Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты: 8 саны мен цифрымен , оның сандар құрамындағы орнымен таныстыру. Оқушыларды 8 санын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың типі: Ойын , аралас сабақ.

І Ұйымдастыру мезеті: Көңіл - күй ахуалы, ынталандыру.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Білімді еске түсіру, қайталау.

Ойын. «Орманға саяхат»

  • Балалар сендердің қазір алысқа сандар орманына саяхатқа барғыларың келе ме?

  • Олай болса, орманға тез бару үшін қандай көлікке отырайық? Машинаға бәріміз сыймаймыз. Атқа отыру үшін бізге көп ат керек, Неге отырсақ екен?

  • Иә, балалар пойызға отырып барайық. Пойызға отыру үшін бізде оған отыруға рұқсат қағаз , билет болуы керек. Билет ақшаға сатылады. Біздің ақшамыз жоқ. Сондықтан пойызға отыру үшін біз мына тапсырманы бәріміз бірге орындайық.

  • Алғашқы аялдама «Касса» аядамасының тапсырмасы:

  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары1-ден 7-ге дейін реттік санау. Әр цифрлардың орнын ауыстырып , сол санның көршілерін атату.

  • Міне балалар біз пойызға отыруға билетімізді алдық. Енді пойызға отырғызу басталды. Біз орманға саяхатқа баламыз.

  • Кезекті «Қамқоршылар» аялдамасы. Кәне бұл үйде тұратын сан қандай сан екен, кім айтып жібереді?

  • Көршілері бар ма екен?

  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспарыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

  • Мұнда көршілері тауық пен әтеш тұрады екен.

  • Біз айналамен таныстыру сабағында танысқанбыз, тауық пен әтеш қандай жануарларға жатады?

  • Олар немен қоректенеді?

  • Қалай дыбыстайды?

  • Жақсы тауық пен әтешті риза қылу үшін олар туралы қандай тақпақтар үйреніп едіңдер?

  • Кәне кімнің есінде бар? Тақпақты аяқта:

  • Нан қоқымын шашпаңдар

  • Жерде жатса баспаңдар

  • Жинап алып қастерлеп

  • Тауықтарға тастаңдар.

Жақсы балалар келесі аялдамаға пойыз жүреді, кәне түзу отырып, дайындаламыз! Тук-тук, тук-тук....кккккк

Кезекті «Жаңылтпашшылар» аялдамасы.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспарыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

-Міне, балалар мына үйде қандай сан тұрады екен? 3 санының көршісі қандай хайуанат екен?

Ол қалай дыбыстайды? Нені жақсы көреді?

Иә, 3-ші үйдегі мысықты да қуантып, ол туралы тіл дамыту сабағымызда өткен жаңылпташты жалғастырайықшы.

Пеш үстінде 5 мысық

Пеш ішінде 5 мысық

5 күзетші

5 мысық

Жақсы, мысық сендерге риза болып қалды.

Келесі «Сиқырлы әріптер» аялдамасы. Мұнда қандай сан тұрады екен?

Ол үйде орманның батыры ерке аю тұрады екен.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспарыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Аю орманды күзетеді. Ары қарай орманға бару үшін біз аюға көмектесуіміз керек. Аю көп әріптерге тілі келмейді екен. Аю туралы мазақтаманы кім жалғастырады?

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

А - дейді

Т- дейді

Р-ға тілі келмейді.

Аюға тағы өзіміз білетін әріптерді айтып жіберейікші.

Мынау А,Т,П,Н,Р, Ш,У,Ғ, О, Қ, Д,

Келесі «Есепші қоян» аялдамасы. Онда қоян тұрады екен.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспарыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Бұл үйде орманның қиялшылы қоян батыр тұрады екен. Қоян туралы қандай ән үйреніп едік?

Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды Қиығын сап көзінің

Ойлы-қырлы жерлерден Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып жүгірді Көжегі екен өзінің.

  • Жарайсыңдар балалар, енді қоянның басы қатып, үйге берілген есепті шығара алмай отыр екен, көмектесейік пе?

Келесі «Ертекшілер» аялдамасында орманның ең ызақор, қатал аңы қасқыр тұрады екен.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспарыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Балалар қасқыр аушулы екен, оны алдап , қашып кетпесек болмайды.

Кім «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақтың қасқырға айтқан әнін біледі, айтып жіберейікші.

Атамнан құтылдым,

Апамнан да құтылдым.

Қояннан да құтылдым

Енді сенен құтылу оңай.......

Келесі «Тіл шебері» аялдамасында орманның ақылды хайуанаты орман патшасы -арыстан тұрады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспарыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Арыстан мақал - мәтелдер, тақпақтар , жұмбақтар айтсаңдар орманға тағы да келуге рұқсат етеді.

Сергіту сәті: «Балдырғандар» әні мен би қимылдары.

Келесі ең соңғы үйде сендер бүгін танысатын сан тұрады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Балапанның №2 дәптерімен жұмыс.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Бекіту

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақ жоспары

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды бағалау, мадақтап, жұлдызшалар беру.

Рефлексия:

8 санын тақтаға кім жазып бере алады?

8 санына сәйкес наше санағыш алуға болады?

Туғанбаева Анар Бидахметқызы

ШҚО

Тарбағатай ауданы

Құмкөл ауылы

«Сасан би атындағы орта мектеп»КММ

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі



© 2010-2022