Тәрбме сағаты: Наурыз - жыл басы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп: «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММТәрбме сағаты: Наурыз - жыл басы

Мұғалім: Тишкамбаева Анар Канатовна



Қош келдің, Наурыз! Мақсаттары:Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік: Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б. Барысы: а) Ұйымдастыру І. Кіріспе сөз: Мұғалім: - Армысыздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз - көктем мерекесі. Наурыз - жыл басы. Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп. Наурыз - қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.

  • Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай келген, құрметті қонағымыз мектеп директоры Райымбекова Жанар Манатқызына береміз.

Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев. КӨРІНІС 1- Әже: Саумалық, саумалық Наурызымның көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма? Самарқанның көк тасы Жібіде ме көрдін бе?
2- Әже: Иә, көк тас еріді Ескі жыл кетті, Жаңа жыл келді. Ескі жыл есіркей кет. Жаңа жыл жарылқай кел.
3- әже: Алас, алас, Мың бір пәледен алас, Жүз бір қатерден алас. Көзі жаманның көзінен сақта, Тілі жаманның тілінен сақта, Ниеті жаманның ниетінен сақта. Жер - Ана, күш - қуат бере гөр, тәу-тәу! Атар таң, ақ ниет бере гөр, тәу-тәу! Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу! (аластау рәсімін өткізу)
Ортаға жігіттер келеді.
1-жігіт: - Армысыздар ақ жаулықты әжелер, Наурыз мейрамы құтты болсын!
2-жігіт: Бабамнан қалған сөз бар, «Бір тал кессең, он тал ек, Атаңнан мал қалғанша тал қалсын!» деген. Наурыз айында тал егейік.
3-жігіт: Отырғыздым нәл шыбық Сенің атың-Наурызтал Тамыр тартып әуелей бер Мәпелей бер,Наурызгүл.
4-әже: Армысың, қайырымды Күн - Ана Кеудесі түкті Жер - Ана Құт дарып жарылқа (ағашқа ақ бүркиді)
5-әже: - Бұлақ көрсең, көзін аш-дегендей ... Ағың құнарлы болсын, Ақ мол болсын! Суың мөлдір, барар жері мол болсын. (бұлаққа май құйып, бұлақтың көзін ашу)

(Қыздар дабырласып, дүбірлесіп келер) Жігіттер: - Армысыздар сұлу қыздар! Мерекеміздің сәні енді келді.
Қыздар:
-Жігіттер, наурызда сіздерді ұйықтап қалмасын деп, әрдайым көңілді тоқ жүрсін деп, «Ұйқыашар» дәмін дайындадық. Дәм татыңдар.
Жігіттер:
-Бәрекелді, қыздар! Сыйларыңа көп-көп рахмет. Біз де құр алақан келген жоқпыз. Біздің де сыйымыз бар. Сіздердің сезімдеріңізді селтеткізуге жігіттер әрқашан да дайын. Қабыл алыңдар. (жігіттер сыйлық таратады)
3-жігіт келеді: Жекпе-жек арасына кіре алмайсың Қыз дегенде тағы шыдап тұра алмаймын Айтысар қыздар бар ма бұл ауылда Қыздырар жыр додасын оу, ағайын?!
Қыздар -Наурыздың сәнін келтірер Қыз бен Жігіт айтысын бастайық.


АЙТЫС Жігіт: Айтыс, айтыс болады, Шықса ақын теңімен. Наурыз тойын қыздырып, Айтысып көр менімен.
Қыз: Айтыс, айтыс болады, Сөз саптасаң жөнімен Айтыспаспын деп едім, Айтысайын сенімен.
Жігіт: Бір сұлу шыға келді Қорландайын Әрине сіз дайынға біз де дайын. Алла деп, жыр тұлпарды жіберейік. Сөз қылып жігіт пенен қыздың жайын. Қыз: Айтысып бұрын сонды көрмеп ем деп, Ол жағын айналайын қылма уайым. Ақын боп туа қалған кім бар дейсің Айтысып сені қалқам ширатайын.
Жігіт: Қорланжан тап Естайдай болмағанымен Мен дағы білуші едім қыздың жайын. Қыздың бетін кім ашса сол ыстық қой Мен сені ақын қылып шығарайын.
Қыз: Жігіттердің әрс өзі демеу бізге Түсінеді тұңғиық көзімізге Жігіттерден күтеміз ерлік қана Қулық деген жетеді өзімізде Жігіт: Күндіз ойдан, түнде түстен шықпастай қып, Қорлан қыз жүрегіңді дуалайын. Әуелі Қорлан қызды жылатып-ап Соңында құшағыма- ап жұбатайын. Бірге айтады: Келдік бүгін ұлыстың ұлы күні Наурызға, Құтты болсын дейміз баршаңызға! Айтысып біз бүгін бола алмаймыз, Наурызды көппен бірге біз тойлаймыз.

Ән: «Қазақстан» 1 сынып оқушысы.................................................................
Жүргізуші: - Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр атамыз келген екен. Кәне, қарсы алайық.
Қызыр баба: Ау, аман ба, жарандар! Алтын таңға қараңдар: Ерте жайнап атты таң Естіліп тұр шаттық ән. Жұрағатым қуанып, Рахатын тапты жан. Күннің жаңа нұры бар Мұның ғажап сыры бар Халық сүйген мейрам - бұл: Қарсы алайық, тұрыңдар!
(Бәрі орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан жаңа күн - Наурызды қарсы алады...)
Наурыз: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар! Айналайын, балалар! Қызыр баба, аман ба?.
Қызыр баба: Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы ананың, Қуанышы ғаламның Құтты болсын қадамың!
Көрермендер қол соғады Наурыз бас иеді.
Наурыз: Ашық болса күніміз, Ашылады нұрымыз: Бай тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз. Жайнатамын гүл - гүлді, Сайратамын бұлбұлды. Мерейлі жұрт тойласын, Мейрам етіп бұл күнді. Сүтті болсын малымыз!
Қызыр баба: Көп рахмет, Наурыз қызым!

Қызыр баба: Ал, енді мен осы тойға деген өзімнің батамды берейін
Наурыз бата: Әумин! - бата берейін, Жақсылықты терейін. Жаңа жылда жараңдар Үстем болсын мерейің!
Кеңпейілді қазақ елім! Кемелденген ғажап елім! Ұлыс күні құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні, Баянды боп тыныштығы, Әнші құстар баққа қонсын! Алтын табақ аққа толсын! Шаттығының сәтті күнін, Татулықтың тәттілігін, Көрсін ұрпақ қайырымды! Бұлт шалмасын ай - күнімді! Әумин! Наурыз Қызыр баба! Мың жасаңыз. Сізге көп рахмет! Жоғарыға шықсын қонақтар. Келіп тұрған алыстан. Құттықтайды сіздерді, Наурызда бізбен қауышқан. Ал, халайық тұрмайық. Әндетейік шырқайық. Ортамызды ашайық. Думандатып би билеп, Би: «Қазақ биі» қыздар тобы.


Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамын құтты болсын,

Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын

Қош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін жалғапты!

Жылда осылай келе берсін жарасып!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке - бірлік әкелсін!

Наурыз құтты болсын!




© 2010-2022