12. 11-14. 11. 2015 аралығындағы сабақ жоспарлары 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: И әрпі мен дыбысы туралы түсінік беру. Оқушылардың сөздік қорын , есте сақтауын дамыту. И дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып, И дыбысын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі кеспе суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу

Түгендеу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

И әрпі мен дыбысы туралы түсінік беру. Оқушылардың сөздік қорын , есте сақтауын дамыту. И дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып, И дыбысын дұрыс жаза білуге үйрету.

ІҮ. Жаңа сабақ.

а) оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық. Ит пен тиін

-Бұл жылдың қай мезгілі?

Ит ине иек киік тиын тиек Кит инелік шие киім тиін жиека) «Ит» мәтінін оқи отырып, мазмұнын әңгімелету.

б) Жұмбақ шешу. Тікұшақтан аумайды Маса ,шыбын аулайды.(инелік)

в) Инелік сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосқанда Болады екен он саусақ. Жаза-жаза сауағым Әлсіреді шаршады. Оңға, солға бұрамыз, Сосын қайта жазамыз.

Ү. Білімді пысықтау.

Ит - адамның досы деп неге айтамыз?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не істедік?

Қандай әріп туралы білдік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: И әрпін сөз ішінде оқуға, жазуға үйрету , білімін тиянақтау.

Табиғатты қорғауға баулу. И әрпі туралы алған білімін кеңейте түсу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер қалтасы

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.

ІІ.Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-И қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздік диктанты: Ит, ине,ши, би,ай, шай, май, той, қой.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

И әрпін сөз ішінде оқуға, жазуға үйрету , білімін тиянақтау.

Табиғатты қорғауға баулу. И әрпі туралы алған білімін кеңейте түсу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту.

ә) «Итмұрын» мәтінін оқи отырып. мазмұнын әңгімелету.

в) Ителгі сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосқанда Болады екен он саусақ. Жаза-жаза сауағым Әлсіреді шаршады. Оңға, солға бұрамыз, Сосын қайта жазамыз.

Ү. Білімді пысықтау.

г) Буын --- сөз --- сөйлем --- мәтін Сөйлем неше сөзден құралған?

Итмұрын орманда, тауда болады. Ол адамға шипалы.

ғ) Тақтаға сөздер жазып жаттығу. Ирек, сирек, киік, биік, кимешек.имек, иман,

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

Балаларға өз аттарын жазғызу.

Айбатбек, Данабек, Шахноза, Нұрбек, Қазыбек

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не істедік?





Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 13.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Көркем етіп жазуға үйрету. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу.

Сабаққа зейінін аудару.

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.

ІІ. Білімді тексеру.

1)И дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

З дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Көркем етіп жазуға үйрету. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Зығыр, зырылдауық сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.

ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.

б) З-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-З з Жазба түрі-Зз

в) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.таза зығыр жалбыз қобыз тазы қызыл қарбыз, тоғыз қозы, қымыз ,жұлдыз,сызғыш.

г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау

Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосқанда Болады екен он саусақ. Жаза-жаза сауағым Әлсіреді шаршады. Оңға, солға бұрамыз, Сосын қайта жазамыз.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

1. Мәтінді тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру.

3.Әңгімелету.

4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.

5.Тақтамен жұмыс:

Ауа таза. Еркін мұз айдынына барды. Ол сырғанақ тепті.. З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.

ҮІ. Сабақты қортындылау:

Бүгін қандай әріппен таныстық.?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 14.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: З әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға, сөзді , сөйлемді дұрыс жазуға баулу. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Салауаттылыққа баулу. Алған білім-білік дағыдысын шыңдай түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу.

Сабаққа зейінін аудару.

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.

ІІ. Білімді тексеру:

1) З дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

З әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға, сөзді , сөйлемді дұрыс жазуға баулу. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Салауаттылыққа баулу. Алған білім-білік дағыдысын шыңдай түсу.

ІҮ.Өткен сабақты пысықтау З әрпіне байланысты берілген сөздерді, мәтінді оқыту.

Ү. Білімді тексеру.

1. Зығыр қайда өседі?

2.Зығырдан не алынады?

3. Әңгімелету.

ҮІ. Жаңа сабақ:

1. «Мұз айдыны» мәтінін оқыту.

2. Сұраққа жауап алу
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосқанда Болады екен он саусақ. Жаза-жаза сауағым Әлсіреді шаршады. Оңға, солға бұрамыз, Сосын қайта жазамыз.

ҮІІ. Жаңа білімді тексеру.

Алматы маңында қандай мұз айдыны бар?

Ол қай таудың баурайында орналасқан?

Зада мен Зере қайда барды?

Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену. Буын диктантын жазғызу.-зы,- қар,- ғыр,-жал,-жұл,- быз, -дыз,- уық,- рыл,- ғыш, -са,- сыз,- ғыз.

ҮІІІ. Сабақты қортындылау:

-Біз қандай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?

-З қандай дыбыс?

