Дүниетанудан ашық сабақ жоспары: Менің үйім 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің үйім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жауапкершілікке үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар жауапкершілікті сезінеді.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық «Тілек шеңбері»

Оқушыларды бір -бірінің артына шеңберге тұрғызып, би билету. Әуен тоқтағанда қолындағы стикерді алдындағы оқушының арқасына қойып, қаламмен кез келген сыйлықтың суретін салғызу.Тағы би билету. Әуен тоқтағанда қолындағы сыйлық бейнеленген стикерді алдағы оқушыға сыйлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Отбасы туралы жасап келген альбомдарын көрсетеді

Өз қалауы бойынша 2 -3 оқушы шығып, өз альбомын қорғап береді. Қалған оқушылар өз альбомдарын көрмеге қояды.

ІІІ. Ой қозғау Мультфильм тамашалау.

«Лунтик және оның достары» атты мультфильмді көрсету арқылы тақырыпты ашу.

  • Мультфиль не туралы болды?

  • Олар не іздеді? Не құрды?

  • Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?

ІҮ. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

Ендеше оқулығымыздың 85 бетін ашып, мәтінге назар аударайық. Мәтінді 1 -2 оқушыға толық оқыту. Тізбектей оқыту.

Киіз үй ішіндегі үлестірмелі қағаздардағы сұрақтарға жауап алу.

  • Өз үйің туралы не айта аласың?

  • Өз бөлмең бар ма?

  • Сенің бөлмеңде кім тазалықты сақтайды? Ол дұрыс па?

Аңыз «Көңілсіз ана»

Бір отбасында анасы баласына ақыл айтып жүрді. Біріншіден , анасы баласын өте жақсы көреді. Сол себепті, ол баласына әрқашан да «Әдепті бол!», «Ата - анаңа көмекші бол!», «Үлкендерді сыйла!» деп айтып жүретін. Екіншіден, баласына өз бөлмесінде тазалық сақтауды үйрететін. Бір күні анасы жұмыстан шаршап келсе, баласының бөлмесі шашылып жатады. Баласы әлі де мектептің киімімен жүреді, оның үстіне сол күйінде тамақ ішіп отырады. Мұны көрген анасы көңілсіз болады. Неге көңілсіз деп ойлайсыңдар?

Шыныда да баласының мұндай қылығына қарап анасыныңкөңілі түседі.

  • Ал сендер сол бала сияқты жасайсыңдар ма?

Ендеше, үлкендердің сөзін тыңдамайтын бала әдепсіз бала..

Ү. Сергіту сәті

Таңертең тұрамын

Бетімді жуамын

Айнаға қараймын

Шашымды тараймын

Бөлмемді жинаймын

Үйімді шашпаймын

Өз үйім керемет

Үлкенді сыйлаймын

Дәптермен жұмыс.

Ал , балалар кім өз үйінің мекен жайын біледі?

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Облысымыз қалай аталады?

Ауданымыз? Ауылымыз ше?

СҚО, Уалиханов ауданы

Бидайық ауылы

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға қағаздан қиылған үйдің үлгілері таратылады. Олар сол үйге толықтырулар енгізіп, безендіреді.

Дарынды оқушылармен жұмыс :Сурет бойынша әңгімелеу

ҮІІ. Ой толғау. Жер шары

Оқушылар безендірген үйлерін жер шарындағы қала мен ауылға орналастырады.

Қала мен ауыл үйлерінің айырмашылығ атап өтеді.

ҮІІ. Бағалау Өзін - өзі бағалау

Күн көзіне сәулелерді жапсыру. Ұзын сәуле - өте жақсы, орташа сәуле -жақсы, қысқа сәуле - қанағат.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

«Менің болашақтағы өз үйім» тақырыбына сурет салу

Кері байланыс

Сабақта ұнаса - бас бармақты жоғары көтеру, ұнамаса - бас бармақты төмен қарату.





© 2010-2022