Малдың төлін сүюі Сауат ашу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: Сауат ашу

Уақыты: 30.01.16ж.

Кабинет:№21

Мұғалім:

Смайлханова Ғ.И.

Сабақтың атауы

Малдың төлін сүюі. Жуан және жіңішке айтылатын сөз.

Мақсаты күтілетін нәтижеге бағытталған:

Оұушылар жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы біледі. Төрт түліктерді бір- бірінен ажырата алады.

Оқушылардың сөздік қоры дамиды, логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Оқушылар ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Көрнекілігі:

оқулық, қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:

көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге берілген тапсырмаларды талдау, мәтінді оқыту

III. Мақсат қою кезеңі: Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс

болдық, кім айтады?

Мағынаны тану

IV. Жаңа сабақ Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «малдың төлін сүюі» оқулықтан дауыстап оқимын. Тақтада екі шумақ өлең жазылған плакат

39-жаттығу (ауызша) Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай айтылады? Жуан ба? Жіңішке ма?

ЕРЕЖЕ. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады

Дәптермен жұмыс.

40-жаттығу. Өлеңді оқып жуан айтылған сөздерді теріп дәптерге жазу.

Маған, қолғап, қой, қалпақ

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс

(Тақтаға әр түліктің суретін іліп, олардың төлдерін қалай атайтынын сұрай отырып, өлеңмен таныстыру.) Өлеңді тізбектей оқыту.

Малды құрметтеу қажет екені туралы түсінік

VI.Жаңа сабақты қорыту. Төрт түлік мал туралы білген болсақ , ендеше олардың төлдерін топтастырайық.

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқып келу 44-45 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Малдың төлін сүюі Сауат ашу Малдың төлін сүюі Сауат ашу

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Күн: 30.01.16ж. Пәні: Өзін- өзі тану Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін Сабақтың мақсаты: Білімділік: қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу Дамытушылық: адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту Тәрбиелік: қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбері «Отбасымыздың дәстүрлері» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеп беріңдер. Адамның жақсы қасиеттерінің бірі - өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бір-бірін сыйлап, қамқорлық жасаулары керек. Қамқорлық Бабамнан басталар, «Өз жұртым» мыналар: Ең жақын адамдар - Әкем мен Анам бар. Әкемнің әкесі - Ақ басты Атам бар. Әкемнің шешесі - Ақ шашты әжем бар. Әкеге мен - бала, Атаға - Немере. Немере баласы - Болады шөбере. Шөбере баласы - Шөпшек деп аталар. Шөпшектің баласы - Немене саналар. Осы ұрпақ жалғасы «Жеті ата» бола алар. · «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер? Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл. Халық даналығы Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беріңдер. Өздерің қандай бата-тілек білесіңдер? Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол.
Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын.
Балаларымыз қуаныш әкелсін, немерелеріміз жұбаныш әкелсін. Ата-тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі. Жеті ата: 1. ата 2. әке 3. бала 4. немере 5. шөбере 6. шөпшек 7. немене Мен әдепті баламын Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, Мінезімнен теріс қылық таппайды. Ал егер сен жалқау болсаң тілазар, Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. Қайырмасы: Айтқан тілді аламын, Айтқан жерге барамын, Мен әдепті, мен әдепті баламын! Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең, Қашанда мен үлкендерге жол берем. Абайсызда қалса біреу сүрініп, Сол заматта сүйеніш боп қол берем. Тілін алып кішінің де кәрінің, Көңілінен шығып жүрмін бәрінің. Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды, Әдептілік белгісі деп таныдым. ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Оқушылардың еңбегін мадақтау.



© 2010-2022