-З сөздің қай буындарында жазылады?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 12.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1санын қосқанда сол саннан кейінгі, азайтқанда сол санның алдындағы сан шығатынын түсіндіру. Ұқыптылыққа баулу. 1-10 нумерациясы бойынша балалардың алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 1-ді қосу, азайту кестесі.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

1санын қосқанда сол саннан кейінгі, азайтқанда сол санның алдындағы сан шығатынын түсіндіру. Ұқыптылыққа баулу. 1-10 нумерациясы бойынша балалардың алған білімін дамыту.

ІІІ.Жаңа сабақ:

а) Біз бірден онға дейінгі сандарды, 0 санын оқып үйрендік.

Ол сандардың әрқайсысын қалай шығарып алатынын білеміз.

1+1=2 2+1=3 3+1=4 4+1=5 5+1=6 т. б.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Демек,1-ді қосқанда, сандар қатарындағыкелесісанды,азайтқанда сол санның алдындағы санды шығарып аламыз.

10-1=9 9-1=8 8-1=7 7-1=6 6-1=5 5-1=4 т. б

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

1. Cандарды салыстыру:

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0

2. Жоқ сандарды тауып жаз.

3: Сандардың қосындысын табу.

10=1+9 9=8+1 8=7+1

7=6+1 6=5+1 5=4+1

4=3+1 3=2+1 2=1+1

Шығармашылық жаттығу 3 * 2>4

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта нені білдік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 13.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы 2 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру. 2-ні азайту. 1 сан аттап қосу мен азайту екенін ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілік: кеспе сандар , ертегі кейіпкерлері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, қажетті құрал жабдықтарын алу.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ. Өткенге шолу

Үйге берілген тапсырманы пысықтап, талдау.

ІІІ. Білімді пысықтау.

1 сан атап санау, тура, кері санату.

0,2,4,6,8,10 10,8,6,4,2,0

ІҮ. Мақсат қою.

Санға 2-ні қосу кестесімен таныстыру.

10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру. 2-ні азайту. 1 сан аттап қосу мен азайту екенін ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ү. Жаңа сабақ

1 Санға 2-ні қосу , азайту кестесін құру

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

№2

5+2 4+2 3+2

7-2 6-2 5-2

№3

0 2 4 6 8 10 10 8 6 4 2 0

№4

Кесінді сыз -4 см (2 см арттыр)

6см кесінді

2 см кеміт

Түсінгенін тексеру

  1. дәптермен жұмыс

  2. 2. Қосу кестесін жазу.

1+2=3 3-2=1

2+2=4 4-2=2

3+2=5 5-2=3

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

ҮІ. Бекіту

1 шаршы қалатындай таяқшаны алу.

ҮІІ. Қорытындылау.

-2 санының құрамы?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 13.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : Қайың түбірін жасау

Сабақтың мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс -тәсілінмен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс -тәсілінмен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Қайың түбін мүсіндеу. Мұндай ойыншықтарды ермексаздан немесе саздан мүсіндеуге болады.

1-суреттегі ойыншықты дымковтық ойыншық деп атайды.

1) Бұғы бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.

2) Дайын болған ойыншықты бор ертіндісімен тегістеп сылаңдар.

3) Оған сүт араластырыңдар.

4) Ақ бояу мен ПВА желімін қосып ойыншықты бояуға болады.

5) Ойыншыққа лак жағыңдар.

12.11-14.11.2015 аралығындағы сабақ жоспарлары 1 сынып

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:

-Бұғы бұзауының мүйізі қандай?

-Қашақанның ше?

-Бұғы бұзауының әшекейіне назар аудар?

Ү.Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 14.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кесе мүсіндеу

Сабақтың мақсаты: ыдыстарды таныстыра отырып, оларды сомдап үйрету, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту, еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Керекті құрал-жабдықтар: Желім, тақтайша

Көрнекілігі: Үлгі шаблон

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Балалар, бүгі сабағымыз көңілді сәтті өту үшін мына өлең шумақтарымен бастайық.

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең - еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ермексаздан құлынды мүсіндеу.
Балалар біз құлынды тұтас ермексаздан жасап, оның құйрығымен жалын жеке жапсырдық. Балалар сендерге жеке жапсырған ба, әлде тұтас жасаған ба, қайсысы ұнады?
Бір - екі бала қалай жасағаны туралы айтады.
Туған баласын түліктің төліне теңеу қазаққа тән қасиет. Ата - ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнелеген.
- Құлын ненің төлі?
- Жылқының төлі.
- Жылқының бізге қандай пайдасы бар?
Еті - жесең тамақ, қазы - қарта, жал - жая тәрізді ұлттық тағамдарымыз әзірленеді. Қымызы ішсең шипалы сусын. Ол өкпе ауруына ем. Жылқыны жасына қарай: 1 жаста - құлын, 2 жаста - тай, 3 жаста - құнан, 4 жаста - дөнен, 5 жаста - бесті деп атайды екенбіз.
Балалар енді, мына сөз жұмбаққа назар аударып шешіп көрелік.
1. Биеден алынатын сусын қалай аталады?
2. Жылқының жасына қарай аталуының бірі.
3. Ата - ананың баласын еркелетуі.
4. Қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс.
Балалар ортада қандай сөз шықты?
- Ыдыс
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз ыдыс жайында болмақ.

