Отан ашық сабақ 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж.Әбдірашев «Отан» .Тасымал.

Сабақтың тақырыбы: Ж.Әбдірашев «Отан», жаттығу жұмысы
1.Сабақтың мақсаты: өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын
ашу.Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылығы: өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау,ойын тұжырымдау қабілетін,мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
3.Тәрбиелілігі:Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуді үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі:ойын плакаты,қима материалдар,слайдтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
1.сәлемдесу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.
2.Қайырлы күн ,достым

Бүгінгі күн,міне

Сәттілікке толсын,

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын.

II.Үй тапсырмасын сұрау

А)«Сен бақытты ұлансың» өлеңін жатқа айту.

Ә)-Өлең неше шумақтан тұрады?

-Әр шумақта неше жол бар?

-Өлеңде кім туралы айтылған? 1 слайд

-Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтады?

-Кім өзінің атасы,әжесі, анасы,...туралы айтып береді?

-Өлеңде қай сөздер қайталанады?

-Неліктен деп ойлайсың?

-«Сен бақытты ұлансың». Осы сөзбен келісесің бе?

Б) - Балалар, қазақ тілінде біз қандай тақырыпта жұмыс істеп жатырмыз?

- Сөздерді қандай жағдайда тасымалдаймыз?
-Тасымалдау кезінде қандай тыныс белгіні пайдаланамыз?

-Қандай сөздер тасымалданбайды?

-Ендеше,осы өлеңдегі тасымалданбайтын сөздерді атап беріңдер.

-Ал енді, 1қатар- жүрегің 2слайд

2қатар-аспаның

3қатар-қарындасың сөздернін қалай тасымалдауға болатынын айтып беріңдер.

В) сергіту сәті 3слайд

III. Жаңа сабақ
1.Есептерді шығарып,тақырыпты анықтау 4слайд

7-4-н 3+5-о 9-2-т 5+4-а

8 7 9 3

О Т А Н

2.-Отан сөзін қалай түсінесіңдер?( Топтастыру ) 5слайд

-Отан сөзін кім орысша,ағылшынша айта алады?

-Еліміз қай жылы тәуелсіз мемлекет болды?

-«Тәуелсіз»дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бас қаламыз ? Елбасы кім?

-Рәміздерін ата.

-Жері туралы не айтар едің?

-Табиғи байлықтары?

3.- Сендердің айтқандарыңды мына видеомен толықтырып жіберейік. 6слайд

4. -Бүгін біз Ж.Әбдірашевтың «Отан »өлеңімен танысамыз және тасымалға байланысты тапсырмалар орындаймыз.

5.Автор туралы ақпарат беру. 7слайд

Бұл өлеңнің авторы - Жарасқан Әбдірашев атамыз. Ол - қазақ халқының ақыны. Атамыз балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған.
6.Өлеңді жатқа оқу -мұғалім.

7.Мәтінмен жұмыс

-Неліктен Отанды «Атамекен«дейді?

-«Ер азамат атан» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ақын отанымен мақтанады.Ал сендер ше?

8.Өлеңді кезекпен оқып жіберейік.

9.-Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

10.Дәптермен жұмыс 73 жаттығу

11. «Сөздерді тиісті үйге орналастыр» ойыны.

Қ-ант,а-ю,жаңал-ық,ме-ктеп,дәрі-гер,ер-тегі,жа-палақ,қарын-дас,асх-ана,дом-быра.

12.Шығармашылық тапсырма

А) Берілген сөздер мен суреттерден «ОТАН» тақырыбына қатыстыларын жинау.

Ә) ОТАН тақырыбына мәтін құру.

Б)-Неше сурет пен сөз жинадық?(7)

-7 қандай сан? 7санына қатысты не білесіңдер?

В) ОТАН туралы қандай мақал білеміз?

Iv.Қорытындылау. А)Бағалау.

Ә)-Үйге тапсырма
74-жаттығу, «Отан» өлеңін жаттау .

Б) «Отан» әнін айту.

© 2010-2022