Ана тілі 2сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 2сынып

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты. Мақсаты: 1. Мәтінді оқып, мазмұнын меңгеру, түсініктерін өз сөзімен жеткізе білу. Авторын біліп,мәліметтеу. Мәтінді аяқтату. 2. Табиғатқа аялы көзқарас қалыптастыру. Кішіге қамқор бола білу. Құстар-біздің досымыз деген ой көлемінде жан-жақты түсінік. 3. Мәтін мазмұнын өз қиялынан шығарып аяқтау. Балапанның өзге де құстардың суреттерін жеке де, сюжетті де көрініске енгізіп салу. Құстар туралы деректер, жаман-жақсы әдеттерді біліп, зердеге түю. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Көрнекілігі: М.Жұмабаев суреті. Қарлы даланың, құстардың, балапанның суреттері. Интербелсенді тақта.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлі оқу, ой қозғау, есте сақтау, жинақтау стратегиялары.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Слайд 1 « Қарлы дала» Тақтада «Қарлы дала»суреті.тақтаға назар аудартып «Қарлы дала» суретін көрсету. Тақтада салынған сурет ілулі тұрады. - Балалар, бүгін біздің сабағымыз осы қарлы далаға саяхат түрінде өтеді. Қыс түскенде ызғарлы далада, суық күнде құстар ғана ашық далада қыспен бетпе-бет қалады екен. Мен қазір құс суретіне жазылған сұрақ оқимын, кім сұраққа жауап береді, сол бала құсты алып, қарлы далаға апарады. Қәне дұрыстап тыңдайық, бұның бәрі үй тапсырмасы.

1. Өткен сабақта қыстың қай мезгілі туралы оқыдық? Сол мезгілдің айларын ата.

2. Ол әңгімені кім жазды? сызбамен көрсет. (Оян,қазақ!М.Дул.шығ.жинағы. көрсетемін.

3. Біз құс туралы жұмбақ өттік, кім айтып, оқушыларға шештіреді? (3 жұмбақ)

4. Мәтінде қыс қалай суреттелген?(шөп,күн туралы қосып айт)

5.Бапсыз деген сөзді нелерге қаратып айтқан?

6.Адамдар, балалар туралы не дейді?

7. Жылқышылар туралы жатқа айт.

8. «Мектепке» өлеңін жатқа айт.

9. «Мектептен» өлеңін жатқа айт.

Үй тапсырмасын қорыту. Қосымша жатқа айту(2-3 оқушы)

3. Жаңа сабақ: Біз қыс туралы оқыдық, жаттадық. Міржақып атамыз сияқты Мағжан атамыз да қыста далада қалып қойған балапан туралы әңгіме жазған екен. Сол балапанды енді мен қарлы далаға орналастырайын. Оқулықтың 91-бетін ашыңдар, дәптерлеріне күннің жадын жаздыру. М. Жұмабаевты қысқаша таныстыру.

4.Сабақтың мақсаты хабарлау: Мәтінді жақсылап оқып, мазмұнын білу,өз сөзімен түсінігін айту, мазмұнына сай етіп,мәтінді аяқтау. Құс туралы, оның пайдасы туралы әңгімелеу, суретін салу.

Тақта мен дәптермен жұмыс:

Жаңылтпашты жаттап тақтаға, дәптерге жазу. Тұтас оқытып, «Қыспаққа ап, қыстап қап» сөздерінің мағынасын түсіндіру.Жаңылтпаштағы құс қарлы даладағы балапанға ұқсай ма? Енді балапан туралы оқимыз,қараңдар.

Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру.

Сергіту сәті:

Іштей оқу

Тізбектей оқу Талдау сұрақтары: 1.Балапан қандай еді? 2.Қанаты қандай еді? 3.Қандай суыққа шыдай алмай тұр? 4.Суық жел не істеді? 5.Балапан қайда барды? 6.Нелер мойын бұрмады? 7.Не таппады,үйшік сияқты бірдеме бар ма? 8. Тамақ тапты ма? 9.Балапанға деген сенің сезімің қандай? 10.Мәтінді аяқтауға дайындық.(қағаз беріп ескерту) 2мин. уақыттары бар. Деңгейлеп оқыту. (5-6 оқушыға азат жолды білу мақсатында) өз жазғандарын жалғап оқиды.(мадақтау,ескерту)

-Балалар, қарлы далаға назар аударайық.

6.Сабақты қорыту:

1.Балапан неге жылы жаққа кете алмады?

2. Жылы жаққа кететін құстар бар ма?(апарып ағашқа орналастырады)

3.Қалып қойған құстар қандай құстар? Аттарын атау.

4.Осындай құстарға көмек беру керек пе?(ұяның суретін көрсету керек) Кім көмектесу керек?

Ендігі сұрақтарға дұрыс жауап айтсаңдар,балапан ұяға келеді,қане ұяға апарайық.

а) Жалпы құстарға зиян тигізбейтін құстарды білеміз бе? Не істемеу керек?

Жауабы: 1.Ұя бұзбау керек.

2. Жұмыртқасын шақпау керек.

3. Рогаткамен атпау керек(ой қозғау рогатка)(дұрыс жауаптан соң балапанды ұяға әкеледі)

Сонымен, балалар, біздің балапан жалғыз емес екен,қыстап қалатын құстар бар,оларға көмектесетін сендер бар екенсіңдер. Әңгіме ұнады ма? Осы әңгімені жазған Мағжан атамыз қандай адам болғанын сызбамен көрсетейік(1оқушы көрсетеді,оқиды).

7.Оқушыларды бағалау:

8. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, сөзімен айту. Балапан суретін салу немесе толықтырып мәтінді аяқтау,мақал жазып келу.


© 2010-2022