Ашық сабақ Ата-ананы құрметтеу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Әдебиеттік оқыту

Сыныбы

2 «a»сынып

Уақыты


Сабақтың тақырыбы:

«Ата-ананы құрметтеу туралы»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:

ә) проблемалық

б)комуникативтік


а) білімдік: Қабуснамадан келтірілген үзіндіні дұрыс, түсініп оқуға үйрету.

ә) дамытушылық: сауатты, жүргізіп оқуын, тілдік қорын дамыту.

б) тәрбиелік: ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, көңілін таба білуге, ренжітпеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педаго-гикалық технологиялар:

Дамыта оқыту, білім беруді ізгілендіру

Сабақтың әдісі

сөздік.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану,қазақ тілі

Оқыту құралдары:

Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер, автордың портреті, сызбалар, плакаттар.

Сабақтың

бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру

бөлім

-Кластың тазалығын тексеру (оқушылардың оқу құралдарын тексеру, кезекшілікті қадағалау,кластың сабаққа әзірліктерін тексеру)

-Амандасу.

-Түгендеу.

-Кезекшілер міндетін атқарады. Сабаққа дайындалады.

-Амандасады.

-Сабаққа зейін аударады.

Амандасады.

Кезекші өз міндетін атқарады.Зейіндері сабаққа ауады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Үй тапсырмасы тексеріледі.

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»»әңгімесі.

Жеті ата туралы жазып келу.


-Үй тапсырмасын айтады.


Үйге өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

IІІ.Жаңа материалды меңгерту.


Кабуснама - ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі - Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.
2. «Қабуснамадан» келтірілген үзіндіні тыңдайық.
(Мәтінді диктофоннан толығымен тыңдату)
Қайқаус
Ашық сабақ Ата-ананы құрметтеу

Ата - ананы құрметтеу туралы

Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой. Не үшін ата - анамды құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата - анаңды құрметте. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды.

Сөздікпен жұмыс:

Перзент-бала

Парасат-сапа,ақыл-ой

Қаяу-реніш

Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,әр бөліктің шегін тауып оқы:

1.Ата-ананы құрметтеу.

2.Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.

3.Сен ата-анаңа не істесең,саған перзентің де соны жасайды.

Осы бөліктердің біреуін қалауыңша жаттап ал.

Түсініп оқы:

Құт-береке-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат

Бұл кімнің сөзі?Есіңе түсір.


Балалар кітаппен жұмыс жасайды.

Кабуснама - ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі - Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.

Кітаппен жұмыс

Ата - ананы құрметтеу туралы
Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой. Не үшін ата - анамды құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата - анаңды құрметте. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды.


Балалар сөздерді дәптерлеріне түсіреді.

Сөздікпен жұмыс:

Перзент-бала

Парасат-сапа,ақыл-ой

Қаяу-реніш


  1. Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің.

  2. Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің.

  3. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды.

Түсініп оқиды.

Құт-береке-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат


Кабуснама туралы толық мәлімет алды.Кітаппен жұмыс жасалды.


Балалар мәтінді оқып,ата-ананы құрметтеу керек екенін түсініп,талдай білді.




Сөздікпен жұмыс болды,дәптерлеріне жазып алынды.

Мәтінмен жұмысты талдап,әр бөліктің шегін тауып,оқыды.


Оқушылар кітапта берілген өлеңнің авторын таба білді.

4)Сергіту сәті

Ашық сабақ Ата-ананы құрметтеу


Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Балалар мұғаліммен бірге орындайды.


Оқушылар ойлау қабілетінің варианттарын дамытады.

Мұғаліммен бірге айтады.

5.Жаңа материалды бекіту

Әр жұпқа жеке-жеке тапсырма беру
1)Үлкен адамға ... деп сөйлеу керек.
2)Бәрі таппаған ақылды ... Табады
3)Әкенің әкесі ...
4)Әкенің шешесі ...
5)Апаның тілін алатын бала
... ... болады
6)Әжетайым деген сөз қай мәтінде кездеседі?
7)Апаның тілін алмайтын бала
... болады
8)Жеті атасын білмеген ...

Әр жұпқа жеке-жеке тапсырма беру
1)Үлкен адамға .сіз.. деп сөйлеу керек.
2)Бәрі таппаған ақылды .кәрі.. Табады
3)Әкенің әкесі .ата..
4)Әкенің шешесі .әже..
5)Апаның тілін алатын бала
...қандай ... болады
6)Әжетайым деген сөз қай мәтінде кездеседі?
7)Апаның тілін алмайтын бала
... болады
8)Жеті атасын білмеген жетесіз.


Сабақты бекіту мақсатында қойылған сұрақтарға қатесіз жауап береді.Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендерін білдіреді.Жаңа тақырыптың маңыздылығын түсінеді.


6.Үй тапсырмасы.

Бағалау.

Ашық сабақ Ата-ананы құрметтеу

Үйге тапсырма:

Ата - ананы құрметтеу туралы.эссе


Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. Күнделіктеріне баға қойғызады. -Сау болыңыз!

Бағалау бойынша оқушылардың деңгейлері анықталады.

Ашық сабақ Ата-ананы құрметтеу

© 2010-2022