әңгіме құрастыр.

5 жолды өлең құрастырады.

-көйлек

-жаңа,әдемі

--жинайды,тоқиды,тігеді

--мақташылар ақ алтыннан алған

--киім

8.Үйге тапсырма:»Менің әдемі көйлегім» тақырыбына эссе жазу.

Мәтінді түсініп оқу,әңгімелеу.

Бағалау .



© 2010-2022