Планирование урока

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Планирование урока



Мақсаты: Балалардың бойынан рухани адамгершілік қасиеттерді

Ұялату, жаман-жақсыны ажырату.Адамдық асыл

Қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілігі:сюжеттегі суреттер, кемпірқосақ суреті

  1. жүргізуші:Өмірде жаман

адам туылмайды.Егер нәпсісі рухынан жоғары, үстем болса, жақсы іс-әрекеттерді адам бойынан табу қиын.Ал барлық жақсы

қасиеттер, яғни шыншыл, мейірімді, кішіпейіл, еңбекшіл, ақылдылығы мол адамда болады.Осының бәрі рухтан туындайды.Рух дегеніміз- не? Рух дегеніміз- адам бойындағы бір күшті қуат, сезім.Күн адамның рухы болса, күннің сәулесін ақыл деп алайық.(залға күн болып киінген оқушылар кіреді)

  1. жүргізуші: Мына күнге қараңдаршы.Осы жарық күнді біз мейірман шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік.Бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр.(күн костюмінде 5 бұлт жапсырылған), яғни бұл ана жүрегіндегі көлеңке сезімі.

  1. жүргізуші: О, алтын күн, көктегі,

Арманым болар көп тегі.

Күн: ең әуелі арманым,

Өртенбей еш орманым.

Құты қашып елімнің,

Солмаса гүлі жерімнің,

Ренжітпей бүгін тек,

Адамдар жүрсін күлімдеп,-

Деп төгемін нұрымды.

Осынау шындық сырымды,

Кейде ұқпай пенделер,

Түтінге өзі сенделер.

Олар тартар сазайын,

Несіне айтам о жайын.

  1. жүргізуші:Күннің бетіндегі бұлттарды ашып, ана көңілін сергітуіміз керек.Сондықтан күннің өзінен сұрайықшы.

Күн: менің көңілімді сергіткілерің келсе, «Жақсыдан үйрен- жаманнан жирен» дегендей нақыл сөздер айтып беріңдер.

  1. оқушы: Анам маған үлкенді сыйла- деген,

Сол сөз маған ізгілік қойған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра- ізеттілік

Арымды соған қойған күзеттіріп,

Адалдық - менің сәби айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өктіріп.

  1. оқушы: еңбек етсем ертеңгі

бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін.

Достық іс пен қасты да

Жеңеріме сенемін!

  1. оқушы: ақыл, сана, біліммен

Өнеріне сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

  1. оқушы: ар демен- адамшылық намыс деген,

арың кетпес жағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып алыс деген.

  1. оқушы: сабыр- деген әр іске шыдамдылық

қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ызданады,

Осыдан кеп шығады адамшылық.

  1. жүргізуші: 1 бұлттан балалардың білімділік қасиеттерін байқадық.( 1 бұлт алынады)

екінші бұлтты ашу үшін не істер екенбіз?

Күн: отаныңа, туған жеріңе, ата- анаңа, достарыңа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?

Ойын: « досыңның жақсы қылықтарын айтып мадақтау»

  1. жүргізуші: екінші бұлттан азды- көпті ойларың, ішкі жылы сезімдерің қайырымдылық, өмірге сенімділік әкелді.( екінші бұлт алынады)

« дос болайық бәріміз» әні орындалады.

Күн: 3 бұлтты ашу үшін жанымдағы екі бұлттың астында тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларды орындау үшін, екі бала ортаға шықсын.

1-топ: сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы келмейді.Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді.Ал сен не істер едің?

2-топ: сенің үлкен ағаң анасына құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында ол компьютер клубына ойнауға кетті.Ол жайды сен білесің.Егер анаң сенен сұрай қалған жағдайда не айтар едің?

1- жүргізуші: біз қолайсыз жағдайдан түзу жолмен өтерін байқадық.

2- жүргізуші: балалар, ең соңғы бұлтты ашу үшін сөзжұмбақ жасыр.( Аманат деген сөз жапсырылады)

1- жүргізуші: аманат дегеніміз- ата- бабалардан келе жатқан өте қасиетті әдет, дағды, яғни біреудің тапсырған тапсырмасын уақытылы, бұлжытпай жеткізу.

Көрініс « Ананың аманаты».

  1. жүргізуші: мінекей, балалар, күніміз жарқырап шыға келді.

Ашылған бұлттың соңында әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.

Кемпірқосақ неше түстен тұрады?

Осы түстердің өзіндік ерекшелігі бар.

Ендеше, сөз кезегін осы түстерге берейік.

  1. оқушы:әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

  2. оқушы: күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр.

  3. оқушы: ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдірткеніңді аз да болса еске түсір.

  4. оқушы: әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.

  5. оқушы: басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

  6. оқушы: тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

  7. Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі.

Күн: даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағың,

Жер-шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

« біз бақытты баламыз» әні.

© 2010-2022