Мектеп. Сынып. Оқу құралдары. Сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Сынып.Оқу құралдары. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: 1. Айналамен таныстыру. Мектеп, мұғалім, оқушы ұғымдарымен таныстыру. Оқу құралдарымен таныстыру. Сөйлем туралы түсінік беру.

2. Ой-өрісін, тілін дамыту. Танымдылық қабілетін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Сөйлем құрауға үйрету.

3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сынып ішіндегі жиһаздар. Оқу құралдары.

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІII. Жаңа сабақ.

а) Сұрақ-жауап әдісімен білімін тексеру.

- Балалар, біз қайда келдік?

-Біз мектепке келдік.

- Мектепке не үшін келдік?

-Оқып, білім алу үшін.

- Біз қазір қайда оқимыз?

-Сыныпта.

- Сыныпта нелер бар?

- Сынып іші қандай?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру.

Дәптер, қалам, сызғыш, өшіргіш, пенал, портфель, бояу т.б.

-Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс жүргізу.

ІV. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

-Балалар, кәне, кім оқу құралдарын атап береді?

-Дәптер не үшін керек?

-Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?

-Пенал деген не?

-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?

-Бояумен не істейміз?

V. Бекіту кезеңі.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

V. Қорытындылау.

-Оқушы мектепте не істейді?

-Оқу құралдары - сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.



© 2010-2022