Сынып сағаты Ұстаздық ұлы қызмет

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұстаздық ұлы қызмет.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға ұстаз-екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту. б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.

Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.

Сабақтың көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары, шарлар.

Сабақ барысы:

Оқушы:Балалардың бағы болып басты әні,

Ұстаз елді болашаққа бастады.

Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,

Ашық болсын туған елдің аспаны.

Оқушы:Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,

Арайлап ата берсін таң күліп.

Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,

Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.

Мұғалімнің құттықтау сөзі:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!

Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар

тілейміз.

Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.

Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген -аяулы адам асыл жан,

Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

Оқушы:Армысыздар,мұғалімдер -әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.

Оқушы:Ізгілікті өн бойына жинаған ,

Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.

Қалап берген ірге тасын білімнің,

Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!

Оқушы:Әр жүйенің еңбекте тірегісің,

Тәрбиенің мектепте жүрегісің.

Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ

Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.

Оқушы:

Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие алған,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Ән:Хор. «Мұғалім ол біздің»

Оқушы:Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін-ұстаз.

Оқушы:Анадай бесік тербеткен

Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.

Суарып білім шәрбетпен

Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

Оқушы:Үйретіп өмір ұстазым

Үлгілі іске нұсқадың

Ақкөңіл ,іскер қашан да,

Ақылшым -менің ұстазым!

Оқушы:Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін

Ұстаздық алып жүрген атын еркін

Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз

Жүректің алғысы мен рахметін.

(Өздерінің гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)

Оқушы:

Ұстаз болу -жүректің батырлығы

Ұстаз болу -сезімнің ақындығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Бәрі (Хормен)Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!



© 2010-2022