Научный проект и презентация на тему Кубик Рубика на казахском языке

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы қаласы № 139 мектеп-гимназиясының

4 «Ә» сынып оқушысы Саидулдинов Алибидің

«Рубиктің ойын текшесі ойға жетелейді»

тақырыбындағы ғылыми жобасына


ПІКІР
Саидулдинов Алиби таңдап алған ғылыми жобасының тақырыбы қазіргі отандық ғылымдарда, оның ішінде математика ғылымында өзекті мәселе екені анық. Аталмыш ғылыми жоба логиканың дамуына ықпал ететін интеллектуалды тәрбие беру мәселесінде өте маңызды әрі құнды болып табылады. Рубик текшесін жинау баланың ойлау қабілетін дамытудың керемет құралы. Осы мәселенің зерттелуіне үлесін қосқан жас зерттеуші, өзінің ғылыми жұмысымның тақырыбын «Рубиктің текшесі ойға жетелейді» деп таңдаған. Рубиктің текшесі мен математиканың байланысын зерттеп, дәлелдеген. Ең бастысы себебі бұл - Рубиктің текшесіне осы 2015 жылы 40 жыл толды! Осы тұрғыдан алғанда, жас зерттеуші А. Саидулдинов тақырыпты ұтымды таңдаған және оны зерттеуге үлкен дайындық жасаған. Текшенің бір түрін ғана құрастырып қоймай, басқа пішінді интеллектуалды ойыншықты жинауға мақсат етіп қойған. Ізденушінің зерттеу барысында көптеген ақпаратты орыс және ағылшын тілінен аударып, мағынасы мен ұғымын жоғалтпай нақты сипаттап, сол текшенің кез келген жастағы адамға пайдасы мен маңызын ашқан. Осының барлығын ол жазбаша әдебиеттермен танысып, кеңінен шолу жасады, сонымен қатар өз сыныптастары мен достары арасында ауызша фактілік материалдар жинақтап ғылыми жобаның құндылығын арттырды. Ғылыми жоба бойынша ізденуші алдына бірнеше міндеттерді қатар қоя отырып, оларды шешу кезеңдерін айқындай білді. Алғашқы кезеңде ізденуші ғылыми жоба тақырыбына қатысты теориялық материалдармен және фактілік материалдармен танысып, талдау жасады; Рубиктің текшесін терең зерттей отырып, оны жинағандаға адамның логикасына тигізетін қасиеттерін ашып көрсетті және оны халқымыздың қолдануына жинау ережесін түсіндірді. Негізгі бөлімде текшенің тарихын, түрлерін қарастырады, оны ойлап-тапқан адамның өмірбаяны мен басқа жетістіктерін, Әлемдегі жылдам рекордтарды анықтап жазған Сонымен қатар өзінің жинау уақытын да белгілеген. Осы екі көрсеткіштің айырмашылығына көзі жетіп, өзінің жинау техникасын жақсартуға мақсат қойған. Қорытынды бөлімінде нақты ұсыныстар берді. Жас зерттеуші ғылыми жоба тақырыбының тек спорттық пен матматикалық аспектісін ғана емес, сонымен қатар тарихилық аспектісін кеңінен қарастырды. Болашақта осы мәселенің басқа да аспектілерін ғылыми түрде зерттеуді жоспарлап отыр. Оның бұл ұмтылысына сенім білдіруге болады. Саидулдинов Алибидің ғылыми жобасын дербес ғылыми жұмыс және ізденушінің математика ғылымына қосқан жеке үлесі деп бағалауға, әрі қарай қалалық зерттеу жобаларының байқауына қатысуға ұсынуға болады.

Жетекшісі,

БУГИБАЕВА Ф.Н.

А.Байтұрсынов атындағы

№139 мектеп-гимнизиясының

бастауыш сынып мұғалімі

______________________

Тақырыбы: Рубиктің ойын текшесі ойға жетелейді

Секциясы: Математика, ғылым, техника

Автор: САИДУЛДИНОВ А.Р.

№139 мектеп-гимнизиясының 4 «Ә» сынып оқушысы

РЕЦЕНЗИЯ


Ғылыми зерттеу жұмысында 4 сынып оқушысы Саидулдинов Алиби текшенің шығу тарихын ғана емес, сол текшені жинаудың пайдасын түсіндірді. Келешекте осы текше туралы тақырыпты әлі де зерттей беріп, үнемі дамытып, толықтыруға өзіне мақсат қойды. Тақырыптың өзекті мәселелерді түйіндеп ашты. Кез келген жастағы адамдарды қызықтыратын тақырып болып саналады. Рубик текшесі есте сақтау қабілетін дамытады. Кеңістікте орналасқан түрлі-түсті кубтарды реттеу, орнына қою, белгілі бір алгоритмдерді қолдану арқылы сәйкес келтіріледі. Бұл ойыншықтың түрлі-түсті болуы да оны барша адамдарға тартымды әсер тигізеді. Куб алты түрлі түстен тұрады. Сол әр түстің шашыраңқы, яғни түстердің араласып кеткенін, белгілі бір жүйемен жинау арқылы жүзеге асырылуы логиканы байытады. Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы атауы мен тарихы ашылған. Екінші бөлімінде қызықты деректерді көрсетілген, текшенің негізгі түрлері жазылған, қандай зерттеу жұмыстарын жүргізгені туралы да жазылған. Тіпті сауалнама да жүргізіп, қажеттілігін мен дұрыс-бұрыстығын анықтады. Үшінші бөлімінде өзінің жинау амалын анық ашып талқылаған. Саидулдинов Алиби бұл зерттеу жұмысын дүниетану, математика мен денешынықтыру сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Автордың тілі жаттық, сөз қоры мол. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған, жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.



Жандарбек Н.Ж.,

шахмат жаттықтырушысы _______________________





© 2010-2022