III. Жаңа сабақ
Ата - бабалар мен шеберлер асқа пайдаланатын ыдысты тек таза заттардан, яғни емен, қайың, арша, алтын, күміс сияқты металдардан ғана жасаған. Ағаш ұсталары ыдыс - аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды..
Жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Балалар мен сендерге ыдыс - аяқтар туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр, қане мұқият тыңдаймыз.

ІҮ Тәжірибелік бөлім

Қазіргі заман талабына сай ермексазбен жұмыс істегенде ережеге көп көңіл бөлу керек.

1) Ермексаздың дәмін татуға болмайды!

2) Кір қолмен көзді уқалауға болмайды!

3) Барлық құрал-саймандардың үшкір екендігі есіңде болсын!

4) Жұмыстың соңында қолыңды міндетті түрде сабындап жу!

12.11-14.11.2015 аралығындағы сабақ жоспарлары 1 сынып


Ү. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы тексеру.
- Ыдыс - аяқтарға нелер жатады?
- Адам өмірінде ыдыс - аяқтардың қандай пайдасы бар?
- Ермексаздан не жасап үйрендік?
- Қалай жасадық?
- Мүсіндеу мен сомдаудың бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 14.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбері Кешірім - ізгіліктің белгісі Халық даналығы Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады. Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды. Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады. Суреттерде берілген жағдаяттарды сахналап көрсетіңдер және талдаңдар. ¯ Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті... ¯ Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті... ¯ Дәулет сабаққа кешігіп қалды... ¯ Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті...
Автобуста Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік. - Мұнда отырыңыз, - деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды. - Рақмет, балалар, - деді анам отырып жатып. - Апа, рақметті не үшін айттыңыз? - Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады Кешірім жасау: 1) татуласуға бірінші қадам жасау; 2) кішіпейіл болу; 3) қателікті мойындау; 4) өзара түсінісу; 5) ренішті ұмыта білу. Күн күледі Сөзі Қ. Толыбаевтікі Әні И. Нүсіпбаевтікі Қызғалдақтар қырда тұнып, Жайқалады ырғатылып. Анамыздай мейірлі Күн Аймалайды шыңда тұрып. Қайырмасы: Ала таңнан оянамыз, Күнмен бірге қуанып. Біз ауылға ораламыз, Құшақ-құшақ гүл алып. Жалбыр шашы - гүл жібегі, Жайнаң қағып Күн күледі. Кешке дейін бізбен бірге, Күлім қағып бір жүреді. Қайырмасы. Алау оты шоқтай жайнап, Бетімізден өбеді. Шапқылайды алақайлап, Бізді жақсы көреді. ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 14.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Артық затты тап Сабақтың мақсаты: Зейінді жаттықтыруға тапсырмалар орындау, көргенін есте сақтау арқылы орындауға үйрету. Логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: санау материалдары Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ. Білімді жан-жақты тексеру « Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау Ми гимнастикасы.
Ширату Қойдың иесі-........................Шопан ата Ешкінің иесі-::::::::::::::::: Сексек ата Жылқының иесі-....................Қамбар ата Сиырдың иесі-........................Зеңгі баба Түйенің иесі-............................Ойсыл қара
Ү. Жаңа білімді меңгерту
№ 1 Сөздерді мұқият тыңдау, ұ дыбысы бар сөздерді жазу. Қаз, ұшақ түс, ұя, мысық, тау, алмұрт, балық, құлын, тымақ.
№2 Үстелдің үстінде қалам, қарындаш, сызғыш, кітап, дәптер, бор, газет, журнал жатыр. Сапар осы заттардың ішінен бір затты басқа затпен алмастырды. Сонда үстелдің үстінде журнал, сызғыш, кітап, күнделік, газет, дәптер, қалам,қарындаш жатты. Сапар қандай затты немен алмастырды? Жауабы: Борды күнделікпен алмастырды.
Көңілді үзіліс. Әжем жиі сауады, Боз биені баяғы. Сүті неткен көп еді, Суалмай-ақ келеді.
№3 Кестеде 1 ден 20 ға дейінгі сандар жазылуы тиіс. Сан жиырма ал торкөз 16. Кестеде жазылмай қалған санды тап. Жауабы: 5,7,18,20. 6,14,17,19 6,11,15,16
№4 суреттен 1,2,3,4 пішінднрді тауып, орналасуын түсіндіру. А у қ т н ы р л д Жауабы дуал- 9218 Анар - 1 5 1 6 Дана- 91 5 1 Көзге арналған жаттығулар.
Графикалық диктант Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға жоғары, 2тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 3 тор қиялап солға төмен, 6тор оңға, 4тор төмен, 6 тор солға, 4тор жоғары.
ҮІІ. Білімді бекіту. Сабақты қорытындылап шығу, басынан бастап өткенді қайталап шыға отырып, балалардың есіне түсіру.




12.11-14.11.2015 аралығындағы сабақ жоспарлары 1 сынып

© 2010-2022