Құстардың туған жерге оралуы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Құстардың туған жерге оралуыҚұстардың туған жерге оралуыҚұстардың туған жерге оралуыҚұстардың туған жерге оралуыДүниетану. 1- сынып Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Құстардың түрлері жайында түсінік беру, қанатты жануарлар құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемде туған жерге оралуы, құстардың пайдасы, құстарға қалай қамқорлық жасау керектігін меңгерту. 2.Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ойын дамыту , дүниетанмын қалыптастыру,құстар әлеміне деген қызығушылығын ояту.Жаңа технологиялық әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру. 3.Тәрбиелік. Табиғаттың жаршысы-құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Психологиялық дайындық. Біз балдырған баламыз Құстай қанат қағамыз Дүниені аралап, Оқып,білім аламыз.
  • Балалар көңіл-күйлерің қалай?
  • Балалар сабақты бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. (жасырылған құстар суреті бойынша топқа бөлінеді.)
  • Енді балалар сол алған құстарың бойынша топтарыңа барып отыра қойыңыздар.
Оқушылар өз топтарына бары отырып болады.
  • Балалар сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
  • Балалар бүгін біздің сыныпта бір ерекшелік бар. Сабағымызға қонақтар келіпті.
  • Олай болса қонақтарымызға білімімізді ұсынайық.
3 топтың аттары: 1.Қарлығаш 2.Аққу 3.Бұлбұл -Ал енді осы суреттегі құс жайлы не білесіңдер? Сол жайлы айтып кетейікші. Қарлығаш - қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді. Аққу - киелі құс деп саналады. Сұлуды аққуға теңеген. Аққу махаббат пен мейірімділіктің құсы. Бұлбұл - салмағы жағынан 20-25 грамм ғана болғанымен, дауыспен әнші құс.Әншілерді бұлбұлға теңеген.
  • Ал енді балалар өткен сабақты еске түсірейік. (Кубизм әдісі арқылы өткенді пысықтау)
1. Көктемде қандай жануарлар төлдейді? (көктемде сүтқоректілер төлдейді, балалайы, қоздайды, күшіктейді.алғашық кезде балаларын емізу арқылы тек сүтпен асырайды.) 2. Киік қандай жерге лақтайды және лағын қалай атайды? «Құралай желі» деп нені айтамыз? (киік лағын шөбі сирек ық жерге туады, оның лағын құралай деп атайды.) 3. Мал мен жабайы аңдардың тіршілігін әңгімеле? (үй жануарлары арнаулы қорада төлдейді, төлді басқаларынан бағып күтеді. Жас төлді кейде қосымша қоректендіреді.Күн жылыда малды өріске жаяды. Жаңа шыққан көкті жеген мал тез семіреді.Ал жануарлар өздігінен өмір сүретіндіткен оларға азық табу қиындыққа соғады.) (жұлдызша арқылы бағалау) -Өте жақсы балалар өткенге шолу жасадық па?жақсы дайындалып келіпсіңдер, сендердің топтарды смайликтер арқылы бағалаймын. «Ми шабуылы» әдісі бойынша жаңа тақырыпты ашу. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілі -Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді? -Көктем мезгілі -Көктем айларына қандай айлар жатады? -Наурыз,сәуір,мамыр. -Өте жақсы -Ал енді балалар «Көктем» сөзін естігінде көз алдарыңа не елестейді? (Тақтаға жазу)

КөктемҚар ериді Күн жылынады Ағаштар бүр Жарады Жыл құстары келеді?

- Балалар көктем мезгілінде туған жерге жыл құстары қайдан келеді? - Құстар ыстық жақтан келеді. Көктемде қайта оралу себебі - ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп кетеді.Ұрпақ өрбіте алмайды. Сондықтан құстар көктемде қайта өздерінің туған жерлеріне оралады екен. - Ендеше, сол қанатты достарымызды қарсы алайық. Бүгінгі жаңа сабағымыз тақырыбы: «Құстардың туған жерге оралуы» (Мұғалім мәтінді түсндіре отырып, слайдтан құстардың тізбектеліп келуі, балапандарына қамқорлығы, ұя салып жатқандағы көрсетіліп тұрады.) Енді балалар жаңа сабағымызды түсініп болсақ,әр топ осы мәтінді оқып танысайық деп үш бөлікке бөлінген мәтіндерді жұппен оқытамын. Ал енді балалар шаршап кеткен болармыз сергіту сәтін жасап демалып алайық. Сергіту сәті -Енді балалар осы үш топқа тапсырма берейін соған алдымен жұптық сосын топтық жұмыс жасайық. 1 тапсырма 1- топ 1.Көктемде қандай құстар туған жерге ерте оралады? Жауабы: Ең алдымен қараторғай,қарлығаш,сарыалақаз,тына,бозторғай келеді. 2 тапсырма 2- топ 2.Құстар немен қоректенеді? Жауабы: Бұл кезде қорек табу қиын, бұл кездегі құстардың жемі - бунақденелілер мен олардың денрнәсілі.Арасында олар тұмсығына су толтырып келіп, балапандарына су береді. 3 тапсырма 3-топ Тырна ұяны неден жасайды ? Жауабы: Тырна шөп-шалаң, ескі жапырақ немесе мамықтан ұя жасайды. (Топты бас бармақпен бағалау) Ал енді балалар бүгінгі күннің ретін жазып дәптермен жұмыс жасайық. (Күн ретін, сабақ тақырыбын алғашқы келетін жыл құстарын дәптерге жазу) «Кім тапқыр?» ойынын ойнату. (құстар дауысын есту арқылы құс атын табу, смайликтермен бағалау) Бағалау: Бағалау көрсеткіштері бойынша айтып кету Үй тапсырмасын беру. -Балалар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендеріңді, көңіл-күйлерің қандай екендігін білу үшін мына күн , бұлт, жаңбырдың астына өздерінің қолындағы стикерді ұнаған суретке жабыстырамыз. Кезбе микрофон ойынын ойнату. Сұрақтары: 1.Бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен? 2.Бүгінгі тақырып не туралы? 3.Құстарға қандай қамқорлық жасар едің?

© 2010-2022